батырмалар тек басқару үрдісін қиындатады жəне сатып алушыға тиімділік
жағынан ғана ақталған.
Жетілген интерфейсі бар РТЖ мысалы ретінде банкоматты келтіруге
болады. Банкомат интерфейсі көпшілік дайындығы жоқ қолданушыларға
есептелген. Күрделі РТЖ болып саналатын банкоматты қолдану өте оңай болып
келеді.
7.2 Басқару кешені
Басқару компьютері үшін басқару комплексінің негізгі модулі ретінде
микропроцессор немесе орталық процессор (Central Processin Unit. CPU) болып
табылады. Қазіргі уақытта кез келген мехатрондық техникада, тұрмыс
техникасынан бастап пилоты жоқ ұшақпен аяқтағанда осылардың бəрінде
микропроцессорлары бар, олар реттейді, қозғалысты басқарады жəне осы
техникадағы үрдісті бақылайды.
Достарыңызбен бөлісу: