МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ
БАҒДАРЛАМАСЫ
Жалпы ереже
6М060400 – «Физика» мамандығы бойынша тапсыратын емтихан өз құрылымы және әдістемесі бойынша бакалавриаттың оқу жоспарындағы жеке пәндердің курстық емтихандарынан айырықша болады.
Емтихан кезінде, студент физика заңдарын ғылыми және қолданбалы бағытта нақты теориялық және практикалық есептер шығаруда қолдана біліп, теориялық материалдарды, жалпы әдебиеттер қорын (әдеби, ғылыми, оқулық, периодикалық басылымдарды) біліп, физика заңдылықтары бойынша білімін көрсетеді.
Ұсынылған бағдарламада, дәстүрлі «Жалпы физиканың» бес бөлімінде оқытылатын такырыптар бойынша құрылған жалпы сұрақтар шеңберінен тұрады:
- Механика;
- Молекулалық физика және термодинамика;
- Электр және магнетизм;
- Оптика;
- Атом және атом ядросы физикасы.
Берілген курс «Физика» мамандығы бойынша болашақ ғылыми-педагогикалық жұмысшыларды (магистр) дайындауда мамандандырырушы орын алады. Классикалық және қазіргі заман физикасы бойынша сұрақтар сәйкестелініп, модельдер мен теорияның, физика концепциясының заңдылықтары кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |