125
2 – аудандық жылу пункті; 5 – тарату желілері; 6 – жергілікті жылу
пунктері
Сурет 83- Тарамды желілерді АЖП-ғы суқыздығыштар арқылы қосу
сұлбасы
Аудандық жылу пунктерінен тұтынушылар қосылған тарату желілері
тарайды. Тұтынушылар магистральді желіге қосылмайды. АЖП-рі көп
автоматикалық қондырғылармен жабдықтауды талап етпейді. Қосу әдісін
таңдауды техника-экономикалық есеп негізінде іске асыру керек Апаттық
гидравликалық тәртібін басқару мәнісі апат кезінде шектелген
жылутасымалдағыштың санын өткізуге жылу құбырларын есептеу кезінде
туады.
Жылумен қамту жүйелерінде жылу желілері негізгі буын болып
саналады, оның құрамына жылу құбырлары, температуралық ұзартуларды
қабылдайтын компенсаторлар, жылжымайтын және жылжымалы тіреулер,
түйін және аралық жылу камералары, кейбір жағдайларда сорғыш бекеттері
кіреді. Жылу желілерін жер үстімен немесе жер астымен өтпейтін, жартылай
өтетін каналдарда немесе каналсыз төсеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: