Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Революцияға дейінгі Ресейде және Кеңес дәуіріндегі психодиагностика



бет3/5
Дата19.11.2016
өлшемі1,07 Mb.
#1998
1   2   3   4   5

Революцияға дейінгі Ресейде және Кеңес дәуіріндегі психодиагностика.

Ресейде психодиагностиканың даму тарихы. 19 ғасырдың екінші жартысында отандық психодиагностиканың дамуындағы ерекшелік экспериментальды әдістердің енгізілуімен байланысты. Ол жоғары нерв жүйесінің физиологиясынан басталды Осы бағыттың бастамасында ғылымның екі атасы И.М.Сеченов (1829-1905) және И.П.Павлов еңбектері. Психодиагностикалық процедуралардың әр түрлі ғылыми мектептерде өңделуі (контент-талдау, проективті әдістер, психологиялық тест). Ақыл-ой тестерінің тарихы. 50-60 жылдары психологиялық зерттеулердің белсенді дамуы. А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, П.Я.Гальперин еңбектері. Л.С.Выготскийдің психологиялық-педагогикалық диагностикаға қосқан үлесі.


Психодиагностиканың қазіргі жағдайы.

Психодиагностиканың мәселелері және оны шешу жолдары. Психологиялық қызметегі психолог жұмысы, мұндағы психодиагностиканың алатын ролі. Психологиялық қызметті құру туралы қаулысының өзектілігі. Мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің моделі. Ресей мен Қазақстан Республикасындағы психодиагностиканың қазіргі жағдайы.


Психодиагностикалық әдістердің жалпы сипаттамасы.

Психодиагностикалық әдістердің жалпы сипаттамасы. Әдіс, әдістеме, әдістемелік негіз. Психодиагностикалық әдістерге сипаттама. Қатаң ережелі және қатаң ережесіз әдістер. Психодиагностикалық әдістерге қойылатын талаптар. Жарамдылық, сенімділік, объективтілік. Тест- психодиагностиканың негізгі құралы ретінде. Тестердің түрлері, оларды топтастыру негздері. Проективті әдістерге сипаттама.



1-субтест

Орындау ережесі: Әр тапсырмада бес сөз берілген. Олардың төртеуі ортақ қасиеттермен сипатталады, ал бесіншісі тек өзіне тән керсеткіштермен ерекше больш тұр. Сол сөз артық деп аталады. Артық сөзді тауып оның әріптік белгісін жауап парақта көрсету керек.

Мысалы: а)кірпіш; б)тас; в)балшық; г)әк; д)үй.

Бұл қатарда алғашқы төрт сөз құрылыс материалдары, ал соңғы сөз (д) үй) — артық, сондықтан осы сөздің әріптік белгісін (д) жауап парақта көрсету керек.

Орындау уақыты 7 минут.

Тапсырмалар

  1. а) тәрелке; б) кесе; в) үстел; г) қазан; д) шәугім.

  2. а) жүру; б) секіру; в)билеу; г) отыру; д) жүгіру.

  3. а) биік; б) аласа; в) сымбатты; г) өсімтал; д) ергежейлі.

  4. а)қыл қалам; б) қаламсап; в) қалам; г) фламастер; д) сурет.

  5. а) алма; б) алмұрт; в) алхор; г) қарақат; д) шабдалы.

  6. а) шаршы; б) шеңбер; в) эллипс; г) доға; д) қисық.

  7. а) мұғалім; б) оқушы; в) жаттықтырушы; г) профессор; д) доцент.

  8. а) көру; б) есту; в) жазу; г) сезу; д) иіскеу.

  9. а) батыр; б) қорқақ; в) ержүрек; в) қабілетті; г) талантты; д) жасқаншақ.

  1. а) шекара; б) көпір; в) достық; г) ерлі-зайыптылық; д) бекіткіш.

  2. а) үқыптылық; б) жігер; в) тырысушылық; г) тазалық; д) адалдық.

  3. а) Арман; б) Үсен; в) Сәкен; г) Асанбаев; д) Жұман.

  4. а) ақ қайың; б) қарағай; в) емен; г) шырша; д) раушан.

  5. а) қара-қоңыр; б) ашық; в) көк; г) жарық; д) күңгірт.

  6. а) жақын арада; б) үнемі; в) шапшаң; г) асығыс; д) жылдам.

2-субтест

Орындау ережесі: Тапсырманың бірінші қатарында 3 сөз берілген. Бірінші екі сөздің арасында қандай да бір байланыс бар. Ал екінші қатарда берілген бес сөздің біреуі бірінші қатардағы үшінші сөзбенен байланысты. Осы сезді тауып оның әріптік белгісін жауап параққа жазу керек.

Мысалы: Орман: ағаш — кітапхана: ?

А)жазушы; б)әңгіме; в)кітапхана; г)кітап; г)каталог.

Орындау уақыты 6 минут.



Тапсырмалар

1. Орман: ағаш - кітапхана: ?

а) жазушы; б) әңгіме; в) кітапхана; г) кітап; д) каталог.

2. Қайырымды: мейірімсіз: - күн: ?

а) күн; б) түн; в) апта; г) сәрсенбі; д) тәулік.

3. Мектеп: оқу — аурухана: ?

А) дәрігер; б) оқушы; в) ғимарат; г) емдеу; д) ауру.

4. Ән: керең - сурет: ?

а) ақсақ; б) соқыр; в) суретші; г) сурет; д) бояужаққыш.

5. Пышақ: болат — стол: ?

А) шанышқы; б) орындық; в) таға; г) дастархан; д) ағаш.

6. Балық: тор - шыбын: ?

А)торшабақ; б)маса; в)бөлме; г)ызыңдау; д)өрмекші өрнегі.

7. Құс: ін - адам: ?

а) адамдар; б) балапан; в) уй; г) жұмысшы; д) есік.

5. Пальто: түйме — бәтеңке: ?

А)тігінші; б)дүкен; в)аяқ; г)бау; д)бас киім.

6. Шалғы: шөп - ұстара: ?

А) шөп; б) шаш; в) өткір; г) болат; д) аспан.

7. Аяқ: етік - қол: ?

А) галош; б) жұдырық; в) саусақ; г) білезік; д) қолғап.

8. Су: құрғақшылық - тағым: ?

А) аштық; б) ішу; в) нан; г) ауыз; д) тамақ.

9. Паравоз: вагондар — ат: ?

А) поезд; б) жылқы; в) жем; г) арба: д) қора.

10. Жүргізу: тұру - айқайлау: ?

А) үндемеу; б) еңбектеу; в) шулау; г) шақыру; д) жылау.

11. Қасқыр: арлан - құс: ?

а) ауа; б) тұмсық; в) бұлбұл; г) жұмыртқа; д) жылау.

12. Темір: ұста — ағаш: ?

А) ағаш түбірі; б) ара; в) ағаш шебері; г) теннис алаңы; д) бұтақ.

3-субтест

Орындау ережесі: Тапсырманың бірінші қатарындағы сөзді анықтайтын екі сөзді екінші қатарда берілген бес сөздің ішінен тауып, олардың әріптік белгілерін жауап параққа жазу керек.

Мысалы: Бақ:



А) орман; б) бақша; в) жеміс ағаштар; г) тал; д) шөптер.

Дұрыс жауабы; в) жеміс ағаштары және д) шөптер.

Орындау уақыты 5 минут.



Тапсырмалар

1. Өзен:

а) жаға; б) балық; в) балықшы; г) су өсімдіктері; д) су.

2. Қала:

а) автомобиль; б) ғимарат; в) тобыр; г) көше; д) велосипед.

3. Сарай:

А) пішен сарай; б) жылқы; в) шатыр; г) мал; д) қабырғалар.



4. Кітап оқу:

А) мөр; б) кітап; в) шағын сурет; г) көз; д) сөз.

5. Ойын:

А) карталар; б) ойыншылар; в) айыптар; г) жазалар; д) ережелер.

6. Соғыс:

А) аэроплан; б) зеңбіректер; в) атыс; г) мылтық; д) сарбаздар.

7. Кітап:

а) қағаз; б) суреттер; в) өнер; г) мәтін; д) мөр.

8. Ән айту:

а) дыбыс; б) көрермендер; в) дауыс; г) ән ырғағы; д) қол шапалақтау.

9. Спорт:

А) медаль; б) оркестр; в) жарыс; г) стадион; д) жеңіс.

10. Емхана:

А) бөлме; б) бақ; в) радио; г) дәрігер; д) науқастар.

4-субтест

Орындау ережесі: Тапсырмада ортақ қасиеттермен сипатгалатын заттар мен құбылыстарды білдіретін екі сөз берілген. Олардың анықтамасын немесе жалпылап көрсететін ұғымды тауып оны жауап параққа жазу керек.

Мысалы: Шырша - қарағай.

Дұрыс жауабы: Қылқан жапырақты ағаштар.

Орындау уақыты 6 минут.

Тапсырмалар

  1. Ұл - қыз.

  2. Повесть — кинофильм.

  3. Ысқырық - шу.

  4. Аштық - құрғақшылық.

  5. Автомобиль — ұшақ.

  6. құрбақа - жылан.

  7. Жаңбыр - бұршақ.

  8. Жаратылыстану — математика.

  9. Ертегі - аңыз.

  1. Бөлу - алу.

  2. Мұрын - құлақ.



Тестердің сенімділігі мен валидтілігі.

Тестік нормалар және оларды тексеру. Нормалық таралу, акцесс, ассиметрия шығуы. Психологиялық шкалалар. Психодиагностикалық өлшеудің статистикалық қағидалары. Тест сенімділігі, оның түрлері. Валидтілік түрлері, критерилері. Валидтілік және сенімділіктің өзара байланысы.


Тестерді адаптациялау және құру технологиясы.

Тестік номалар және олардың репрезентативтілігін тексеру. Психодиагностикалық әдістерді адаптациялау. Әдістерді адаптациялау технологиясы. Психодиагностикалық әдістерді адаптациялаудың кроссмәдени және тарихи жағдайлары.



Пәнаралық байланыс: Пихология, эксперименттік психология, практикалық психология, психологияны оқыту әдістемесі.

Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі (2 мин).

II. Үй тапсырмасын сұрау (58 мин).

  1. Әр топ өз тобына берілген тақырыпты дәлелдеуі.

  2. Топтардың бір-біріне бағыттау сұрақтары.

III.Сабақты бекіту (10 мин).

IV.Сабақты қорытындылау (5 мин).

V.Бағалау (5 мин).

Қолданылған әдебиеттер:

  • Психологическая диагностика. Под ред. Акимовой М.К, Гуреевича К.М. Минск,2007.

  • Бурлачук Л.Ф. Псходиагностика личности. Киев,1989.

  • Гуреевич К.М. Психологическая диагностика. М,1990.

  • Общая психодиагностика Под ред. Бодалева А.А, Столина В.В. М,1987.

  • Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь по психологической диагностике. Киев,1989.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлеметсіңдер ме, студеттер! Бүгін сабақта кім жоқ? Оқу- құралдарыңды алып, үйге берілген тапсырмаға дайындалып отырыңдар.

  • Үйге қандай тапсырма берілді?

  • Семинар сабағы, тақырыбы: “Психодиагностикалық әдістерге қойылатын талаптар”.

  • Біз бүгін семинар сабағын пікірталас түрінде өткіземіз. Ол үшін сендер төрт топқа бөлінесіңдер. Үйге берілген семинар сұрақтары бойынша пікірталасымызды жүргіземіз.

Сендердің берген жауаптарың мынадай бағалау критерийі бойынша бағаланады:

5” ұпай- егер жауаптарың толық, дәл, логикалық, бірізділікпен айтылса қойылады;

4” ұпай- егер жауапты толық білсеңдер, бірақ болар-болмас кемшііліктер кетсе қойылады;

3” ұпай- егер жауаптарың дұрыс, бірақ толық емес, айтылған жауапта кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қоылады;

2” ұпай- егер сендердің жауаптарыңда қателер, елеулі кемшіліктер бар болса қойылады;

1” ұпай- егер жауаптарың тақырыпқа сай келмейтін болса, толып жатқан өрескел жауапқа қойылады.



II.Үй тапсырмасын сұрау.

Семинар сабағының сұрақтары:

  1. Жарамдылық және оның түрлері.

  2. Әдістемелердің сенімділігі.

  3. Әдістемелердің нақтылығы.

  4. Әдістемелердің бір мағыналылығы.

-Менің алдыма әр топтан бір-бір студент шықсын, олар менің партамның үстіндегі жасырынған қағазды таңдап алып, ондағы өз тобына ұсынылған сұрақты оқиды. (Студеттерге таңдау құқығын беру).

  1. Пікірталасымыздың бірінші туры, яғни әр топ өз тобына берілген тақырыпты дәлелдеуі керек. Ал ендеше, пікірталасымызды бастайық!

I-ші топ: Жарамдылық және оның түрлері.

-Сөз бергендеріңізге рахмет!

Валидность” –“жарамдылық” Еуропа тілінен шыққан, қазақ тіліне аударғанда “сай келу, жарамды” деген мағынаны білдіреді. Психодиагностикалық әдістемелердің жарамдылық сипаты, оның нақты психологиялық сапаны бағалау үшін жарамды және сай болатынын көрсетеді. Әдістемелердің жарамдылық мінездемесі өзіне берілген әдіс өлшемі туралы түсінік береді және оның қолданыс сферасындағы жағдайы туралы ақпарат береді.



Жарамдылықтың бірнеше түрлері бар. Психодиагностикалық әдістердің жарамдылығын анықтау туралы сұрақ қойылса, олардың әрбіреуін жекелей қарастырып, бағалау керек.

Жарамдылық: теориялық және практикалық, ішкі және сыртқы болып көрінеді.

Теориялық жарамдылық-яғни, белгілі бір теорияға сүйенетін, әр түрлі әдістемелердің көмегімен алынған, бір қасиеттің көрсеткіштерінің корреляциясы (байланысы) мен сол бойынша тексеру. Мысалы, екі түрлі әдістеме арқылы адам қасиетін зерттеу.

Практикалық немесе эмпирикалық-шынайы мінез-құлықтың бақыланатын әрекеттер және зерттелінушінің сәйкестігі бойынша зерттеледі немесе тексеріледі. Мысалы, егер біз зерттелінушінің мінез-құлық сипатын белгілі бір әдістің көмегімен бағаласақ, онда бұл әдістеме эмпирикалық, яғни практикалық жарамды болып саналады. Егер адам шынайы өмірінде өзін осы әдістеме болжағандай ұстаған жағдайда, яғни оның мінез-құлық сипатамен сәйкес болған жағдайда.

Ішкі жарамдылық-әдістемеде келтірілмеген тапсырмалар, тұжырымдар және т.б. әдістеменің жалпы мақсаты мен сәйкес келуі әдістеменің ойы берілген әдістемеден талап ететін, оған кіргізілген барлық немесе белгілі бір бөлімі болса, ол ішкі жарамсыз болып, немесе жетіспейтін ішкі жарамдылық болып табылады.

Сыртқы жарамдылық- мұнда әдістеменің көрсеткіші және зерттелінушінің қінез-құлқының ішкі белгілерінің байланысы жайлы айтылады. Ол эмпирикалық жарамдылық сияқты болады. Мынадай айырмашылығы бар: берілген жағдайда сөз, әдістемелердің көрсеткіші мен неғұрлым маңызды кілтті ішкі белгілер туралы болады. Әдістемені жасағанда олардың жарамдылығын жылдам анықтау қиын.Әдістеменің жарамдылығы ол ұзақ қолданылғанда барып нақтыланады.

-Жақсы, енді бұл топқа қояр сұрақтарың бар ма?

-Ал, енді пікірталасымыздың екінші сұрағы бойынша, келесі топты шақырамыз.

ІІ-ші топ:Әдістеменің сенімділігі.

-Сөз бергендеріңізге рахмет!

Сенімділік-осы әдістеменің көмегімен тұрақты көрсеткіш алу мүмкіндігін сипаттайды. Психологиялық тесттік тексерудің нәтижесі көптеген қиын бақыланатын факторларға байланыстырады:

  1. Өлшеу аспабының сапасы.

  2. Зерттеудің берілген нұсқасының дұрыс түсінілуі.

  3. Экспериментатордың мінез-құлқы.

Егер өлшеу аспабы осы талаптарға сай болмаса, онда оны психодиагностикалық құрал ретінде қолдануға болмайды.

Зерттелінушінің мінез-құлқы және оның нәтижелері олардың нұсқауын қалай қабылдауына да байланысты. Сондықтан, психодиагностика нұсқауының тұжырымдамасына ерекше талаптар қойылады. Нұсқау неғұрлым дара және түсінікті болуы керек. Нұсқау жазбаша түрінде берілгені дұрыс. Өйткені, ауызша нұсқау әр түрлі адамдардан әртүрлі паралингвистикалық компоненттермен айтылады: жест, ым, пантомимика, интонация. Сонымен қатар, ауызша нұсқау тез ұмытылып, еріксіз ауытқулар болуы мүмкін.

Зерттеу нәтижесіне экспериментатордың мінез-құлқы және жеке басы әсер етеді. Мысалы, егер экспериментатор зерттелінушіге мейірімділікпен қарап, мінез-құлқында сыйластық көрінсе, онда зерттелінуші экспериментаторға жұмсақ қарап және оны қанағаттандыратын нәтижелер көрсетуге ұмтылады.

Егер керісінше, экспериментатор сүйкімсіз көрінсе, жақтырмай қараса, зерттелінушілер де солай жауап береді. Экспериментатордың мінез-құлқына байланысты негізгі кепілдеме (рекомендация): ол салмақты болып, өз мінез-құлқы бір қалыпты, тілектес, зерттелінушіге сыйлы қарым-қатынаста болу.

Осы факторлардың кез келгенінің психодиагностикалық тексеру кезінде өзгерісін өлшеу сенімділігін төмендетеді. Барлық факторлардың ішінде маңызды болып табылатыны- әдістемелердің сенімділігі, ал қалғандары алынған нәтижелердің әр кездігіне аз үлес қосады.

-Рахмет. Бұл топқа осы айтылғандары бойынша қояр сұрақтарың бар ма? (Басқа топ студеттері түсінбеген сұрақтарын қояды).

-Енді келесі топты шақырамыз!

IV-ші топ: Әдістеменің нақтылығы.

-Сөз бергендеріңізге рахмет!

Нақтылық-психодиагностикалық эксперимент барысында көрініп отыратын, бағаланатын қасиеттің өзгерістеріне жауап беру қабілетін бейнелейді. Психодиагностикалық әдістемелердің нақтылығы белгілі бір мағынада техникалық өлшеу аспаптарының нақтылығымен салыстыруға болады. Өз кезегінде микрометр ұзындығы өлшейтін аспап бір-бірінен 0,001 мм ерекшеленеді, ол сызғышқа қарағанда нақты өлшеу болып табылады.

-Рахмет. Бұл топқа осы айтылғандары бойынша қоятын сұрақтарың бар ма? (студенттерден сұрау).

-Енді қалған соңғы топты шақырамын.

III-ші топ: Әдістеменің бір мағыналылығы.

-Сөз бергендеріңізге рахмет!

Бір мағыналылық-әдістемелердің көмегімен алынған берілулер осы әдістеме арқылы бағаланатын қасиеттің өзгерістерін бейнелейді. Бір мағыналылық критерийіне оқушының білімін, оқу үлгерімі бойынша ғана бағалау қанағат етпейді, себебі, оқу үлгерімінің бағасы объективті болмауы мүмкін. Онда оқушының тек білімі емес, сонымен қатар мұғалімнің оған қатысы және мінез-құлқы жатады.

-Ал енді осы айтылғандар бойынша бұл топқа қояр сұрақтарың бар ма? (Студенттерден сұрау).

  1. Енді пікірталасымыздың екінші турына көшейік. Бұл турда әр топ кезекпен бір-біріне сұақтар бағыттайды. Егер қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер бұл ұпай болып есептеледі және ол бағаланады. Ал егер жауап бере алмай қалсаңдар,сұрақ қойған топ ұпайды өздерінің қанжығаларына байлайды. Сондықтан бір-бірлеріңе бүгінгі пікірталасымыздың тақырыбы бойынша сұрақтар қойып, дұрыс, әрі нақты жауап қайтаруға тырысыңдар!

  • І-ші топтың ІІ-ші топқа қойылатын сұрағы:

Психодиагностикалық әдістердің сенімділігін қанша және қандай тәсілмен анықтауға болады?

Дұрыс жауап:Психодиагностикалық әдістердің сенімділігін екі тәсілмен анықтауға болады:

1)Нәтижелерді салыстыру жолымен, яғни әртүрлі адамдардан алынған әдістемелердің көмегімен;

2)әр түрлі жағдайда бір әдістемені қолдану арқылы нәтижені салыстыру.

  • ІІ-ші топтың ІV-ші топқа бағытталған сұрағы:

Практикалық психологиядағы бағалау дәлдігі жоғары дәрежеде талап етілмейді” делінеді.Осыған мысал келтіріңдерші?

Дұрыс жауап: Мысалы, зерттелінушілерді екі топқа бөлу керек болса, онда қолданылатын әдістеменің дәлдігі, осы бөлінгенге байланысты болады. Егер зерттелінушілерді бес топқа бөлсе, онда жауап та бес түрлі болады.

  • IV-ші топтың ІІІ-ші топқа бағытталған сұрағы:

Тесттің сенімділігі дегеніміз не?

  • ІІІ-ші топтың І-ші топқа бағытталған сұрағы:

Жарамдылықтың түрлерінен басқа жарамдылық критерийін білу де маңызды. Осы критерийлер арқылы біз әдістеменің несін анықтаймыз және олар қандай критерийлер?

Дұрыс жауап: Критерий арқылы біз әдістеменің жарамды немесе жарамсыз екенін анықтаймыз. Ол критерийлер мынадай:

  1. Мінез-құлық көрсеткіші-реакция, әрекет және зерттелінушінің әр түрлі өмір жағдайындағы қадамы.

  2. Зерттелінушінің іс-әрекетінің әртүрлі түрлеріндегі жетістіктері-оқуда, еңбекте, шығармашылықта және,т.б.

  3. Әр түрлі бақыланатын тексеру және тапсырмалардан орындалуын көрсететін белгілер.

  4. Басқа әдістемелердің көмегімен алынатын олардың жарамдылығы және тексеріліп жатқан әдістемелерімен байланысы нақтыланған берілулер.

ІІІ. Сабақты бекіту.

-Қазір мен сендерге бүгінгі пікірталаста қарастырылған мәселелер бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. Сендер сол сұрақтарға кезекпен дәлелді түрде жауап қайтаруларың керек.

Ұсынылатын сұрақтар:

  1. Пиходиагностикалық әдістерге қандай талаптар қойылады?

  2. Жарамдылық” термині қай тілден алынған және ол қандай мағына береді?

  3. Жарамдылықтың қандай түрлері бар?

  4. Теориялық жарамдылықты қалай түсінесіңдер?

  5. Эмпирикалық жарамдылық дегеніміз не?

  6. Ішкі жарамдылық дегеніміз не?

  7. Сыртқы жарамдылықта не туралы айтылады?

  8. Әдістеменің сенімділігі дегенді қалай түсінесіңдер?

  9. Психологиялық тесттік тексерудің нәтижесі қандай қиын бақыланатын факторларға байланыстырылады?

  10. Әдістеменің нақтылығы нені бейнелейді?

  11. Әдістеменің бір мағыналылығы нені бейнелейді?

IV.Сабақты қорытындылау.

-Сонымен, семинар-пікірталас сабағымызды қорытындылай келсек, психодиагностикалық әдістерге: жарамдылық, сенімділік, нақтылық, бір мағыналылық талаптар қойылады.

Психодиагностикалық әдістемелердің жарамдылық сипаты оның нақты психологиялық сапаны бағалау үшін жарамды және сай болатынын көрсетеді. Ал, әдітеменің сенімділігі-ол осы әдістеменің көмегімен тұрақты көрсеткіш алу мүмкіндігін сипаттайды. Ал, әдістемелердің нақтылығы- психодиагностикалық эксперимент барысында көрініп отыратын, бағаланатын қасиеттің өзгерістеріне жауап беру қабілетін бейнелейді.Ал, әдістемелердің бір мағыналылығы- ол әдістеменің көмегімен алынған берілулер осы әдістеме арқылы бағаланатын қасиеттің өзгерістерін бейнелейді.

V.Бағалау.

-Мен сендерді бүгінгі семинар-пікірталасқа қатысуларың бойынша және әр топ бір-бірлеріңе сұрақ қоюларың бойынша және менің қойған сұрақтарыма жауап берулерің бойынша, бағалау критерийіне сүйене отырып бағалаймын.

-Сонымен, семинар-пікірталас сабағымыз аяқталды. Сау-болыңдар!
Тұлғаның даралық- психологиялық қасиеттерін диагностикалау.

Арнайы және жалпы қабілеттер.

Жалпы және арнайы қабілеттер туралы түсінік. Б.М.Теплова теориясы, С.Л.Рубинштейн зерттеулері. Қабілеттің факторлы теориясы (Ч.Спирмен, Дж.Гилфорд, Л.Терстоун). Психодиагностикада қабілеттерді қолдану аумақтары (білім бері жүйесі, кәсіби іріктеу). Қабілеттер тестісі. Қабілеттер мен тұлғаның кейпін иерархиялық топтастыру туралы статистикалық, механикалық көзқарастарын сынау. Конституционалды (темперамент) дара стилдік (характер) және тұлғаның құндылық мотивациялық кейпі.

Қабілеттің психологиялық диагностика жұмысындағы маңыздылығы біріншіден бұл проблеменың үлкен практикалық маңызы. Кәсіби кеңес беру, кәсіби таңдау, кадрларды жұмыс орындарына бөлу, шығармашылық оқыту үшін қабілет дамуын анықтайтын сапалы диагностика әдістерін жасау мен қолдануды талап етеді. Бұл әдістемелер сонымен қатар дарынды балалардың шығармашылық, музыкалық, т. б. қабілеттерін анықтау үшін қажет.

Топты үш топқа бөлу.

- Бүгінгі семинар сабағымыз үш турдан тұрады.

Бірінші турымыз « Таңғажайып алаң » ойыны ретінде өтеді. Бұнда сендерге сұрақтар қойылады, топ бойынша сұраққа жауап бересіңдер және бірінші жауап берген топқа әрбір сұраққа бір ұпайдан қойылады.

Екінші турымыз үш топ арасында бір – бірлеріне сұрақтар қоюдан тұрады. Қойылған сұрақтардың барлығына толық әрі нақты жауап берген топқа жоғары ұпай қойылады.

Үшінші турымызда үш топтың капитандарына осы тақырып бойынша сұрақтар қойылып, жарысады.

Бірінші тур: ( 30 минут; 1 сұраққа 1,5 минут беріледі)

Сұрақ:


  1. Отандық психологияның дамуына не себеп болды?

Жауап:

Жоғары жүйке жүйесінің физиологиясына байланысты эксперименттік зерттеу әдістері енгізілді және неміс ғалымы В. Вундтың лаборатоиясынан психолог – экспериментаторлар алғаш стажировкадан өткен.



Сұрақ:

  1. Ресейдегі психологиялық диагностиканың бастамасында қай ғалымдар зор үлестерін қосты?

Жауап:

Ресейдегі психологиялық диагностиканың бастамасында екі ұлы кемеңгерлердің маңызы зор: - олар И. М. Сеченов (1829 – 1905 ) және И. П. Павлов (1849 – 1936 ).



Сұрақ:

  1. В. М. Бехтеревтің ( 1885 ) лабораториясы қай қалада ашылды?

Жауап:

Петербург қаласындағы Психоневрологиялық институтта.



Сұрақ:

  1. Орыстың белгілі психиатры С. С. Корсаков қай жылы және қай қалада психологиялық лаборатория ашты?

Жауап:

1895 жылы Москва университетінің психиатриялық клиникасының ішінен ашады.



Сұрақ:

  1. Москва университетінің психиатриялық клиникасының ішіндегі психологиялық лабораторияны кім басқарды?

Жауап:

А. А. Токарский басшылық етті.



Сұрақ:

  1. Алғашқы отандық жұмыстарда психологиялық диагностика қай ғасырда пайда болды?

Жауап:

20 ғасырдың он жылдығында



Сұрақ:

  1. Отандық жұмыстарда алғашқы тестті қай невропатолог жасады және қай жылы?

Жауап:

Г. И. Россолимо, 1909 жылы



Сұрақ:

  1. Г. И. Россолимо жұмыстарының басты мақсаты?

Жауап:

Психикалық процестердің қалыпты және патологиялық жағдайдағы зерттеулердің көптеген әдістерін табу.



Сұрақ:

  1. Г. И. Россолимо психикалық процестерге жасаған әдісі негізінен неше топты құрайды?

Жауап:

Үш топты құрайды: зейін, ерік, қадылдау



Сұрақ:

  1. Г. И. Россолимоның методикасының жағымды жақтарын көрсеткен психолог?

Жауап:

П. П. Блонский.



Сұрақ:

  1. А. Ф. Лазурский осы уақытта қандай ғылыми еңбек атқарады?

Жауап:

Дифференциялдық психологияның ғылыми сипаттамасын ашады.



Сұрақ:

  1. Қызығушылықты тудыратын жаңа формадағы тесттердің бірі « Ақыл – ой шкаласын өлшеу » тестін кім және қай жылы енгізді?

Жауап:

А. П. Болтунова 1928 жылы.



Сұрақ:

  1. А. П. Болтунова қай психологтардың еңбектерін өзінің жұмысының негізі етіп алады?

Жауап:

Бине – Симон және П. П. Соколов



Сұрақ:

  1. Бине – Симон шкаласынан А. П. Болтунова шкаласының айырмашылығы қандай?

Жауап:

Спецификалық: көптеген тапсырмаларына өзгертулер мен жаңартулар енгізілген, жаңа нұсқаулар мен оны орындау формалары, тестік тапсырмалардың орындалу уақыты көрсетілген.

Принциптік: топтық тапсырмаларды орындауына мүмкіндіктің болуы.

Сұрақ:

  1. Психологиялық диагностикадан алғаш конференциялар қай жылы және қай қалада өтті?

Жауап:

1970 жылы, Таллин қаласында өткізілді.



Сұрақ:

  1. Ақыл – ой әрекеттерінің дамуы әдістерін кімдер ұсынды?

Жауап:

П. Я. Гальперин мен Н. Ф. Талызина



Сұрақ:

  1. 1982 жылы К. М. Гуревич пен В. И. Лубовскийдің редакциясымен А. Анастазидің қандай еңбегі аударылып шықты?

Жауап:

« Психологиялық тестілеу »



Сұрақ:

  1. Осы уақытта клиникалық психологиялық диагностикада психометрика бойынша қай психологтар жұмыс істеді?

Жауап:

В. С. Аванесов, В. М. Блейхер, В. К. Гайда, Ю. З. Гильбух, А. Г. Шмелев, Л. Т. Ямпольский.



Сұрақ:

  1. Ұжымдағы әлеуметтік – психологиялық қарым – қатынас жайында кім еңбек еткен?

Жауап:

А. В. Петровский және оның шәкірттері



Сұрақ:

  1. Батыс тесттерін бірінші енгізгендер?

Жауап:

Ф. Б. Березин, Л. Н. Собчик, И. Н. Гильяшева


Екінші тур: ( 20 мин )

Үш топ бір – бірлеріне сұрақтар қояды.


Үшінші тур: ( 10 минут )

Үш топтың капитандарына сұрақтар қойылады, сұрақтың жауабын білген студент қолын бірінші болып көтереді, өз топтарына ұпай қосады.



Сұрақ:

1. Революцияға дейінгі жағдайдағы психологиялық диагностика саласындағы отандық кімнің еңбектерін айтуға болады?

Жауап:

Г. И. Челпанов, Корнилов, П. П. Блонский, В. М. Бехтерев, П. И. Ковалевский және т. б.



Сұрақ:

2. « Тәжірибелік психологияға кіріспе » атты кімнің еңбегі және қай жылы шықты?

Жауап:

Г. И. Челпанов, 1915 жылы шықты



Сұрақ:

3. « Ғылыми психологияның очерктері » атты еңбектің авторы кім?

Жауап:

П. П. Блонский



Сұрақ:

4. « Ғылыми психологияның очерктері » атты еңбекте қандай мәселе қарастырылған?

Жауап:

Шартты рефлекстерді зерттей отырып, жануарлардың әрекеттерін қарастырды.



Сұрақ:

5. 1885 жылы Казань университетінің ішінде кімдерге арналған клиника ашылды?

Жауап:

Жүйке жүйесі мен жан дүниесі ауыратын адамдарға арналған.



Сұрақ:

6. Психологиялық диагностикадағы ақыл – ой интеллектісі мен дарындылық әдістерін қарстырғандар?

Жауап:

Л. А. Венгер, Д. Б. Богоявленская, Я. А. Пономорев және т. б



Сұрақ:

7. Балалардың мәселелерін қарастырған кеңестік педагогтар мен психологтар?

Жауап:

В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин



Сұрақ:

8. Мотивация жайлы кім жазған?

Жауап:

Ю. М. Орлов



Сұрақ:

9. Жеке адамның өзін - өзі тануы туралы

Жауап:

В. В. Столин



Сұрақ:

10. Ақыл – ой әрекетін сатылап қалыптастыру тұжырымдамасының авторы кім?

Жауап:

П. Я. Гальперин


ІІІ. Қарастырылған және де студенттерге қойылған сұрақтар жайлы, жалпы бүгінгі өткен сабақ жайлы қысқаша шолу жасап, қорытындылау.

  1. Сонымен, бүгінгі семинар сабақты толықтырсақ:




  1. Ресейдегі психологиялық диагностиканың дамуы туралы қандай психологтардың еңбектерін айтуға болады?

  2. Бине – Симон шкаласын өзінің жұмыстарында негіз еткен кім?

  3. Психологиялық диагностикаға байланысты алғаш конференция қай жылы және қай қалада өткізілді?

  4. Психологиялық диагностиканың дамуына бастама болған кімдер?

  5. « Ғылыми психологияның очерктері » еңбегінің авторы кім?



Қабілет проблемасы көптеген ғалым – психологтардың назарын аударады. Бұл бағытта жұмыс жасаған ғалымдар Б. Г. Ананьева, А. Н. Монтьев, В. М. Мясищев, К. К. Платонов, С. Л. Рубинштейн, Б. М. Теплов, М. С. Лейтес және т. б. Қабілеттің анықтамасын және оның негізгі белгілерін нақты көрсеткен. Б. М. Теплов оның әйгілі «Дарындылық және қабілет» еңбегінен кейін (1941 ж) көптеген психологиялық сөздіктер шықты.

Теплов қабілеттердің адамның жеке психологиялық ерекшелігі ретінде, үш негізгі белгілерін көрсетеді:

  1. Олар бір адамды екінші бір адамнан ажыратады.

  2. Қандай да бір іс - әрекетінің нәтижелі орындарына әсер етеді.

  3. Қабілет білімге, іскерлікке, дағдыға байланысты емес, бірақ қабылдаудағы жылылық пен жеңілдікті түсіндіре алады.

Ал қабілеттің өзі Б. М. Тепловтың айтуы бойынша тек қана көрініп қана қоймайды, сонымен қатар, іс - әрекет үстінде пайда болады. Жалпы қабілет пен арнайы қабілетті екіге бөліп қарастырады. С. Л. Рубинштейн: адамның жалпы қабілеті негізінен жалпы және арнайы қабілет бірлігінен құралған. Оларды бір – біріне қарама – қарсы қоюға болмайды. Олардың арасында өзгешелік те, ұқсастық та бар: «қабілетті зерттеуде көптеген әдістер қолданылады.: бақылау, табиғи және лабораториялық эксперимент, іс - әрекетке талдау жасау, т. б.
Арнайы қабілеттер тестінің дамуына мамандық бойынша кеңес беру, өндірісте, әскери қызметкерлерді мамандық бойынша іріктеудің кеңінен таралуы негізгі себеп болды. Осы кезде механикалық, музыкалық және т. б. қабілеттер тесттері пайда бола бастады. Жекелей ерекшеліктер мен олардың корреляциясы ( байланысы ) жайлы берілгендерді талдаудың ерекше түрі – ол факторлық талдау қабілетінің комплексті батареяларын құруға теориялық негіз болды. Факторлық талдау арнайы қабілеттерді анықтау және оларды топтастыруға мүмкіндік береді. Лондон психология мектебінің негізін қалаушы Чарльз Эдвард Спирмен (1863 – 1945 ). Ч. Спирмен өз мақаласында былай деді: « Әртүрлі қабілеттерге арнайы тесттердің өзара корреляциясы ортақ бір генералды фактордың барын көрсетеді».

Генерал (ағылшын тілінен «жалпы» деген мағынаны білдіреді)

Жалпы фактор – g

Арнайы (спецификалық) фактор – S

Іс - әрекеттің барлық түріне ортақ фактордан басқа олардың әрқайсысы жүзеге асқанда өзгеше (спецификалық) фактор пайда болды. Ол тек қана берілген іс - әрекет түріне тән. Бұл S факторы. Сондықтан да Спирмен теориясы екі факторлы деп аталады.

Осыған байланысты психологиялық тесттік тексеруінің негізгі мақсаты – индивидтің g (жалпы) факторын өлшеу болып келеді. Егер бұл фактор зерттейтін психикалық функцияда көрінсе, ол индивидтің әртүрлі жағдайда өзін қалай көрсетуінің болжауының негізі болады.

Ал S факторын өлшеудің маңызы жоқ, себебі, бұл фактор тек бір ғана жағдайда көрінуі мүмкін.



Американ психологтары Т. Келли мен Л. Терстоун факторлық анализ бағытындағы еңбектерін жалғастыра отырып, топтық факторлар проблемасымен айналысты. Іс - әрекеттің бөлігіне ғана тән факторды топтық фактор деп атады. Келли мен Терстоун еңбектері 20 ғасырдың 20 -30 жылдары жарық көрді. Факторлық талдац негізінде қабілеттер тестінің көп факторлық батареялары жүзеге асты. Олар әрбір психикалық құбылыстың жекелей деңгейін өлшеуге мүмкіндік береді. Ең кеңінен таралған қабілеттер тесті «жалпы қабілеттер тестінің батареясы» (SATB). Бұл тесттер батареясы нақтылы мамандықтар бойынша қабілеттерді анықтауғы да мүмкіндік береді.

Арнайы және комплексті қабілеттер, интеллект тесті тесттердің тағы бір түрі жетістік тестінің пайда болуына ықпалын тигізді. Жетістік тестері негізінен оқу орындарында кеңінен қолданылады. АҚШ – та жетістік тесті мемлекеттік қызметке алу үшін 1872 жылдан бастап қолданыла бастады. Ал 1883 жылдан бастап олар үнемі қолданылып отырды. Жетістіктер тесті диагностикалық әдістердің көп саналған тобына жатады. Ең кеңінен таралған және қазіргі кезде де қолданылатыны «Стенфордтың жетітіктер тесті». Ол ең алғаш 1923 жылы жарық көрді. Осы тестік тексерудің көмегімен орта оқу орындарында әр түрлі сыныптың білім дәрежесі анықталды. Арнайы және жетістіктер тесттерінің дамуы өндірістік және эконмикалық саласынан практиканың талап етуінің әсерінен психотехника саласында да пайда болды.
Ақыл-ойын дамытудың психологиялық-педагогикалық диагностикасы.

Интеллект түсінігі және ақыл-ой коэффициенті. Жақын аралық даму зонасы мен өзекті деңгейлері. Ақыл-ойын дамуын диагностикалау мен жалпы қабілеттер. Эмоционалды және функционалдық күйлерін диагностикалау. Ақыл-ой дамуын диагностикалап зерттеу аумағы. Интелектіге әсер ететін факторлар тұқымқуалаушылық, жыныстық ерекшеліктер, тамақтануы, әлеуметтік мәдени орта, оқыту және т.б. Оқу көрсеткіші. Көпке танымал ақыл-ой тестісі.



Тұлғалық сапалардың психодиагностикасы.

Тұлғаның даму үрдісіндегі тұлға кейпінің өзара әрекеті. Тестер-сұрақнамалар, олардың түрлері, формалары, нәтижелерінің көрсеткіші. Тұлғалық қарым-қатынастар, эмоционалды ерік жігер сфералары, мінез-құлық, өзін-өзі бағалау. Көпке танымал әдістер: Миннесотты көпфакторлы тұлғалық сұрақнама (ММРІ) және түрлі түсті Люшер тесті. Сурет салуын байқау, жүргізу техникалары мен нәтижелерін талдау.



Психологиялық тесттер

Тесттердің алдыңғы тарихы терең ғасырларға кетеді, ол әртүрлі қабілеттер, білімдер, дағды және әдеттерді сынаумен байланысты. Тарихи мағлұматтарға қарағанда , біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықтың ортасында Ежелгі Вавилонда жазушылар дайындайтын жерде мектеп бітірушілерді сынақтан өткізу жүргізілген. Ол, яғни абитуриент немесе оқуға түсуші: төрт арифметикалық амалды білуге, алаңды өлшей алуға, рациондарды реттеуге, мүліктерді бөлуге, музыкалық аспаптарда ойнау және өлең айту өнерін игеруге тиіс болды. Сондай – ақ, маталарды, металдар мен өсімдіктерді ажырата алу дағдылары да тексерілді.

Ежелгі Египетте абыз өнеріне тек анықталған сынақтар жүйесінен өтуге қабілеттілерді ғана оқытқан. Алдымен абыз болуға, өзін ұсынушы сынақ кездесуінен өтті, танысу үрдісінде оның өмірбаяны туралы, білімінің деңгейі анықталады, сонымен қатар, түр сипаты, әңгімені жүргізе алу іскерлігі бағаланады. Бұл қатал сынақты белгілі ежелгі ғалым Пифагор бағындырды дейді.

Б. э. д екі жарым мың жыл бұрын Ежелгі Қытай елінде басқарушы чиновник қызметін атқарғысы келгендерге жеке қабілетті тексеру болыпты делінеді. Әр үш жыл сайын чиновниктер, императордың өзіне алты өнер бойынша экзамен қойылған: музыка, садақтан оқ ату, оқи білу, мерекелерді өткізу немесе салт – дәстүрді білу.



Тесттің негізгі тарихы бір ғасыр бұрын басталды. 20 ғасырдың басында ғылыми проблеменың түрі ретінде индивидуалдық айырмашылықты зерттеу болды. Бұл мәселе бірінші тесттің пайда болуына әкеп соқты. Белгілі ағылшын ғалымы Ф. Гальтон 1884 – 1885 жылдары аралығында сын жүргізді, бұл лабораторияларға келушілер аз ғана ақша төлеп, 17 көрсеткіш арқылы өздерінің физикалық сапаларын (күшін, реакцияға жылдамдығын және т. б.), организмнің физиологиялық белсенділігін және психикалық қасиеттерін біле алатын болды. Толық бағдарлама бойынша 9337 адам тексерілді.

Дж Кеттел адамның өлшенбейтін психикалық қасиеттерін, бірінші болып тестте өлшеу құралдарын көрді. Ол 1890 жылы шыққан еңбегінде 50 лабораториялық тесттер берді, бұл тесттерді біз қазір бақылау тесттері дейміз.

Ф. Гальтон мен Дж. Кеттелдің тесттік әдістері басқа елдердің ғалымдарының назарын өздеріне аудартты. Тесттің жақтастары да, қарсыластары да пайда болды. Жақтастар қатарына: Германиядан – Г. Мюнстерберг, С. Крепелин, В. Онри; Франциядан – А. Бине; АҚШ – тан – Дж. Гилберг және т. б. болды.




  1. Проективтік (жобалық) әдістер

Проективтік әдістердің тарихы – бұл хронология және жобалық техниканың дамуы мен жобалық әдістердің дамуын көрсетеді.

1904 – 1905 жылдары пайда болған Н. Юнгтың сөздік ассоциациясы проективті әдістерге әсер етті. Әртүрлі варианттағы ассоциациялы тесттер кінәлік сезімді табу үшін ( М. Вертгеймер, А. Г. Лурия) патологиядағы нормалық шектеулікте ( Г. Кент, А. Розанов) қолданылады. Проективті диагнотика 1921 жылы Берн қаласында жарық көрген Г. Роршахтың «Психологиялық диагностикасымен» байланысты болды.

Роршах бірінші болып жеке тұлғаның негізін қалаушысы мен фантазия образының арасындағы байланысты көрсетті.

Хольцманның сиядақтары әдісі үлкен стандартталғанымен және схемаланғандығымен ерекшеленеді, ол 45 карточкасы бар екі параллельді серия таблицасынан тұрады: әрбір карточкаға жауап беруші бір ғана жауап қайтарады.

Проективті әдістер адамның ішкі жан дүниесін білуге, субъективті алаң болушылық әлемін, сезімін, ойын күтуін ашып көрсетуге бағытталған.


  1. Контент – аналитикалық техникалар

Қазіргі замандағы психологиялық диагностикадағы контент – анализ іс – құжаттарының сандық – сапалық оқулары. Біздің ғасырымыздың 20 – шы жылдарынан бастап, социология мен психологияда іс – құжаттарды оқуда сандық әдістер көп қолданыла бастады. Әлеуметтік іс – құжаттарына: практикалық зерттеулер, ресми түрде және жеке іс – құжаттар, хатар, автобиография, күнделіктер, фотографиялар және т. б. массалық коммуникация материалдары, әдістер және көркемөнер және т. б.

Кеңес Одағында 20 – шы іс – құжаттарды оқуда сандық әдісті психолог Н. А. Рыбников, И. К. Шпильрейн, П. П. Блонский, социолог В. А. Кузьмичев және т. б. қолданды.

40 – 50 жылдары АҚШ – та іс – құжаттарды зерттеуде, оқуда арнайы пәнаралық әдіс – КОНТЕНТ – АНАЛИЗ қалыптасты. Кейін ол Европа елдеріне таралды.

60 – шы жылдар соңында бұл әдіс біздің елімізде социологиялық және социалды – психологиялық зерттеулерде кең қолданылуда.

Адамның дамуы және өз қабілеттерін қолдануы оның себептік сферасының ерекшеліктеріне, эмоциялық басқару деңгейіне, өзара жеке бастық қарым - қатынас сипатына, өзінде қалыптасқан өзі туралы ойларына, яғни өзіндік сапасына байланысты. Индивидтің өзі туралы көзқарасында оның жекелей сапалары және қабілеттіліктің өзара әсері анық көрінеді. Психологиялық диагностика индивидтің дамуы дамуға ықпал ететін жағдайлар туралы, жеке адамның құрылымы туралы, қалыптасу заңдары туралы білімсіз мүмкін емес. Сондықтан жеке адамның параметрлерін псхологиялық диагностикалау жалпы психологиялық диагностиканың маңызды бір бөлімін құрайды.



Тәжірибеде қолданылатын психологиялық диагностикадағы әдістердің басым көпшілігі адамдарға қатысты тілдік сипаттауда қолданылады. Мүмкін болатын жағдайда адамның мінез – құлқын болжау мүмкіндігін алу үшін психологтар негізгі ( базалық ) немесе жүйелі қалыптасқан қасиеттерді өлшеуге тырысады. Бұл қасиеттер «темперамент» деп аталатын функционалды ұғымға қатысты әрекет стилінің жалпы динамикалық құрылымдық сипатына немесе нерв жүйесінің қасиеті деген субстанционалды ұғымға жатады.

Адам жаратылыстану ғылымында объект ретінде қарастырылады. Мұнда 20 – ғасырдың басында « Жеке адам профилі » деп қабылданған параметрлер жиынтығы ретінде көрінеді. Әлеуметтік өмір жағдайларында адамның мінез – құлқын болжауға жеке адам профилін қолдануды әдетте бітістер деп атады. Әртүрлі жағдайларда индивидке қойылатын әртүрлі талаптар әртүрлі қасиеттерді белсендіреді. Ерекше ұқыптылық пен зейінділікті талап ететін жағдайларда зейінді, зейінсіз, ұқыпты, ұқыпсыздық қасиеттері көрінеді. Жеке тұлға түсінігіне әртүрлі анықтамалар беріледі. Мысалы: Олпорт 1949 жылы жеке адамға 50 әртүрлі анықтама береді. Көбінесе жеке адам терминін жеке адамды сипаттайтын психикалық қасиеттердің жиынтығы деп түсінеді. Жеке адамның көптеген және әртүрлі көрінулері жеке адамның құрылымына негізделген. Бұл құрылым өте бай, күрделі және сапалы көрінулерден тұрады. Мұндай жеке адамның жүйелі қалыптасқан параметрлеріне әртүрлі авторлар келесілерін жатқызады:




  1. себептілік, яғни мотивациялық сфера

  2. өзіндік сана

  3. өзара жеке бастық қарым – қатынас

Адам өзі туралы қандай көзқараста келеді? Осы кезде қандай ішкі әрекеттер жасайды? « Мен – бейне », « мен – концепция » қалай қалыптасады?, қазір барлық осы сұрақтар ғылыми зерттеулерде қарастырылады. Өзіндік сана деңгейлік құрылымда болады. Өзіндік сана және жеке адамның деңгейлік концепциясын Эриксон ұсынды. Адамның белсенділік негізінде өзіндік сананың деңгейлік құрылым концепциясын В. В. Столин жасаған. Өзіндік сана құрылымының маңызды сипаттамасы « Мен концепциясы » болып табылады. Бернс « Мен концепциясын » өзіне бағытталған құрылым жиыны ретінде қарастырады. Бұл құрылымға 3 компонент кіреді:



  1. « Мен – бейнесі » - индивидтің өзі жайлы көзқарасы

  2. өзіндік баға – осы көзқарастың бағасы және оның талдануы мен қабылдануы күшті эмоциялар тудыруы мүмкін.

  3. мүмкін болатын мінез – құлық реакциясы, яғни « мен – бейне » немесе өзіндік бағаны көрсететін нақты әрекеттер.

Индивидтің өзін қабылдауы және өзіндік бағалауының құралы болып оның тәні, қабілеттілігі, әлеуметтік қатынасы және т. б. жекелей көріністері бола алады. « Мен концепциясы » адам басынан өтетін әртүрлі ішкі әсерлердің ықпалы арқылы қалыптасады.

Анастазидің басқаруымен өзіндік сананы диагностикалауға арналған 4 диагностикалық әдістер қолданылады:

  1. Гохтың сын есімдер тізімі

  2. Стефенсонның Q классификациясы

  3. Озгудтың семантикалық диффренциал ( мағынасын ажырату )тесті

  4. Келлидің рольдік құрастыру тесті

Сонымен қатар, өзіндік сананы диагностикалауда стандартталған өзіндік есеп беру әдістері қолданылады. Мұнда негізінен сұрақшалар қолданады. Сонымен қатар, суреттеме әдістер бұған байланысты контент талдау әдісін қолданады. Сұрақшалар – кең көлемде қолданылғанымен берілген психометриялық терминологияда және сұрақшалар әдістемелері эмоционалды мотивацияны, мінезді зерттеу деген мағынаны білдіреді

Психологиялық диагностиканың ерекше бағыты жеке бас диагностикасының әртүрлі әдістерін жасаумен байланысты. Осы мақсатпен көбінесе тесттер емес, ал ерекше әдістер, яғни сұрақ – тапсырмалары және проективті техника. Сұрақ – тапсырмаларды жаратылыстану ғылымдарынан алып, ең бірінші Ч. Дарвин болды. Сұрақ – тапсырмалары бұл әдістер тобы, оның тапсырмалары сұрақ және бекітулер түрінде берілген, ал зерттелінушінің міндеті өзі жайлы кейбір мағлұматтарды жауап ретінде хабарлау. Алғашқы психологиялық диагностикалық сұрақ тапсырмалардың пайда болуы Гальтонның есімімен байланысты.



Өткен ғасырдың соңында сұрақ – тапсырмалары әдістерінің көмегімен есті зерттеу ( Бине – Куртье ), жалпы түсінікті анықтау ( Рибо ), іштей сөйлеуді анықтау ( Сен – Поль ), және т. б. зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Жеке бастың сұрақ – тапсырмаларының үлгісі ретінде американ психологы Роберт Вудворт 1919 жылы жеке бас туралы берілгендер бланкасын жасаған.

Жеке басты зерттеудің келесі бір түрі – проективті техника. Проективті техниканың бастамасы ретінде сөздік ассоциациялар саналады. Ол ассоциацивтік теориялар негізінде пайда болды. Ең алғаш рет ағыошын дәрігері Гаркли ассоциация бүкіл психологиялық әрекетті түсіндіретін универсалды категория деп атады.

Проективті әдістердің кең тараған түрі швейцар психологы Герман Роршах 1921 жылы жасаған әдістерін « сия дақтары » деп атады.

Ерте пайда болған әдістеме «Тематикалық апперцепция тесті». Бұл тесттің авторы Морган және Мюррей 1935 жылы жасаған. Осы әдістерді белгілеу үшін 1939 жылы Франк проекция түсінігін ұсынған.
ІІІ. Бүгінгі дәріс бойынша мен сендерге сұрақ қоямын, бәріміз жауап беруге тырысайық.

  1. « Мен – бейнесі» дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Анастази өзіндік сананы диагностикалауға неше әдістер қолданады?

  3. Сұрақ – тапсырмалар туралы не айтасыңдар?

  4. Проективті техника әдісі туралы не айтасыңдар?

  5. Жалпы жеке адам сапаларын зерттеуге байланысты қандай әдістерді айттық?



Мектеп жасына дейінгі балалардың психодиагностикасы.

Мектеп жасына дейінгі балалардың психодиагностикалау ерекшеліктері.

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерінің психодиагностикасы. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасы мен жеке адамдық қарым-қатынасының психодиагностикасы.

Мектепке дейінгі балалық шақ танымдық іс-әрекеттің даму және қалыптасу кезеңімен сипатталса, алты жасқа қарай баланың сөздік қорының көбейетіні соншалық, ол күнделікті тұрмысқа қатысты және өзін қызықтырған нәрселер жайында екінші адаммен оп-оңай түсінісе алады. Егер қалыпты дамыған бала үш жасында 500-дей сөз қолданса , алты жасар бала 3000-нан 7000-ға дейін сөз қолдана береді. Алты жасар баланың сөздік қоры зат есім, етістік, есімдік,сын есім,сан есім, шылау сөздерден тұрады. Психикасы дұрыс қалыптасқан балаға тән нәрсе - оның білуге құштарлығы. Баланың білмекке құштарлығы үнемі айналадағы дүниені танып білуге және өз санасында осы дүниенің өзіндік бейнесін жасауға бағытталған. Бала ойын үстінде тәжірибе жасайды, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділікті анықтауға тырысады.

Бала білуге талпынады, білімді меңгеру үстінде оны «не үшін», «қалай», «неліктен» деген сан алуан сұрақтар мазалайды. Ол білімге жүгінуге, жағдайға орай өзі білмейтін сұрақтарға қисынды жауап іздеуге тырысады. Алты жасар бала кейбір мәселелерді шын жағдайға орай шешудің жолдарын қарастырады, ол тіпті оларды ойша шешуі де мүмкін. Ол нақты жағдайды болжамдап, оны көз алдына елестетуге әрекетте жасайды. Үлкендер мен құрдастары тарапынан балаларға тигізілетін ықпал негізінен іс-әрекет барысында жүзеге асады.

Үлкендер балалардың іс-әрекетін ұйымдастыра отырып ойындар мен суреттердің сюжеті жайында кеңестер мен нұсқаулар береді, бейнелейтін адамдардың өзара қарым-қатынастарымен және амалдарымен балаларды таныстырады, балалардың өздерінің іс-әрекеттері мен құлықтарына белгілі талаптар қояды, оларға баға береді, іс-әрекеттер барысында пайда болатын қиындықтар мен жанжалдарды шешуге көмектеседі. Балалар қоғамының негізін және оның мүшелерінің жеке басын дамытуға көмектесетін бірлескен іс-әрекетті орындағанда ғана балалар бірігеді және өзара әр түрлі қарым-қатынасқа түседі.

Адамның жеке басының дамуы үшін ойынның неғұрлым маңызды мәні бар. Балалар өздері үлкендер ролін ала отырып, олардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын елестетіп, үлкендер өздері еңбек және қоғамдық қызметте, өзара қарым-қатынаста жетекшілікке алып жүрген мінез-құлық ережелері мен қағидаларының өздері түсінген түрлерімен танысады. Мысалы, бала шеберханадағы жұмысшының ролін орындағанда ауруға деген қамқорлық пен ілтипаттылықты көрсете білуге тырысады.

Сөйтіп, біз жеті жаста балада келесі жас кезеңге-мектептік балалық шаққа өтуге байланысты алғышарттар бар екендігін көреміз.

Алты жасар баланың мектепте оқуға даярлау және мектепте оқуы барысында жоғарыда айтылған психологиялық даму заңдылықтарын есепке алу керек.

Бала оқушының жаңа әлеуметтік статусын меңгеруге даяр бола тұра, соған талпынысын білдіреді. Баланың ерік қасиеттері дамуының үлкен мәні бар, онсыз бала өзінің, мінез-құлқын саналы түрде реттеп, оны оқу міндеттерін шешуге бағындырып, сабақта өзін ұйымшыл түрде ұстай алмайды. Баланың тек сыртқы мінез-құлкы ғана емес, сонымен бірге ақыл-ой әрекеті де — оның зейіні, есі, ойнауы — ықтиярлы түрде басқарылуы тиіс. Баланың бақылай білуі, есте білуі, есте сақтай білуі және сондай-ақ мұғалім қойған міндеттерді орындай білуі қажет. Ең алдымен бала мектепке физиологиялық тұрғыдан даяр болу керек. Физиологиялық қасиеттердің ішінен ең маңыздысы бұл төзімділік. Ол кез-келген істің сәтті болуын, сонымен қатар мектеп бағдарламасын сәтті меңгеруге қажетті жұмысқа қабілеттілікпен тығыз байланысты.

Бала мектепке барған кезде біз бала организмінің пісіп-жетілуі аяқталмаған, функционалды ерекшеліктері қалыптасып болмағандығын ескеруіміз керек.

Психологиялық даярлықтың нақты мазмұны тұрақты болмайды, ол өзгеріп, байытылып отырады. Ғылым және техниканың қазіргі кезде жоғары деңгейде дамуы, қоғамның дамуы мектепте оқыту мазмұнының және әдістерінің өзгеруін талап етеді.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мақсатты бағытталған педагогикалық іс-әрекет баланың психикалық дамуын анықтаушы фактор екендігі анықталды.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:



  1. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктері қандай ?

  2. Оқушыларды кәсіптік бағдарлау жұмысындағы педагогикалық диагностиканың алатын ролін қалай анықтай аламыз ?.

Әдебиеттер:

1. Фридман Л.М., Пушкина Т.А., Каплунович И.Я. Изучение личности учащегося и ученических коллективов: Кн. Для учителя.- М.: Просвещение, 1988. 100, 101, 102, беттер.
Сынып ұжымының тәрбиелік мүмкіндігінің диагностикасы.

Ата-аналардың мінез-құлық бағыттылығы мен педагогикалық мәдениетін, оның мүшелерінің бірлескен іс-әрекетке даярлығын, ұйымдасқандығын және психологиялық коммуникативтігін сипаттайтын критерилер бойынша бағалауға болады.



«Ата- аналар үшін тест»

« Сіз қандай тәрбиешісіз»

1.Балаңыз мектепте бір оқушымен төбелесіп сізді мектепке шақыртты. Сіз не істейсіз?

а) қызу үстінде баланы жазалайсыз

б) себебін біліп, сосын не істеу керектігін шешесіз

в) ен әуелі сынып жетекшісімен сөйлесесіз

2.Сізге көмектесіп жүріп балаңыз вазаны сындырып алды. Сіздің реакцияңыз:



а) желкеден нұқып жібересіз

б) «кет бұл жерден!» сенің көмегіңсіз өзім-ақ істеп аламын

в) баланы тыныштандырасыз-ол оны әдейі істеген жоқ қой

З.Егер сіз ұлыңызды немесе қызыңызды жазалаған соң дұрыс істемегеніңізді білсеңіз, онда:

а) өз беделіңізді түсірмеу үшін, үндемей қоя саласыз

б) кешірім сұрайсыз

в) өз кінәңізді мойындап, үлкендердің де қателесетінін айтып түсіндіресіз

4.Сіз шаршап келгенде, балаңыз сұрақтар қойып, мазаңызды алады. Сіздің реакцияңыз:

а) «сенен бір минут болса да дем алайыншы» деп оны тоқтатып тастайсыз

б) тез құтылу үшін, ойланбай жауап бере саласыз

в) шаршап тұрғаныңызды айтып, әңгімені басқа уақытқа ауыстыруды өтінесіз,сол жерде уақытын айтасыз

5.Балаңыз шығарма жазуға кемектесуіңізді сұрайды. Сіз не істейсіз?

а) оған кешіре салуды ғана қалдырып, жазып бересіз

б) «өзің жаз, тек сонда ғана бір нәрсеге үйренесің» деп қатал айтасыз

в) тақырыпты таңдауға, әдебиетті қарастыруға көмектесесіз, тек содан кейін
өздігінен жазуды ұсынасыз.

6.Ұлыңыз немесе кызыңыз сізден: «Мама өтінемін мысық асырайық»-дейді. Не деп жауап бересіз?

а) ешқашан, ол менің уақытымды алады

б) жарайды, асырайық , мен саған оны күтуге көмектесемін

в) егер сенің асырағын келгені рас болса, алайық, бірақ есінде болсын, оны өзіңе күтуге тура келеді

Егер сіз 6 рет жауап бергенде «в» вариантын тандасаңыз, онда сіз жақсы тәрбиеші және психологсыз.

Егер ондай жауап сізде жартысы болса, онда сізге біраз өзіңізге қарау керек.



Егер одан да аз болса, онда сізге шындап ойлануға тура келеді.

Әдебиеттер:



  1. Немов Р.С. Психология. Кн.3. М., 1995. 256 бет.

  2. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. Т.1. Владос, 2001. 50 бет.


Сыныптағы оқу процесінің жалпы жағдайының диагностикасы.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу қызығұшылықтарын анықтау. Бастауыш сынып орқушыларының танымдық қызығушылықтары. Оқу үлгермеушілігінің себептері.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінің мотивін сұрақ-сауал әдісімен анықтау.

Сынып оқушыларына келесі нұсқау беріледі: «Сұрақ-сауалды дейінмен оқыңдар және сенің тілегің мен бағытыңа сәйкес келетін бөлімдерді сызыңдар. Сауалнаманы толықтыруларыңа болады. Аты-жөндеріңді жазбауларыңа болады».




        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет