Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы оқо бойынша педагогикалық Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты диктант мәтіндерінің жинағЫ



бет12/49
Дата14.10.2023
өлшемі263,9 Kb.
#185477
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
Байланысты:
Диктанттар жинағы

6-СЫНЫП


Газет тарихынан


«Егемен Қазақстан» — мемлекеттік ресми баспасөз құрал. Басылым негізінен ресми ақпаратты, жаңадан қабылданған құқықтық актілерді жариялайды. Газет 1919 жылдың  желтоқсанынан бастап аптасына 5 рет шығарылады. Алғашқы атауы "Ұшқын" болатын. «Егемен Қазақстанның» алғашқы саны 1919 жылдың аяғында Орынборда жарыққа шықты. Соңғы жылдары «Егемен Қазақстан» болып өзгерді.
Бұл газетте қазақ зиялы қауымының негізгі шығармашылығы жинақталған. Олар газетте алғашқы күндерден қазақ зиялыларының мықты шығармашылық тобы жинақталды. Газеттің алғашқы редакторларының бірі Сәкен Сейфуллин болды. Мұнда Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров секілді біртуарлар жұмыс істеді және шығармаларын жариялады.
«Егемен Қазақстан» мектебінен сандаған журналистер өтті. 86 жылдың ішінде газеттің кеңсесі түрлі қалаларда, Орынбор, Қызылорда, Алматы, ал қазір – Астанада орналасқан.
(101 сөз)


Бай мен кедей

Бай мен кедей ұғымы ұзын-қысқа, биік-аласа, жоғары-төмен, жуан-жіңішке деген теңеулерге теліне береді. Екеуі де бір аспанның астында ортақ ауамен тыныстап, бір жердің үстінде жүр. Бай да адам, кедей де адам. Өзімсіне ыңғайласақ, екеуі де қазақ. Бай – Асан, кедей – Үсен. Кедей «бәленше атам бай, түгенше атам батыр, анау нағашым би, мынау туысым шешен болған екен» деп ентігеді. Ал бай ол сияқты ата-тегін түгендемек түгіл, тілін де білмейді. Ұлықбек ақынша айтсақ, «тілін жұтқан тұнжыр!». Сөйте тұра, қарадан шықса да, бай!


Жазғытұрым екеуі де судың ортасында тірлік кешеді. Бірінің суы – тұп-тұнық, екіншісінікі – лай-батпақ. Өйткені, бай тамаша табиғат аясындағы көл-теңіздің қақ ортасында немесе жағасында орналасқан виллада болады.
(102 сөз)


Мамандық таңдау

ҰБТ тапсырмастан бұрын, яғни қазірден бастап қалаған мамандығың бойынша грант иелену мүмкіндігіңді анықта. Өз мүмкіндігіңді айқын бағалай білу арманыңдағы мамандықты таңдауға септігін тигізеді. 


Алдымен мамандықты, соған сәйкес ҰБТ бойынша бесінші пәнді таңдауға кіріс.
Бұл– ең сауатты шешім. Оқуға түсуді емес, бастысы кім болғың келетінін ойлан! Өзіңнің есейіп 25 жасқа келгеніңді елестет. Себебі мамандық таңдау - ол өмірлік таңдау. Өзіңнің қай салада қабілеттілігіңнің бар екенін 40 жасқа келгенде біліп, қайтадан мансабыңның іргетасын салмас үшін қазірден бастап дұрыс шешім қабылдаған жөн.Қызықтырған мамандықтарыңның
тізімін жаса. Ал егер "Алтын белгі" иегері болсаң, онда қалаған мамандыққа түсу мүмкіндігі жоғары. Себебі алдымен гранттар "Алтын белгі" иегерлері арасында байқауға түседі.
(102 сөз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет