39
2.2 Өзін-өзі тану сабағының құрылымдық-мазмұндық аспектліері
«Рухани кәусәр бұлаққа барар жолды іздеу-әр адамның міндеттерінің
міндеті екеніне сенімдімін...» Рухани бастау ол адамгершілік, риясыз
мейірімділік, махаббат, өзара түсінушілік, төзімділік арқылы жүзеге
асырылады. Рухани-адамгершілік-адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет,
жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямау
сияқты жеке қасиеттерін қамтиды. Бір минутқа да күмәнданбаймын: осы бір
болмыстың мәңгілік сұрақтарына жауап беру үшін жалпыадамзаттық
құндылықтарды жаңарту керек, өзінің бастауына оралуы қажет дейді.
Рухани-адамгершілік білім беру үдерісі жүрекке арналған білім, ол
интелектуалдық білімнен айтарлықтай өзгеше. Рухани-адамгершілік білім-
ішкі білім.
Білім өзінің шынайы міндетіне жауап беруі үшін балаларда жас
кезеңінен бастап, ең маңызды адамдық саналарды – адамгершілікті, сүюді,
аяушылықты, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, мейірбандылықты,
шыншылдықты және басқа асыл қасиеттерді дамыту керек.
Қазіргі жағдайда бұл талаптарды жүзеге асырудың мынадай
мүмкіндіктері бар:
Рухани-адамгершілік құндылықтарды кез-келген пәнді оқытудың
мазмұнына енгізу.
Сыныптан тыс сабақтарды баланың адамдық асыл қасиеттерді игеруіне
ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру.
Жеке пән ретінде жүргізілетін сабақтардың бағдарламасына енгізу.
Рухани тәрбие өзінің әрбір құбылысынан алуы мүмкін. Олай болса, кез-
келген оқу пәні балалардың адамгершілігін, жақсы мінез-құлқын
қалыптастыру құралы бола алады.
Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне
аударуға қол жеткізу оңайға түспейді. Балалардың рухани-адамгершілік
тағылымына кері әсер етуші факторлар: жат қылықты жариялайтын
фильмдер, бейнетаспалар және компьютерлік ойындар.
Сондықтан сабақтан тыс кездердегі жұмыстарды ұйымдастыруда
оқытушы барынша тапқырлық танытқаны жөн. Мұндай кездесулерді
оқушылар оларға қатысуға құлшынып тұратындай және оның жалғасын
асыға күтетіндей дәрежеде тартымды етіп өткізу керек.
Сабақтан тыс кезіндегі пікірталас, әсерлі әңгімелер, мұражайға, театрға
немесе классикалық музыка концертіне бірге бару, үйірмелердегі театрланған
сабақтар – осының бәрі рухани-адамгершлік тәрбие үшін таптырмас
құралдар.
Олар білімгерлердің шығармашылығын оятып, жан дүниесімен сезінетін
тамаша ойларға жетелейді. Ал одан тек жағымды қасиеттер туындайтыны
белгілі.
Жалпыадамзаттық құндылықтар білімгерлерге жеке сабақтарда берілуі
мүмкін. Мұғалім әрбір сабақты жан-тәнімен беріле оқытуды, бала жанына
40
әсер ететін құндылықтарды қалыптастыруды өзі үшін заң санауы қажет.
Шын мәнінде жалпыадамзаттық құндылықтар ұғымына енетін өмір
құбылыстарының бәрін сабақтардың кез келгенінде көрсетуге болады.
Сухомлинский айтқан екен: «Дәрігер балаға жақындар алдында қолын
жылыту керек деп, ал мұғалім жүрегін». Сондықтан мұғалімнің бұл
сабақтарға дайындалуына қажетті қайнар көздері өте көп.
Сабақтарда оқушының ішкі жан дүниесін оятудың және дамытудың
тәсілдері:
Достарыңызбен бөлісу: