Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы абиева г. С., Молдаш ы.Ә., Мауленова б. Т


тарау. Ішкі суық және ыстық су құбыры



Pdf көрінісі
бет121/131
Дата19.05.2022
өлшемі12,6 Mb.
#143902
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   131
Байланысты:
143. kz 1403000 слесарь сантехник
Дәріс 12
6.2 тарау. Ішкі суық және ыстық су құбыры 
 
6.2.1. Пайдалану және жөндеу 
 
Барлық санитарлық аспаптарға ауыз су сапасындағы ыстық және суық 
судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар, ыстық су есепті 
температураға дейін қызуы керек. 
Ішкі сумен жабдықтау жүйелерін жарамды күйде ұстау үшін 
құбыржолдарын, арматураны, сорғы қондырғыларын, су жылытқыштарды 
мерзімді бақылау қажет, ал ақаулықтар анықталған жағдайда оларды жою 
қажет. 
Тексеру кезінде анықталған 
су
 
тарату
 
арматурасы
 
арқылы
 
судың
 
ағып
 
кетуі
тығыздағыш төсемдерді, арматураның сынған немесе тозған 
бөлшектерін ауыстырумен жойылады. Шаю бактарының түсіру арматурасы 
мен қалтқы клапандарының герметиктілігі жиі бұзылады. Қалтқы клапан 
арқылы судың ағып кетуі келесі себептерден болады: клапан поршеніндегі 
тозған резеңке төсемі; қалтқының герметиксіз болуы; клапанды дұрыс 
реттемеу, соның салдарынан судың деңгейі клапанды жабу кезінде асудан 
жоғары көтеріледі, және судың тұрақты жоғалуы орын алады. 
Су деңгейін реттеу иінтіректің тік бөлігі бойынша қалтқы жылжыту 
арқылы жүргізіледі: түсіру кезінде қалтқы бактағы деңгей төмендейді және 
керісінше. Судың деңгейін рычагтың иілу арқылы реттеу ұсынылмайды. 
Ағып кетудің себебі бачка арматурасы болуы мүмкін. 
Құбырлардағы
 
ағып
 
кету
 
орындарын
қарап анықтайды. Бұрандалы 
қосылыстардағы ағып кетуді қайта жинау және тығыздағышты ауыстырумен, 
ал құбырлардағы ағып кетуді — тесіктерді дәнекерлеу, қамытпен ағу орнына 
тартылатын резеңке төсемнен бандаждар жапсырмаларының бұрандалы 
тығындарын орнату жолымен жояды. Құбырлардың көп зақымдануы кезінде 
құбыр бөлігін кеседі және дәнекерлеу немесе бұрандалы қосу арқылы 
жаңасын салады. 
Құбырлардағы
 
судың
 
қатып
 
қалуын
жылытылмайтын үй-жайларда 
және құбырлардың салқындатылуы мүмкін жерлерде (есіктердің, 
қақпалардың жанында және т. б.) салынған құбырларды жылу оқшаулау 
жолымен болдырмайды. Ғимаратта жылыту өшірілген кезде сумен 
жабдықтау жүйесі босатылады. Қатып қалған құбырлар ыстық сумен, бумен, 
дәнекерлеу шамдарымен жылытылады. Қатып қалған құбырдың ұштарына 
төмендетуші (дәнекерлеу) трансформаторын қосу арқылы жылыту ең 
ыңғайлы және тиімді. 
Құбырлардың
 
балдырлануы
тұтынушыға су берудің бұзылуын тудыруы 
мүмкін, себебі құбырлардың өтпелі қимасы азаяды, кедір-бұдырлығы және 
қысымның жоғалуы артады. Сондықтан жеке тұтынушыларда су болмаған 
жағдайда желінің жеке учаскелеріндегі қысымның жоғалуын тексереді. 
Қысымның елеулі жоғалуы анықталған жағдайда құбыр учаскесін 
ауыстырады немесе жүйені шөгінділерді ерітетін сұйықтықпен жуады. 


280
Сумен
 
жабдықтау
 
жүйелеріндегі
 
шу
негізінен арматура мен 
жабдықтар тозған кезде пайда болады. Ершікке нашар бекітілген су бөлетін 
арматураның клапаны немесе тозған төсем кранды ашқан кезде дірілдейді 
және қатты шу шығарады. Сорғы мойынтіректерінің, электр 
қозғалтқыштарының тозуы, айналмалы бөлшектердің бейтеңгерімдігі сорғы 
қондырғыларының шуын күрт арттырады. Сондықтан шудың көзі болып 
табылатын тозған бөлшектерді уақытында ауыстыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет