Студенттерге қойылатын талаптар: Курс бойынша жоғарғы балл алу үшін əрдайым жұмыстану қажет. Себебі пəн
бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық
тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға
қойылады. Студент əрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет
(жоғарыда көрсетілген пəн бойынша білімді бағалау жəне апталық тақырыптық кесте
бойынша).
1. Сабаққа қатысу Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пəннің оқу-əдістемелік
кешенінде Көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пəннің 3/1 себепсіз қалдырса,
курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тəртіп Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы
телефонын сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Үй тапсырмасы Үй тапсырмасы міндетті түрде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй
тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама,
хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың əрқайсысы
бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің
білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
6. Пікірлесу Пікірлесу əр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау
тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.