135
Жылыту жүйесінің тасмалдағыштың жылуы жылыту аспаптар арқылы
бөлмеге беріледі. Кең қолданатын жылу тасмалдағыштың түрлері - су, бу, ауа
оларды көп қайтала пайдалануға болады және қоршаған ортаны ластамайды.
Су
– қысылмайтын сүйық зат тығыздығы мен жылу сыйымдылығы өте
мол.
Судың тығыздығы, көлемі температурасына байланысты өзгереді, ал
қайнайтын температурасы қысымға байланысты.
Бу
– тез жылжитын зат тығыздығы өте аз. Будың температурасы мен
тығыздығы қысымға байланысты.
Ауа
– тез жылжитын зат тығыздығы өте аз және жылу сыйымдылығы
өте аз, ал тығыздығы мен көлемі температураға байланысты өзгереді.
Қолданатын тасмалдағыштың түріне байланысты жылыту жүйелері -
сумен, бумен, ауамен, газбен жабдықтауға бөлінеді.
Санитарлы-гигиеналық талаптары тұрғысынан су тасмалдағыш бөлме
ішінде біркелкі температура қалыптастыруға мүмкіндік береді,
бірақ әр
уақытта тиісті шамадан 1-2
0
С ауытқып тұруы мүмкін, себебі құбырлардың
және құрылғылардың жылулық инерциясы әсер етеді.
Сумен жылыту жүйелері судың температурасына байланысты - төменгі
температуралы (су температурасы <105°С ) және жоғарғы температуралы (су
температурасы > 105°С (150°С–ке дейін)) болады. Қазіргі уақытта сумен
жылыту жүйелері кеңінен таралған.
Бумен жылытқан кезде әр бөлмедегі температура әртүрлі болады,
себебі сыртқы ауаның температурасы өзгерген кезде берілетін бу мөлшерін
де өзгерту қажет, ал бұл үшін будағы қысымды өзгерту шарт.
Қысым
өзгерген кезде будың температурасы шамалы өзгеріске ұшырайды. Осының
барлығы жүйедегі бу қысымын өзгертудің қажетсіздігін көрсетеді. Яғни
бөлмелерде біркелкі температура туғызуға бу онша қолайлы емес.
Санитарлы-гигиеналық талаптарының тағы бірі-ол құрылғының ауа
қыздыратын бетіндегі температурасын шектеу. Бұған себеп – ауа мен
құрылғы бетіндегі органикалық шаң –тозаңның қызған кезде ыдырауы және
бірден буға айналып зиянды заттар шығаратыны.
Мысалы, көміртегінің тотығы (СО) шаң мен бірге 65-70
0
С ыдырай
бастайды да құрылғылар бетінің температурасы 80
0
С жеткенде бұл процесс
өте қарқынды жүреді. Буды пайдаланған
кезде жылытқыш құрылғының
сыртқы бетіндегі температура 100
0
С –дан кем болмайды, яғни гигиеналық
шектен жоғары. Мұның себебі бу конденсатқа айналған кезде
температурасын азайтып отыруға болады.
Санитарлы-гигиеналық талаптары
тұрғысынан ауа ыңғайлы
жылутасымалдағыш болып саналады, себебі бөлме температурасын барлық
жерде біркелкі ысытуға және салқындатуға өте қолайлы.
Ауамен жылыту жүйесінде жылытылған ауа бөлмелерге тікелей тарату
каналдарымен немесе бөлмеде орналасқан жылулық агрегаттар арқылы
беріледі. Жеке бөлмелерге беретін ауа температурасын да реттеп отыру оңай,
әрі жылыту мен бірге желдету мәселелерін шешуге болады.
Магистральды құбырларды тарту орнына қарай жүйелер
былай
жіктеледі: