Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi



бет1/14
Дата18.12.2021
өлшемі0,78 Mb.
#102591
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
364bd4d0-c314-11e5-bf37-f6d299da70eeМетод лекцииМСП

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI


СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРIМ атындағы МЕМЛЕКЕТТIК УНИВЕРСИТЕТI

«Іріктеу және іздеу әдістері» пәнінен

ДӘРІСТЕР КУРСЫ

Семей


2015

МАЗМҰНЫ

ГЛОССАРИЙ 4

ДӘРІСТЕР 6

1.Кіріспе. Іріктеу әдістері 6

2. «Көбікше» әдісі (Айырбастау бойынша сұрыптау) 13

3. Шейкерлік іріктеу (Мойындық іріктеу) 21

4.Тікелей қосу іріктеуі 26

5. Шелл сұрыптау әдісі 31

6. Хоар сұрыптамасы (лездік сұрыптау) 35

7. Пирамидті іріктеу 47

8. Файлдарды сұрыптау әдістері (Сыртқы сұрыптау әдістері) 53

Алғы сөз

Ұсынылып отырған дәрістер курсының мазмұны 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру» мамандығының «Іріктеу және іздеу әдістері» пән бағдарламасы үшін жазылған. Берілген нұсқаулық іздеу және сұрыптау алгоритмдерімен таныстырады, алгоритмдердің бағдарламалық реализациясын көрсетеді.

Дәрістер курсында сұрыптау және іздеу саласындағы негізгі түсініктемелер, графтарды бейнелеу түрлері, әдістердің негізгі идеясы, әдістердің модификацияланған түрлері, ішкі және сыртқы сұрыптау әдістерінің араларындағы ерекшеліктері көрсетілген. Курстың басында дәрістерде жиі қолданылатын негізгі терминдер жазылып көрсетілген. Әр әдіске мысалы келтірілген және мысалы бойынша арнайы алгоритм мен бағдарламасы көрсетілген. Әр дәрістің соңында студенттердің алған білімін тексеретін бақылау сұрақтары берілген

Кіріспе

Берілген курста негізгі және сыртқы жадыда орналасқан деректерді ұйымдастыру, сұрыптау және іздеумен байланысты фундаменталды материалдар мазмұндалған. Сәйкес білімдер кез-келген деңгейдегі бағдарламаушыларға қажет.

Дәрістерде ішкі жадта деректерді іздеу әдістері және бұлармен байланысқан деректердің қызметші құрылымдары қарастырылады. Бұл аумақтарда хэштеу және ағаштар негізіндегі тәсілдер кең таралған. Сонымен қатар, соңғы жылдары іздеудің жоғары жылдамдығын қамтитын салыстырмалы жаңа іздеу әдістері пайда болды.

Деректердің типтері мен құрылымдары қазіргі кездегі бағдарламалау технологиясы құрылатын фундаментті бейнелейді. Жалпы сұрыптауды берілген жиынды бір анықталған ретте қайтадан топтастыру процессі деп түсіну керек. Сұрыптаудың мақсаты – сұрыпталған жиында элементтерді іздестіруді жеңілдету.



Біз сұрыпталған объекттермен анықтама кітапшаларында, кітаптардың мазмұнында, кітапханаларда, сөздіктерде, қоймаларда, барлық сақталған объекттер бар жерлерде кездесеміз. Сондықтан, егер сөз деректерді өңдеу жайлы болса, онда міндетті түрде сұрыптау алгоритмі қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет