11
Сонымен “Рухани-адамгершілік құндылық дегеніміз” адамның
өзінің табиғи жаратылысы мен өзін-өзі тану, қабылдау, сезіну арқылы
сарапқа түсіп дамыған, сыртқы ортаның ықпалы нәтижесінде
қалыптасқан, тұлғаның тұрақтылығы мен жетілу деңгейін, қоғамдағы
орнын,
даралық
қасиеттерінің
сипатын
айқындайтын
ішкі
құрылымдық элемент- деп білеміз.
Студенттің рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану
негізінде қалыптастыру үрдісін студенттің бойындағы тұлғалық
өзгерістер және оның өз деңгейін дамыту әрекеттерімен тығыз
байланысты. Өйткені, бүгінгі жаңа қоғамда білім алушы студентке
жаңаша қойылатын талаптар оның жеке тұлғалық қасиеттерін, тек
қана өз басы үшін емес, сонымен бірге өз айналасындағы
жолдастарына, жалпы адамдар үшін үлгі болуын қажет етеді.
Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі
тану арқылы қалыптастыру олардың бойында төмендегі
қасиеттердің пайда болуына ықпал етеді:
-
жаңашылдық, шығармашылық, еңбекқорлық;
-
интелектуальдық сипаты: ой биіктігі мен тіл байлығы, логикалық
өріс-өресі, терең танымдық, өзін-өзі сыни ойлау қабілеті;
-
ашықтық, сабырлылық, табандылық, мейірбандық;
-
өз көзқарасының сипаты: ізгіліктік, сүйіспеншілік, талап қоя
алушылық, көмек көрсетуге даярлық;
-
болашаққа көзқарас сипаттары: өз біліміне, тәжірибесіне, білігіне,
адамгершілік қасиетіне сыни көзқарас, өзінің адами даму сапасына
жоғары талап қоя білу, жауапкершілік, өзін-өзі дамытуға, өздігінен
білім алуға қажеттілігінің болуы;
-
өз мамандығы бойынша студенттер өз бойындағы адамгершілікке
жатпайтын олқылықтарды зерттеп, түзетудің жолын табуға
ұмтылуы;
Осы
орайда
өзіндік
таным
жобасының
авторы
С.А.
Назарбаеваның. “Қазіргі уақытта қоғамдағы балалар мен жас
жеткіншектердің тұлғалық дамуында рухани - өнегелі тәрбиесі,
гормониялық дамуын зерттеу аса қажет” – деп көрсетеді. Бұл орайда
С.Назарбаева қазіргі жастар тәрбиесінде этика, эстетика, рухани жан
азығын өмірге деген көзқарасты өзгертіп, барлығына тек қана
сүйіспеншілікпен, махаббатпен, ізгілікпен қарауға, өзінің ішкі жан
дүниесін өзгерткенде, толықтырғанда ғана ол адамнан жоғары білікті
азамат шығатынын “Путь к себе” еңбегінде көрсетіп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: