Қазақстан республикасының білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет38/56
Дата14.12.2022
өлшемі2,15 Mb.
#162848
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56
Байланысты:
Адилова Қабылдау стилистикасы

көр, бала – ел. 
«Күн мен түнді шендестіру арқылы ақын өлеңіне тағы бір 
қазақ поэзиясында кезікпеген әуен қосады» [74:] және бұл антитеза ақынның 
бірталай шығармаларында байқалады. Алғашқы шумақтағы лексикалық, 
контекстік 
антонимдер 
арқылы 
берілген 
ақынның 
субъективті 
көзқарасындағы полярлық коннотация екі дүние тіркесімен жалпыланып, 
қайтадан нақтыланып, айқындалып, «бесік» пен «көрге» айналады. Бұл 
сөздердің тура және ауыспалы мағыналарындағы қарама-қарсылық арқылы 
өз халқының болмысын тұспалдай аңғартатын философиялық астармен 
сөйлейді. «Бесік» этнографизмінің семантикасындағы пәктік, сәбилік, 
жылылық мағыналарынан күн, өмір туындаса, «көр» суық, қараңғы сияқты 
белгілерімен түн, өлім концептін вербалдайды да, контраст қоюлана түседі. 
Өлеңдегі «Қытай қорған» прономинативінің ассоциативті байланыстары да 
мәтін семантикасын толықтыруға, байытуға қызмет етеді.
Бұларға қоса қабылдау стилистикасында дәстүрлі стилистикада 
оксюморон аталатын тіркестер типті құрылымдар, хиазм типті синтаксистік 
құрылымдар, көркем мәтіннің атауы, эпиграфы, алғашқы және соңғы 
сөйлемдері (басы және соңы) айрықша қызмет атқаратыны сөзсіз. 
Көркем мәтінді оқып отырған оқырман дағдыдан бөлек сөзқолданысты 
бірден байқап, оған ойша қайта оралуға, оны басқа сөз тіркестерімен 
салыстыруға, оның сол контекстегі орнына еріксіз назар аударуға мәжбүр 
болады. Соны, тосын тілдік бірлік адам жадында ұзақ уақыттар сақталып 
қалуы да, кезі келгенде, қажетті жағдайда оны еске түсіру арқылы қайта 
қолданылуы да мүмкін. Мәселен, Г. Салықбайдың мына бір сөзқолданысы 
сондай: 
«Қаратаудың басынан 
көш 
келеді!» 
ұйқылы, 
Шатастырды есіңнен ескі арбаның шиқылы. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


61 

 Раушан гүлін неге ғана сыйладың?.. 
Раушан гүлін неге ғана сыйладың?.. 
Өлі тірі
 өсімдікті қолыма ап,
Қуана алмай өзімді-өзім қинадым. 
Ерекшеленген сөзқолданыстар оксюморон ретінде құрылғандықтан, 
оқырман сол сәтте оқу үдерісін тоқтатып, олардың семантикасына, 
уәжділігіне ой жібереді.
Ал мына мысалда оқырманның назарын аударатын құрылым – хиазм 
типті екі тіркес:
Діндарша өтірікке ерік бермен, 
Жан емен шындықтан да жеріп көрген. 
Құдайды көргенім жоқ, бірақ көрдім, 
Кісіні құдайды да көріп келген. 
Күніге құлағымда ақылды үні, 
Жаңа өлең туып жатыр, міне, 
Ол жанның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет