Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы абиева г. С., Молдаш ы.Ә., Мауленова б. Т



Pdf көрінісі
бет106/131
Дата19.05.2022
өлшемі12,6 Mb.
#143902
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   131
Байланысты:
143. kz 1403000 слесарь сантехник

4.2.5. Суағарларды монтаждау 
 
 
Суағарларды монтаждау жұмыстарын типтік технологиялық 
процестерді қамтитын және жергілікті жағдайларға икемделген таңдап 
алынған технологиялық сызбаларға сәйкес жүргізуге ұсыныс жасалады.
Суағар құйғыштарын орналастыру орнын белгілеуді толықтай жобаға 
сәйкес жүргізу қажет. Суағар құйғыштардың жобада көрсетілген түрлері мен 
көлемдерін сапалы орнатылады. Суағар құбырларын салу үшін құрылыс 
конструкцияларында барлық саңылаулар дайындалады.
Суағар құйғыштар арасындағы қашықтық 100 метрден аспауы тиіс, 
олардың гидрооқшаулағыш кілеммен түйісуі суөткізгіш болуы және олар 
шатырда берік орнатылуы тиіс.


246
Суағар құбыржолдарын бекіту үшін бекіткіштерді белгілеу мен 
орнатуды, суағар тік құбырларын салу мен бекітуді жобалау құжаттамасы 
бойынша жүргізу қажет.
Өтпелі металл элементтер құрылыс конструкцияларына берік және 
қатты бекітілуі тиіс. 
Суағар құбыржолы салмағының өзіне әсерін болдырмау үшін суағар 
құбыржолындағы металл байланыстырғыш бөлшектердің жеке бекіткіштері 
болуы тиіс.
Қатты полимерден жасалған суағар тік құбырларының температуралық 
ұзаруын компенсациялау үшін, мысалы желімделген қосылыстары бар 
НПВХ-дан жасалған, онда төрт-алты қабатқа резеңке тығыздауыш сақинасы 
бар бір компенсациялық қосылысты қолдануды қарастырған дұрыс. Эластик 
полиммерден жасалған суағар тік құбырларының температуралық ұзаруын 
компенсациялау, мысалы, 32-ЖҚП ПЭ-нен жасалған, онда штарбтар мен 
шахталарда құбыржолын «жылан түрінде» салу арқылы мүмкін болады.
Суағар тік құбырлар жылытылаатын үй-жайларда қабырғалар, 
арақабырғалар немесе баған жанына орнатылады. Ашық немесе атызға, 
шахтаға орнатылады.
Тұрғын ғимараттарда тік құбырлар, әдетте, басқыш шабағында, 
дәлізде, қосалқы үй-жайларда орнатылады. Тік құбырлар мен бұрғыш 
құбырларды пәтерде орнатуға болмайды.Құбырлардың механикалық 
зақымдануы мүмкін жерлерде оларды жасырын түрде салу қажет. Суағар 
құбырларды блоктарға және қабырға тақталарына құйып бекітуге рұқсат 
етілмейді.
Суағар құбыржолдарын өндірістік, қойма немесе қызметтік үй-жай 
мақсатына жабдықталмаған ғимарат жертөлелерде, ғимарат шатырына ашық 
салуға болмайды.
Тік құбырларды тек тігінен орнатады.
Аражабынның тік құбыр өтетін жерін аражабын қалыңдығына цементті 
ерітінді жағуға болады.
Құбыржолдары құрылыс конструкцияларына тым жақын орналаспауы 
тиіс. Жарыққа қарағанда құбырлар мен құрылыс конструкцияларының арасы 
кемінде 20 мм болуы тиіс.
Суағар желісінің бұру учаскелерін тура салу қажет. Су қабылдау 
құйғыштарын салу бағытын өзгерту мен қосуды байланыстырғыш бөлшектер 
(фитингілер) арқылы істеу қажет.
Бұрғыш құбыржолдарының минимал еңісін аспалы құбыржолдары 
үшін 0.005 деп қабылдау қажет. Бұрғыш (көлденең) құбыржолының 
учаскесінде салу еңісін өзгертуге болмайды.
Тік құбырға бұрғыш құбыржолдарын қосу үшін, әдетте, қиғаш 
айқаспалар мен үштармақтар қарастырады. Бұған екіжолақты айқаспалар 
жатпайды. Көлденең жазықтықта түзу айқаспаларды қолдануға болмайды.
Жүйеде арнайы орнықтырғыш қамыты жоқ бітеуіштерді пайдалануға 
болмайды, себебі бітеуіштер фитингіде шамасы ~0,1м/с болатын үйкеліс 
күшінің арқасында ұсталып тұрады.


247
Ішкі суағарлар желісін тазарту үшін ревизиялар, D 100 – 150 
құбыржолдары үшін арасы кемінде 20 метр қашықтықта тазартқыштар 
орнатуды қарастыру қажет.
Кең қонышты қосылыстары бар диаметрі 110 мм құбыржолдарының 
көлденең учаскелері үшін қозғалмайтын және қозғалатын бекіткіштер 
арасындағы қашықтық 20D-дан аспайы тиіс, мұнда D – құбыр диаметрі, 
қозғалатын бекіткіштер арасындағы қашықтық көлденең құбыржолдары 
үшін 10D-дан аспауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет