Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі шымкент қаласының білім басқармасы



бет12/21
Дата07.02.2022
өлшемі214,01 Kb.
#90749
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жағдайды талдау

3.4.ҚР инвестиция заңнамасы
"Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1596 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
«Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлім және Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру бойынша 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары» деген 7-бөлім осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1596 қаулысына
1-қосымша
«5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
5.1. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
1-бағыт. Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту:
ТШИ тарту үшін жағдай жасау;
Қазақстанның инвестициялық имиджін жылжыту;
шетелдік инвесторлармен жүйелі жұмыс жасау;
2-бағыт. АЭА мен ИА дамыту және құру:
АЭА мен ИА инвестициялық тартымдылығын арттыру;
3-бағыт. Экспортты жылжыту:
экспорттаушыларды сервистік қолдау;
экспорттаушыларды қаржылай қолдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет