Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


І - семестр 1,2 - тақырып: Хорға арналған арнайы жаттығулар



бет6/40
Дата06.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#32772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
І - семестр
1,2 - тақырып: Хорға арналған арнайы жаттығулар.
Жаттығулар, көп дауыстылық
Жоспар:

  1. Унисондық дыбыс шығаруға арналған жаттығулар.

  2. Октавалық унисонның ерекшеліктері.

  3. Күрделі жаттығуларды меңгеру.

Жаттығулар‑ хор сабағының құрамдас, ажырамас бөлігі. Тікелей жаттығулар арқылы хордағы вокалдық дыбысталу жүйесі қалыптастырылады. Олар белгілі бір жүйеде құрылып, оқушылардың әншілік дағдылырының даму екекшелігіне сәйкес қолданылады.
Хорындағы дауыс қыздыру жаттығулары 20‑30 минуттай жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар жаттығулардың барлығын тік тұрып орындау қажет. Олардың әрқайсысы белгілі бір мақсатты қөздеуі шарт. Және де оларды әр сабақ сайын ауыстырып жаңартудың қажеті жоқ, ‑ дейді К. Никольская‑Береговская. Өйткені балалар өзіне таныс әрбір жаттығудың мақсатын, талаптарын біле отырып, оларды одан әрі сапалы, дұрыс орындауға тырысады. Сөйтіп жаттығудың орындалу деңгейі жоғарылай түседі. Жаттығулар жиынтығы музыкалық сауаттылықпен тікелей байланысты болуы қажет. Сонымен қатар жаттығулар берілген шығармаға байланысты таңдалады, көп жағдайда хор жетекшісі сол шығарманың қиын деген жерлерін жаттығу ретінде қолданады.
Жаттығу дегеніміз мақсаттың өзі емес, ол хор дағдыларын жетілдіруші басты құрал екендігін естен шығармау қажет. Осыған қатысты белгілі дирижер‑педагог А.В. Свешников өзінің іс‑тәжірибесімен бөлісе отырып, мынадай кеңес береді: “ хорымен жұмыс жасау кезінде ешбір сүйемелдеусіз, дауысты “а” дыбысын әндету қажет. Өйткені адам өз табиғаты бойынша ешбір кедергісіз, табиғи ашық әндетеді, ал “а” дыбысы әндетуге ең қолайлы, жағымды естілетін дыбыс болып табылады”. Ансамблмен жұмыс жасаудың алғашқы сабақтарынан хор жетекшісі вокалдық техникасы жағынан жаттықтыру үшін, көп жағдайда, 3‑4 тактіден құралатын музыкалық үзінділерді таңдайды немесе өз ойынан құрастырады (кіріспе, динамика, агогика, түрлі штрихтар). Осындай музыкалық мысалдар міндетті түрде белгілі бір мақсат көздейді, мысалы, таза унисонды қалыптастыру немесе дикцияны дамыту. Осыған сәйкес қойылатын талаптар да өзгеріп жатады. Музыкалық мысалдарды хор мүшелері бір не екі дауыста орындауы мүмкін. Бірақ хор сабағында бірізділік принципіне сәйкес қарапайым жаттығуларынан бастап, біртіндеп күрделендіру қажет. Мысалы, алғашқыда “ми” және “соль” дыбыстарын жеке‑жеке унисонмен айтқызу, содан кейін екі дыбысты қосып, терциялық интервалды жасатуға болады.
Жаттығу кезінде музыкалық дыбыстын бірқалыпты шығуына, тыныстын дұрыс алынуына және жуан дауысты дыбыстардың еркін созылып, ал дауыссыз дыбыстардың анық қысқа айтып орындалуына үнемі мән беріп отырған жөн. Әрбір буындағы дауысты дыбыстың дұрыс айтылуын қадағалау керек. Дикцияны жаттықтыру үшін әртүрлі буындарды (ди, да, ри, ра, мо, му т.б.) ақырын және жылдам айтқызу өте -мөте пайдалы. Интонацийның таза болуына ерекше көңіл аударған жөн.
Хор басқарушы бұларды, ен алдымен, қысқа және жеңіл әрі жай айтылатын жаттығулардан бастағаны дұрыс. Себебі, баяу созып айту әншінін өзін бос ұстап, дауыстың еркін шығуына мүмкіндік жасайды. Жаттығуларды бірте-бірте күрделендіріп, әншілердің дауыс аппаратын бір жүйеге келтіру жағынан да унемі қадағалап отыру қажет.
Хорға қатысушы әншілердін, жеке дауыстары жақсы болғанымен, ән айту кезінде тынысты дұрыс ала білмесе хор өзінің мүмкіндіктерін толық көрсете алмайды. Әншінің тынысты дұрыс ала білуі оның әнді орындағанда, қиналмай еркін айтуына көмектеседі, ән айтқанда иықты көтермей демді ішті ұстап тұрып, аз кідіріп барып тыныс алғаннан кейін бірден бастап кету керек.
Мұндай кідіріс әншілердің демін реттеуге және әнді дережердың қолына қарап, бір мезгілде бастауға мүмкіндік береді. Ән айтқанда демді үнемдеп пайдалану керек. Демді дұрыс алудың тәсілін хор жетекшісінің іс жүзінде көрсеткені дұрыс.
Хорға бірінші рет кірген жас әншінің дауыс диапазоны дәл өзінің дауыс партияларына сәйкес үлеспей қалады. Мұның себебі әншілік бағытта жаттықпағаннан болады. сондықтан үйірме бастығы әншілердің дауыстарын жеке байқап дауыс партияларына сәйкес үлестіру жағынан өте сақ болуы керек. Егер де әншілердің дауысы өзінің диапазонына қарай бөлінбесе әншілердің дауыстарын тез бұзып алуы мүмкін. Сондықтан ең алдымен әншілердің дайыстарымен танысып байқап алған жөн. Хорға кірген әншілердің дауыстарын дұрыс айыру үшін үйірме бастығы мүмкіншілігіне әншілермен алдымен біраз жаттығу жұмыстарын жүргізеді.
Алғашқы жаттығу жұмыстарын бүтін, жарты, ширектік ноталарды дыбыстарды, әндетіп айтудан бастау керек. Бұл жаттығу жұмыстары түрліше болуы мүмкін.
Мысалы, дыбыстарды бүтін ноталармен айту, дыбыстарды квинта маңында, гамма бағытымен төменнен жоғары, жоғарыдан төмен қарай айтып жаттығу. Мұнымен қатар дыбыстарды кіші арпеджиомен де айтып жаттығуы керек. Қысқасы үйірме бастығы өзі де ән сала білуі және әншілердің дауыстарын жақсы біліп, оларды өз дауыстарына қарай дауыс партияларына бөле білуі керек. Жаттығуға мынандай мысалдар келтіреміз.
дұрыс айыру үшін үйірме бастығы мүмкіншілігіне әншілермен алдымен біраз жаттығу жұмыстарын жүргізеді.
Алғашқы жаттығу жұмыстарын бүтін, жарты, ширектік ноталарды дыбыстарды, әндетіп айтудан бастау керек. Бұл жаттығу жұмыстары түрліше болуы мүмкін.
Сұрақтар.

  1. Жаттығу дегеніміз не?

  2. Арнайы және қыздыру жаттығуларына мысал келтіріңіз?

  3. Көп дауысты ән айтуға машықтану.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Димитривский Г.А. Хор және оны басқару. А.1988

  2. Әбеуова К. Хор жүргізу. А. 1993

  3. Хроведение В.И.Красношеков. М. 1969





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет