Қазақстан республикасының білім жәНЕ



Дата24.11.2023
өлшемі221,88 Kb.
#193326
Байланысты:
Сөж әлеуметтану


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Химия және химиялық технология факультеті



СӨЖ
Тақырыбы:Өз-өзіне қол жұмсаудың негізгі түрлері

Оқытушы: Авсыдыкова Куралай Адылжановна


Студент: Аппазова Зауре Ерланқызы
Мамандығы: 204К ФӨТ

Алматы, 2023 ж.



Дж.Ритцер еңбектерін пайдалана отырып, өз-өзіне қол жұмсаудың негізгі түрлерін оқыңыз және талдаңыз
Қиын да қызықты өмір жолында қандай жағдайлар болмайды, адам ғұмыры қуанышты сәттер мен қайғылы оқиғаларға толы. Өмірде кездескен қиындықтарды жеңе білу табандылықты қажет етеді. Адам алдынан шыққан қиындықты өмір тәжірибесі, осыдан мен сабақ алуым керек деп саналы түрде ұғынса, жіберілген қателіктерін екінші рет қайталамайтындай етіп ғұмыр кешуге бейімделсе, міне сонда мәнді де мағыналы өмір кешкені. Мұндай кезде барлық нәрсе адамның ерік-жігеріне және психикалық дағдарыс кезінде өзін қалай ұстай білуіне байланысты болады. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, үлгі-өнегелілікке жетелеуде ересектер міне осыны ұмытпағандары жөн. Бүгінгі таңда дүние жүзінде жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы ең өзекті мәселелердің бірі. Күніне әлемде қаншама бала осы «суицид» деген дерттің құрбаны болып отыр.
Суицид (латынша sui caedere) - ерікті және жоспарлы түрде жүретін, өліммен аяқталатын өзін -- өзі зақымдау болып табылады. Суицидальді әрекет дегеніміз - суицидальді активтіліктің, яғни суицидальді ой, ойын білдіру, суицид жасауға талпыну және қол жұмсау деп айтуға болады. Суицидальді әрекеттің түрлері:
1. Демонстративті (білегіндегі қантамырды кесу, улы емес дәрілік құралдармен улану, биіктіктен құлау, т.б.).
2. Аффективті (асылу әрекеті, токсикалық құралдармен улану, т.б.). 3. Шынайы (асылу және улану, т.б.).
Суицидальді синдром - бұл суицидальді әрекетке бел буған адамның қимыл - әрекеті мен мінез - құлқын көрсететін психологиялық симптомокомплекс. Суицидальды синдромның 2 түрі болады: 1. псевдосуицид (аффект жағдайында жасалады, ол кезде адам өзінің мәселелеріне көңілін аударту мақсатында жасалады);
2. шынайы суицид дегеніміз -- өмірден кетуді жіті жоспарлаған мақсат, (жақын - туыстары мен дос - жарандарының және өзгелердің ой - пікірлерін ескермей, олардың қайғы - мұңымен жұмысы болмайды).
Суицид себептерін 3 топқа бөліп қарастырамыз: 1. Субъектінің тұлғалық деформациясы;
2. Психотравмалық жағдай;
3. Əлеуметтік - экономикалық, қоғамдық мәселелер, т.б.
Жасөспірімдер арасындағы өзіне қол жұмсау әрекеттерінің жиі себептері:
1. Отбасындағы ұрыс - керіс;
2. Жастар арасындағы тұлғааралық қарым - қатынастың бұзылуы;
3. Жазалану алдындағы қорқыныш; 4. Махаббат проблемалары;
5. Кедейлік.
Дюркгейімнің суицид теориясына байланысты адам бір проблемаға тірелген кезде немесе ол бейімделген орта немесе әлеуметтік топ одан бас тартқан кезде ол өзін- өзі өлтіруге барады деген. Əлеуметтік байланыстардың ерекшеліктерін ескере отырып ол келесі суицид түрлерін бөліп көрсетті: эгойсттік және альтруисттік. Тағы да психопаталогиялық жағдай негізінен балалармен жас өспірімдердің социолизация деңгейімен қоғамда алатын орнына байланысты да болады. Психоанализдік зерттеулер барысында суицид ол жеке тұлғаның сексуалды бұзылысына байланысты деген тұжырымдарға келді. И.П. Павлов өзін-өзі өлтіруді мақсат рефлексін жоғалту деп түсіндірген. Осыған байланысты ол: Мақсат рефлексі әр адамның өмір мәні және энергия көзі. Өмір қызығы бір мақсатқа жетуге талпыну, егер сол мақсатқа жете алмаса мақсатты көздеп соған қол жеткізу, қызығу, ұмтылу. Соған байланысты біздің өміріміз гүлденеді және мәндене түседі. Егер адамның өмірінде мақсат жоғалса оның өмірі мәнсіз болады. Сол себепке байланысты біз өлген адамдар артынан қалған қағаздардан, олардың өмірлерінің мәні жоғалғанына байланысты олар өз- өздерін өлтіруге мәжбүр болғандарын ұғынамыз. Бірақ адам өміріндегі мақсаттар саны шексіз... Тек И.П. Павлов суицидке барған адамдардың ешқайсысында психикалық ауытқуы жоқ деген.
Суицидке кімдер бейім?
1. Өмірінде аяқталмаған суицидальді әрекетке барғандар; 2. Суицидальді ойлы, ашық қорқытулар жасағандар;
3. Өзін зақымдауға бейімділік (аутоагрессия);
4. Аффективті бұзылыстар (ауыр депрессия, невроз);
5. Отбасындағы суицидальді әрекеттің орын алуы;
6. Созылмалы алкоголизм, наркомания, токсикомания;
7. Созылмалы жазылмайтын, қатерлі дертпен науқастану;
8. Бір жыл көлеміндегі психотравманың болуы;
9. Отбасындағы, әлеуметтік, қоғамдық, тұрмыстық мәселелер; 10. Психикалық бұзылыстар.
Суициденттерді әдетте, амбивалентті сезімдер басқарады, яғни оларда бір мезгілде шарасыздық пен үміт және өмірден кетуге құштарлық пен жарық дүниеге деген қимастық сезімдері болады. Мамандардың міндеті осы кезеңде суициденттерге кәсіби тұрғыда көмек көрсетіп, оларға үміт беру, суицидальді әрекеттің алдын алу болып табылады. Мамандар суицид оқиғасының жиiлеуiне әртүрлi себептердi алға тартады. Соның ішінде әлеуметтiк жағдай, тиiстi отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, моральдық және физикалық зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, жоғары сынып оқушыларының төменгi сынып балаларының намысына тиетiн әрекеттер жасауы сияқты жағдайлар негізгі факторлар. Ал, дінге сенетін адам үшін бұл аталғандар өлімге себеп емес, пәни дүниеде әр адамға кезігетін кәдімгі жағдайлар ғана. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы 10 қыркүйекті Дүниежүзілік суицидпен күрес күні деп жариялады. Қазақстанды ВВС тәуелсіз телекомпаниясының сайтында 2016 жылы Қазақстанда өзін-өзіне қол жұмсағандар саны 48 мың адамға жетті деп, 5 - ші орынға жариялаған болатын. Бұл кестеде 1 - ші орында - Оңтүстік Корея (97 мың адам), 2 - ші орын Қытай (86 мың адам), 3 - ші орын Шри-Ланка (74 мың адам), 4 - ші орын Ресей (69 мың адам) тіркелген екен\
Өзіне қол жұмсаудың мүмкін болатын мотивтері
Көмек іздеу - өзіне қол жұмсауды ойлайтындардың көбісі өлгілері келмейді. Өзін-өзі өлтіруді олар бірнәрсені алу үшін құрал ретінде пайдаланады (мысалы, өзіне назар аудару, сүйіспеншілік, махаббат, проблемалардан құтылу, үмітсіздік сезімінен арылу...).
Үмітсіздік - өмір мәнсіз, болашаққа үміт артуға болмайды. Өмірді жақсартуда өзгерістер енгізуге еш үміттің жоқтығы.
Проблеманың көптігі – барлық проблемалардың шешілмейтіндей көрінетіндігі соншалықты, оларды бір-бірлеп шешуге ойды шоғырландыруға мүмкіндіктің жоқтығы.
Басқа адамға қатер төндіріп, жанын ауыртуға әрекет жасау – «Олар әлі өкінеді». Кейде адам, өз-өзіне қол жұмсау арқылы ол өзімен проблемаларын алып кетіп, отбасына жеңілдік жасаймын деп ойлайды.
Батылдығы мен күшін көрсету – тек батыл және күшті адам ғана өз-өзіне қол жұмсауға қабілетті деген ұғым қалыптасқан.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет