Оңалту орталықтарына жолдаманы қалай алады? Баланы оңалту орталығына кезекке жазу үшін, ең бірінші, тұрғылықты мекенжайына қарасты емханадан тексеруден өту қажет. Келесі кезекте емхана меңгерушісі мен учаскелік дәрігер ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдайды. Ата-ананың таңдауы және таңдалған стационарда тиісті бейін бойынша бос төсектердің болуы ескеріле отырып, пациент Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі «Емдеуге жатқызу бюросы порталына» тіркеледі. Ата-ананың қолына жоспарлы емдеуге жатқызу коды көрсетілген талон беріледі. Талон арқылы «Емдеуге жатқызу бюросы порталынан» жоспарлы емдеуге жатқызу кезегі мен стационарда бос төсектің болуын бақылауға болады. Деректер құпия болып табылады. Порталға өтінім тіркелгеннен кейін екі күннің ішінде стационар жоспарлы емдеуге жатқызу уақытын анықтайды және жолдама береді. Стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде келесі құжаттардың болуы талап етіледі:
Жеке куәлік;
Диагнозы қойылған, медициналық көрсеткіші бар аурухананың көшірме қағазы мен талдау нәтижелері;
Жоспарлы емдеуге жатқызу талоны;
Жоспарлы емдеуге жіберген емдеу мекемесі басшысының қолы мен мөрі бар жолдама.
Көрсетілген құжаттар толық болмаған жағдайда стационар жоспарлы емдеуге жатқызудан бас тартуға құқылы.