206
Автоматты спринклерлі жүйелер: сыртқы желі, гидропневматикалық
және арынды бактарын қамтитын субергіштен; енгізу құбырлары, бақылау-
сигналды клапаны; жеткізу және тарату құбырларын қамтитын спринклерлі
желісі, спринклерлі сусепкіштерден (спринклер) тұрады. Бақылау-сигналды
клапаны және құбырлар оның жөндеу кезінде тез ажырататын бөлімін
құрайды.
Температура көтерілгенде ашылып, өрт ошақтарын су сеуіп сөндіретін
спринклерлер жақтау мен розеткалы штуцерден, шыны клапанмен
жабылатын саңылаулы диафрагмадан тұрады. Клапан саңылауға жеңіл
балқитын дәнекермен қосылған үш тілімнен (пластина) тұратын жылусезгіш
құлыппен бекітілген. Өрт туындаған кезде дәнекер жоғары температураның
әсерінен балқиды, құлып бұзылады, судың қысымы клапанды қағып
жібереді, су розеткаға ұрылып, шашырап, 12 шаршы метр ауданға себіледі.
Орнатылған барлық спринклерлердің ішінен тек өрт ошағының үстінде
орналасқан бөлігі ғана ашылады. Оларда су сепкіштер ретінде спринклерге
ұқсас, бірақ клапансыз және жылусезгіш құлыпсыз құрылғы – дренчерлер
қолданылады. Қозғаушы құбырда орнатылған спринклермен басқарылатын
топтық әрекет ету клапанын ашқан кезде тарату құбыры арқылы су
дренчерлерге беріледі. Өрт туындаған кезде спринклер ашылады, топтық
клапан ашылып, барлық дренчер арқылы шығатын су өрт ошағына себіледі.
Қашықтан басқарудың жартылай автоматтандырылған жүйелері адамдар өрт
немесе оның таралу қаупі туындаған кезде іске қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: