Қазақстан республикасының білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет2/79
Дата22.04.2022
өлшемі2,22 Mb.
#140355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
Адилова Қабылдау стилистикасы

 
 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У



К І Р І С П Е 
ХХ ғасырдың 60-жылдарының соңына дейін тіл жүйесіндегі ең көлемді 
бірлік сөйлем деп ұғынылып келсе де, қандай да болмасын тілдік бірлікті 
қарастырған зерттеу еңбектерінің кез келгеніндегі мысалдардың бәрі 
эстетикалық-концептуалды тұрғыдан аса маңызды, қалың көпшілікке белгілі 
көркем шығармалардан алынғаны мәлім. Алайда өз контексінен үзіліп 
алынған түрлі сөйлемдердің жеке тұрып тиянақталған ойды бере алмайтыны 
байқалған сәттен-ақ зерттеушілер тіл жүйесіндегі одан да үлкен тілдік 
бірліктерге назар аудара бастады. Ғалымдар арасында ондай тиянақталған 
күрделі ойды білдіретін тілдік бірлік ретінде семантикалық, лексикалық, 
грамматикалық тұрғыдан өзара байланысты бірнеше сөйлемдер тізбегін 
түсіну қалыптасты. Бұл тілдік бірлік лингвистикада түрлі атаулармен белгілі 
болса да, олардың белгілі бір заңдылықтар негізінде туындайтыны, 
түзілетіні, түрлі байланыстарға сүйенетіні дәлелденді және олар көлемді 
туынды аясында өзінің алдындағы, өзінен кейінгі синтаксистік 
конструкциялармен де қатысын жоғалтпайтыны байқалды. Осының 
нәтижесінде мәтіннің тұтас өзіне де назар аудару қажеттілігі туындады. 
Шын мәнінде, әр тілдегі функционалды стильдердің ерекшеліктері, 
құрылымы, ортақ заңдылықтары, лексика-фразеологиялық құрылымының 
нормасы мәтіндер негізінде сипатталып, қалыптасты. Солай бола тұрса да 
ұзақ уақыттар бойы мәтін біртұтас, тиянақталған лексика-семантикалық
жүйе ретінде зерттеу нысаны бола алмады. Бұл күні бүгінге дейін 
зерттеушілердің бірнеше буынына қайшылықты пікір білдіруге негіз болып 
отырған мәселеге байланысты, яғни мәтін тіл жүйесінің бірлігі ме, әлде 
сөйлеу бірлігі ме деген сұрақ.
Мәтін өзінің коммуникативтік, функционалдық, прагматикалық, 
ақпараттық сипатына сай қоғам, мәдениеттен тыс қарастырыла алмайды, сол 
себептен оны жазба тіл мен сөйлеу актісі деп қарастыру жеткіліксіз. Мәтін - 
функционалды-коммуникативті тұрғыдан сол тілдік-мәдени кеңістікте өмір 
сүріп, шығармашылықпен айналысып отырған тілдік тұлғаның шығармасы 
және ондағы басқа адамдар тұтынатын туынды. Сол себепті тілдік жүйенің 
барлық деңгейіндегі бірліктерден тұратын мәтіннің өз бірліктері мен 
санаттарын анықтау қажеттілігі пайда болады. 
Қандай да бір қоғамның әр қилы салаларындағы коммуникацияны 
орнықтыру, жеңілдету, жеделдету үшін қолданылатын мәтіндер бірнеше 
функционалды типтерге бөлінеді. Олардың әрқайсысының өзіне тән узуалды 
құрылымы, сөзқолданысы, синтаксистік конструкциялары болады. Мұндай 
мәтіндер 
дәстүрлі 
стилистикада 
сөзқолданыс 
ерекшеліктері 
мен 
заңдылықтары тұрғысынан зерттеліп, функционалды стилистиканың жеке 
сала болып қалыптасуына көп ықпал жасады. Мәтіндердегі мағыналық 
ұйытқы сөздердің қолданылу жиілігі, белгілі бір тақырыптық-семантикалық 
өріске қатысты сөздердің түрлі (парадигматикалық, синтагматикалық) 
байланыстары, ой қозғалысын қамтамасыз ететін тілдік бірліктердің барлық 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У



мәтіндерде бірдейлігі, мәтін бөліктерінің формалды құрылымындағы 
тұрақтылық мәтін түзу заңдылықтарын сипаттауға мүмкіндік берді.
Ал мұның өзі мәтіндердің түзілуіне әсер ететін лингвистикалық және 
экстралингвистикалық 
факторларды 
нақтылауға, 
мәтінді 
қабылдау 
инвариантын анықтауға, олардың басқа мәтіндермен, семиотикалық жүйе 
туындыларымен байланыстарын іздеуге қозғау салды. Бұл орайда көркем 
шығармаларды қабылдап, түсіну, қарастыру, интерпретациялау, зерттеуде 
аталған ерекшеліктер айрықша маңызды екені дәлелдеуді қажет етпейді. 
Қалай дегенмен де көркем мәтін аса күрделі семантикалық-құрылымдық 
жүйе ретінде өзіндік ерекшеліктерге, ортақ заңдылықтарға ие. Өзінің 
семантикалық көп қатпарлылығына, эмоционалды-экспрессивтілігіне, 
коннотативтілігіне, субъективтілігіне орай көркем мәтін оқырманнан да 
қандай болмасын білім аясын қажет етеді. Сондықтан көркем мәтін тек 
автордың тілдік құзіреті, әлемді тілдік бейнелеуі, ниеті, мүмкіндігі 
тұрғысынан ғана емес, оқырманның қабылдауы позициясымен бірлікте 
қарастырылуы қажет.
Қазақ ұлттық тіл білімінің, әдебиеттануының негізін салушы А. 
Байтұрсыновтың: «Айтушы ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. 
Сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек» [1:349] 
деген пікірі осы ұстанымның дұрыстығын дәлелдейді, яғни автордың болмыс 
өмірді өз бетінше қабылдап, дербес түйсінуі, оны эстетикалық өңдеуі, ой-
ниеті басқа адамға, демек оқырманға арналады. Ал оқырман өз кезегінде сол 
шығарманы түсіну үшін ондағы тілдік бірліктерді жақсы, барабар 
(адекватты) түсінуі қажет. Ол үшін оның тілдік құзіреті, жады дәл 
автордікіндей болмаса да, соған жуық, жақын болуы тиіс. Сонда ғана ол 
көркем туындының эстетикалық ақпарын, құндылығын сезіне, бағалай 
алады, өйткені адамның кез келген шығарманы қабылдауы эстетикалық 
ләззатқа [2; 3] негізделеді. 
Қабылдау стилистикасында қаламгер – мәтін – оқырман ҥштағаны 
ақпарат жіберу жҥйесі ретінде тҥсінілетіндіктен, стилистикаға ақпарат 
теориясынан ауысқан ақпарат, код, кодтау, кедергі, байланыс арнасы, 
декодтау (хабарды қабылдау) ҥдерісі сияқты терминдер арқылы оқырманның 
мәтінді тҥсінуі, оны талдауы, интерпретациялауы сипатталады.
Қабылдау стилистикасында талдаудың негізгі қағидаты ретінде бір 
немесе кӛбінесе әр тҥрлі деңгейдегі элементтердің арасындағы маңызды 
семантикалық қатынастар барлығын кӛрсететін хабар элементтері ретінде 
оқырмандардың назарын аударатын формалды ҧйымдасу тәсілдері, яғни 
кӛркем шығарманы эстетикалық-прагматикалық қҧрылым ретінде тҥзуге 
қызмет ететін, оқырманның назарын қажетті ақпарға аударуға ықпал 
жасайтын, кӛмектесетін элементтерді алға шығару немесе ҧсыну қағидаты 
аталады. Ғылыми айналымда оның негізгі типтері ретінде конвергенция, 
бірігу (сцепление), ойдан шықпау эффектісі (эффект обманутого ожидания – 
алдамшы ҥміт әсері, жалған сенім әсері немесе алдамшы сенім әсері), 
қайталама және контраст кӛрсетіледі.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У



Оқырман көркем мәтінді толық, дұрыс қабылдау үшін ондағы автор 
қолданған түрлі тілдік құралдарға назар аударады, яғни көркем шығармадағы 
ең маңызды, мәнді деген мағыналық-құрылымдық бірліктер қайтсе де көзге 
түседі. Ұсыну қағидатына сәйкес келетін тілдік-стилистикалық тәсілдер 
дәстүрлі стилистикада әрқайсысы жеке-дара сипатталып келсе де, олардың 
біртұтас мәтін көлемінде қолданылуы белгілі бір концептуалды ақпарды 
өзектендіру және тиянақталған текст семантикасын интеграциялау мақсатын 
көздейтіні қабылдау стилистикасы аясында нақтыланды. Көркем мәтіннің 
вербалды құрылымында оқырман үшін ұсыну қағидатына сәйкес қызмет 
атқаратын тілдік бірлік ретінде түрлі интертекстуалды элементтерді де атауға 
болады [4; 5; 6]. 
Әр қаламгер белгілі бір объективті шындықты бейнелеу ҥшін белгілі бір 
тәсілді, жанрды қолданатыны, жалпыхалықтық тілден ӛзінің ой-пікіріне сай 
сӛздерді таңдап, сҧрыптап алатыны және оларды лайықты, тиімді 
синтаксистік қҧрылымда жҥйелейтіні мәлім. Сол себептен де кӛркем 
мәтіннің вербалды қабатында оның семантикасының, модальділігінің
тҥзілуіне, кейіпкер бейнесін ашуға қызмет етіп, оқырман назарын бірден 
аударатын әр алуан фонетикалық, лексикалық қҧралдар, синтаксистік 
конструкциялар мен келтірінді қҧрылымдар жиі кездеседі.
Мәтін лингвистикасы мен грамматикасы мәтіннің жалпы тҥзілу 
заңдылықтарын, формальді қҧрылымы мен механизмдерін, сӛйлем, абзац, 
кҥрделі синтаксистік тҧтастықтар арасындағы байланыстарын қарастырады. 
Сондықтан мәтін лингвистикасының нысаны – мәтін тҥзуші қҧралдар мен 
санаттар. Мәтін лингвистикасы мәтін синтактикасы мен семантикасы, 
грамматикасы мен прагматикасынан тҧрады. Синтактика мен грамматика 
мәтіннің байланыстылығы мен тҧтастығын, мәтін дамуындағы тема-ремалық 
динамиканы зерттесе, семантика оның мазмҧндық жағын, оны қҧрайтын, 
ашық және жасырын тҥрде берілген мәністерін қарастырады. Мәтін 
семантикасы мәтінді тҥсіндірумен, оны интерпретациялаумен айналысатын 
герменевтикамен тығыз байланысты. Мәтін прагматикасы сӛйлеу 
субьектісімен, адресатпен, олардың ӛзара қарым-қатынасымен байланысты 
туындайтын мәселелерге назар аударады, ӛйткені прагматиканың нысаны – 
қарым-қатынасты, дискурсты тиімді қҧру. Осы тҧрғыдан алғанда, қабылдау 
стилистикасы прагматикамен тікелей байланысты. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У



МӘТІН - НЕГІЗГІ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЫСАН 
1. Мәтін ұғымы туралы 
2. Мәтіндердердің функционалдық типтері 
3. Мәтінді зерттеу бағыттары 
4. Көркем мәтін ұғымы туралы 
Адамзат дамуының әр кезеңі ғылым мен мәдениеттің, әдебиеттің 
қалыптасуы, өркендеуі, зерттелуі туралы өзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, 
жаңа бағыттар, жаңа танымдық аппарат пен жаңа терминология тудырып 
отыратыны белгілі. Сол себептен де болар, ХХ ғасырдың соңғы ширегі мен 
ХХI ғасырдың басында көптеген ғылымдар салаларында қолданылып жүрген 
және терминдік дефинициясы сан алуан сөздің бірі – мәтін және оның 
дериваттары. Мәтін сөзінің алғаш қолданылуы XVIII ғасырдың аяғына 
қарай ағылшын тіліндегі деректерде байқалды. Содан бері мәтін сөзінің 
қамтитын ұғымы біресе кеңейіп, біресе тарылып, көлемдері әр түрлі 
дефиницияларымен ғылыми айналымнан түспей келеді. Әу баста көркем 
әдебиет мәтіні сөз тіркесінің құрамында филология саласының зерттеу 
нысаны ретінде қарастырылып, танылған мәтін лексемасы және оның 
дериваттары қазір лингвистика, әдебиеттану, терминтану, терминография, 
философия, 
информатика, 
психология, 
феноменалды 
психиатрия, 
мәдениеттану, информациология, сөйлеу актілерінің теориясы сияқты 
ғылымдарда қолданылып жүр. Әлемдік зерттеу тәжірибесінде мәтін сөзінің 
300-ге жуық анықтамасы барлығына қарамастан, оның барлық ғылымдарда 
ұстанатын бірізді дефинициясы әлі күнге дейін жоқ. Ғалымдар арасында 
мәтіннің не екендігі, оның тіл жүйесіне әлде сөйлеу тіліне қатысы туралы 
пікірлер плюрализмі бар. 
Мәтін - лингвистикалық тұрғыдан сипатталуы өте қиын, күрделі нысан, 
өйткені оның мазмұны оны құрайтын абзац немесе күрделі синтаксистік 
тұтастықтардың жай ғана қосындысы емес. Оның мән-мағынасы тек 
лингвистикалық нақты бірліктер ғана емес, солармен қатар сол кезеңдегі 
түрлі экстралингвистикалық факторлармен де байланыста болады. Ол белгілі 
бір мақсатты көздейтін, белгілі бір адресатқа арналған ақпардан тұрады, 
сондықтан да оның қалыптасқан формасы, қабылдап, түсінуге лайықталған 
тілдік құрылымы болады, яғни мәтінді құрайтын немесе түзетін кез келген 
элемент қалай болса солай орналаспайды, олардың арасында белгілі бір 
байланыс болады да, әрқайсысы мәтіннің тұтастығын қамтамасыз етуде 
арнаулы қызмет атқарады. Сайып келгенде, мәтіннің барлық элементтері 
автордың ниетіне сай іріктеліп, таңдалып алынады да, адресатқа сол ниетке 
сәйкес, дәл, толық ақпар жететіндей түзіледі. Мәтіннің авторы қашан да өз 
туындысын білім деңгейі, ой-өрісі, ақыл-парасаты өзімен шамалас адресатқа 
арнайды. Әрбір мәтін қоғам мүшелері үшін түрлі қызмет атқарады, оның 
ақпараттық, коммуникативтік, эстетикалық, кумулятивтік мүмкіндіктері 
адам, уақыт және кеңістік сияқты әмбебап санаттармен тығыз байланысты. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У



Белгілі бір геосаяси, әлеуметтік-мәдени қауымдастық мүшелерінің әр 
сипаттағы коммуникациясын жеңілдету, жеделдету және түсінікті ету үшін 
бәріне бірдей ортақ мәтіндер түзіледі. Бұл мәтіндерді функционалды 
сипатына қарай ресми, ғылыми, публицистикалық және көркем мәтін деп 
бөлуге болады. Бұлардың әрқайсысының түзілу формасы, қолданылатын 
тілдік құралдары, қалыптасқан құрылымы, мақсаты болатындықтан, мәтін 
нормасы пайда болды. Ал мұның өзі функционалдық сипатына қарамастан 
мәтіндердің ортақ заңдылықтар негізінде туындайтынын көрсетеді. 
Дегенмен, мәтіндердің бәрі ортақ бірдей санат-өлшемге ие бола алмайтынын 
да айтуға тиіспіз. 
Функционалды стильдердің өздері әр типтегі мәтіндерден құралатынын 
ескерсек, олардың қай-қайсысының да өз ерекшелігі болады. Ол ерекшелік-
айырмашылық лексика-фразеологиялық, синтаксистік, құрылымдық, моно- 
немесе полисемантикалылық тұрғыда танылады. 
Әр функционалдық 
стильдің міндетті, жетекші және факультативті белгілерін сипаттаудың ӛзі 
олардың семантикалық-қҧрылымдық ӛлшемдерін кӛрсете алмайды.
Стилистикалық норма - әдеби тіл нормасына қосымша, оны толықтырып, 
нақтылайтын норма деуге болады, бұл функционалды стильге қатысты 
болғандықтан, кейбір ғылыми еңбектерде функционалды норма
функционалды-стилистикалық норма деп те аталады. Бұл ұғым кез келген 
ақпараттың функционалдық жағына баса назар аударып, оның дұрыс, дәл, 
әсерлі жеткізілуін көздейді, яғни әр стильдің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес 
бұл үш шарт түрліше көрінеді. 
Стиль құраушы факторлар адресанттың ой-өрісі, білім деңгейі, 
әлеуметтік жағдайы, мақсаты, қарым-қатынас түрі, жағдайы, субъективті 
көзқарасы сияқты экстралингвистикалық факторларға байланысты болып, 
тілдік құралдардың жүйелілігіне негізделеді, яғни функционалды стильдер 
сипаттамасында осы факторларға сүйенеді. 
Функционалды стильдер арасында лингвистикалық тҧрғыдан бірізді 
сипаттауға келмейтін, тілдік қҧралдардың әр алуан тҥрін қамтитын стиль – 
ресми стиль, себебі оның ӛзі бірнеше шағын стильден қҧралып, әр қилы 
дискурсты қамтиды. Мәселен, заң-қҧқықтық, әкімшілік, іскери дискурстарда 
қолданылатын лексикалық бірліктер мен синтаксистік қҧрылымдар бірдей 
емес.
Ресми стильдің негізгі ерекшеліктері ретінде аталатындар: қҧрылымы 
стандартты, дайын ҥлгідегі сӛйлемдер, сӛйлемдер ҧзын, сӛздердің орын 
тәртібі берік, бір мағыналы сӛздер, баяндау жҥйелілігі, номенклатуралық 
ҧғымдардың кӛптігі, бекітілген терминдердің қолданылуы, тҧрақты 
орамдардың бірегейлігі, нақты ақпаратқа қҧрылады. 
Ресми қатынаста стандартты сӛз орамдары, терминдік сипаттағы 
тҧрақты тіркестер жиі пайдаланылып, олар шаблонға айналады және бҧл оны 
кейде публицистикалық стильмен ҧқсатады. 
Ресми стильде, әсіресе, заңдарда баяндауда детализация, нақтылау қажет 
болатындықтан, сӛйлемдерде, бірыңғай мҥшелер, айқындаушы, жалпылаушы 
қҧрылымдар ӛте жиі кездеседі және бҧл сӛйлемдегі сӛздер санын кӛбейтеді. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


10 
Ресми стиль қҧжаттарында тҧйық етістік ӛте кӛп қолданылады. 
Тҥрлі айыптау қҧжаттары мен сараптау, шағым, ӛтініштерде етістіктің 
ӛткен шақ тҥрі баяндауға негіз болады.
Ресми стильге тән стильдік белгінің бірі – қасаңдық, яғни эмоцияның 
жоқтығы. Соған байланысты салыстырмалы, кҥшейтпелі шырай жҧрнақтары 
мҥлде қолданылмайды.
Ресми іс қағаздарында формасы, қҧрылымы жағынан ҧқсас, тек адамға 
бағытталып айтылатын қаратпа сӛздер, тҥсіндіру, нақтылау мақсатында 
қыстырынды қҧрылымдар кездеседі. 
Ғылыми стиль мәтіндері дискурс сипатына, прагматикасына қарай ҥшке 
бӛлінеді: ғылыми, оқу, ғылыми-кӛпшілік. Ғылыми тҧжырымдар мен 
қорытындылар тек бір саланың мамандарына ғана арналып, зерттеліп 
отырған мәселе арнайы лексика мен терминология арқылы баяндалуы 
мҥмкін. Ал оқу материалдары сол ғылым жетістіктерін жалпыхалықтық тіл 
мен терминологияны ҧштастыра отырып жеткізеді, оларда ғылыми кҥрделі 
ҧғымдар оқушы мен студенттің қабылдауына сай жеңілдетіліп, нормативті 
тҥсінік ретінде беріледі. Ғылыми-кӛпшілік әдебиеттің мақсаты бҧқара 
халықты ғылым әр саласындағы жаңалықтармен, жаңа теориялармен 
таныстыру болғандықтан, терминдер аз, кӛбіне сипаттама қҧрылымды
ҧғымдармен беріледі. Соның ӛзінде ғылыми-кӛпшілік әдебиеттің тҥсінілуі 
біркелкі болмайды, мәселен, гуманитарлық ғылымдар материиалдарын 
барлық 
әлеуметтік 
топтардың 
ӛкілдері 
тҥсінсе, 
жаратылыстану 
ғылымдарының хабарламалары туралы олай айта алмаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет