22
мүшеленушілік, интеграция, ретроспекция, проспекция, модальділік,
аяқталғандық (тиянақтылық - завершенность)
. «Лингвистика текста»
кітабының авторы жоғарыда аталған санаттардан басқа
прогрессия /
стагнация, көркем уақытты
қосады және оларды
мағыналық,
құрылымдық
деп екіге бөледі.
Мәтін теориясымен айналысушы ғалымдардың пікірлерін жинақтай
келе, көркем мәтіннің басқа да белгілері бар екенін айтуға тиіспіз. Олардың
қатарына мәтіннің мағыналық-құрылымдық көп қырлылығы, көп
қабаттылығы, авторлық интенцияның болуы, мәтіннің оқырмандардың
белгілі бір тобына арналуы, мәтіннің мәдени құбылыс ретінде танылуы,
мәтіннің өзінен бұрынғы мәтіндермен байланысы сияқты лингвистикалық
және экстралингвистикалық ерекшеліктері жатады. Көркем мәтін қай тілде
жазылмасын, оның туындауындағы, семантикасы мен құрылымындағы
заңдылықтар мен санаттар әмбебап болатыны байқалады. Сол себептен де
ғылыми дискурстағы интертекстуалдылық мәселелерін зерттеген Е.В.
Михайлова [46] мәтінді жүйе деп қарастырады да, ондағы санаттарды жүйе
түзуші, жүйелік жүре пайда болған және жүйелік бейтарап деп бөліп,
алғашқысына мәтіннің авторы, адресаты барлығын, ақпарлылығын,
интертекстуалдылығын жатқызады.
Жалпы алғанда, көркем мәтіннің бәріне тән ең басты санаттар -
тұтастық пен байланыстылық, ал бұларды жоғарыда атап көрсетілген басқа
санаттар қамтамасыз етеді. Көркем мәтінде бұлардың әрқайсысы жеке-жеке
көріне алмайды. Мәтіннің құрамындағы әрбір сөз, сөз тіркесі, сөйлем өзінің
алдындағы немесе өзінен кейін орналасқан сондай тілдік бірліктермен
ерекше – тақырыптық-семантикалық, парадигматикалық, синтагматикалық –
қатынаста болып, белгілі бір өріске бірігіп, байланысады да, бір оқиға,
тақырып көлемінде ақпар береді. Бұл тұтастық пен байланыстылық - автор
интенциясы мен оқырман қабылдауының жемісі, соның нәтижесінде көркем
мәтіндегі оқиға немесе құбылыс туралы біртұтас түсінік пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: