29
“сығыр, “түссіз”, “жасқаншақ”, “қомағай”, “өлі қозғалыссыз” көздер
ыза, ашу, нұрсыздық, ойсыздық тәрізді адам жанының ішкі көрінісін
айқындайды. Сондықтан болар, ата-бабамыз: “Көреген болса
балаңыз, күйіңді көзден болжайды” деген. Адамның тәрбиелігі –
оның таза, ұқыпты жүруді түсінгендігімен
ғана емес, осы
қасиеттердің ол үшін табиғи қажетке айналғандығымен өлшенеді –
дейді халық даналары. Ол үшін әрбір тұлға өзінің осы қасиеттерін
терең түсінуі қажет.
Қазіргі ұрпақ тәрбиесінде тұлғаның өзін-өзі тану жолындағы
ізденісі басым. Мәселен, “Мен кіммін”, “Мен қандаймын” Мен
дүниеге неге келдім? Менің өмірім қандай болуы керек? – деген
сұрақтарға жауап беру үшін адам алдымен өзін-өзі тануы арқылы,
өзгеге және өмірге қатынасын айқындауы тиіс. Адам қолымен
жасалатын заттың бәрі оның өзіне қызмет атқарса ғана құндылығын
сақтайды. Ал адамның құндылығы неде?
Оның қабілеті мен өмірде
көздеген мақсаты қалай анықталады?
Әр адам дүниеге келгеннен кейін, өсіп жетіліп, тұлғалық
ерекшелікке ие болады. Оның ерекшелігі, құндылығы – оның
қайталанбас даралық сипатында. Тіпті өмірде егіз туған балалар да
бірдей бола бермейді. Адамның даралық сипаты оның өмірге беретін
үлесімен, сіңіретін қызметімен ерекшеленеді.
Адам өзінің құндылық
сапасын білу үшін өзінің даралық сипатын сақтап, оны жетілдіруі
керек. Адамның даралық қасиеттері оның адамгершілік рухани
құндылық сипатын көрсетеді, сол даралық қасиеті өзгелердің
назарына ілініп, төңірегіндегі адамдар
оны сол адамгершілік рухани
қадір-қасиеттері үшін құрметтейді. Студенттің мінезін дұрыс
қалыптастыру үшін ата-ана, оқытушы студенттің тәндік және жандық
жаратылыстарын ажырата қарастырмай, бірдей ескеруі тиіс.
Отбасында жастардың денсаулығын, материалдық қажеттіліктерін
өтеп, қамтамасыз етеді. Сонымен қатар,
жастардың жандық сипаты,
яғни ішкі “Мен”-нің қажеттілігін қамтамасыз ету көбіне ескеріле
бермейді. Жеке тұлғаның сыртқы бейнесі – тән, ал оның ішкі жан
дүниесі – оның ішкі “Мен”- інің қажеттілігі. Тұлғаның үлгілі-өнегелі
мінезін қамтамасыз ету көбіне ескеріле бермейді. Ал адамды өз
мәнінде танып, онымен дұрыс қарым-қатынас орната білу үшін біз
оның жандық сипатын, яғни даралық ерекшелігін көре білуіміз керек.
Рухани сана тәндік санамен тығыз байланысты. Адам санасы үш
түрлі қызмет атқарады, олар – ақыл-ой, ерік, сезім. Адамгершілік
рухани сананың мақсаты - өмірдің құндылығын түсіну,
ақыл-ой
30
арқылы үнемі шындықты, ақиқатты іздеу; сезім арқылы сұлулықты
сезініп, түсіну; ерік арқылы мейірімділікке, рақымдылыққа ұмтылу.
Адамның қиялы, өзіндік санасы, ар-ұяты, шығармашылық
ұмтылысы бәрі де сананың қызметіне жатады.
Осындай рухани
қасиеттер болмаса, біз кісілік келбетімізді мүлде жоғалтар едік.
Достарыңызбен бөлісу: