Глоссарий
1. Аридтік аймақ- ауа райы құрғақ аймақ.
2. Гоминид- адамның арғы ата-бабалары.
3. Плиоцен- өтпелі кезең.
4. Палеолит- ерте тас дәуірі
5. Мезолит- орта тас дәуірі.
6. Неолит- жаңа тас дәуірі.
7. Матриархат- аналық рулық қауым.
8. Патриархат – аталық рулық қауым.
9. Тұрақ-ежелгі адамдар мекені.
10. Археология- (архео-көне, ежелгі;логос-оқимын) .
11. Этнография-(этнос-халық, логос- оқимын)
12. миф-аңыз,ертегі.
13. Методология- зерттеу әдістерінің жиынтығы.
14. Шежіре- төтенше маңызды жазба дерек.
15. Руналық- ежелгі түркі жазуы.
16. Шаньюй- ғұндар көсемі, ханы.
17. Он оқ будун- 10 тайпа одағы.
18. Түркі- «төркін», «әскери ақсүйек».
19. Этногенез- халықтың шығу тегі.
20. Қаған- ең жоғарғы әскери лауазым, хан, тек.
21. Эфталиттер- ақ ғұндар.
22. Половецтер- қыпшақ тайпалары.
23. Протогород- үлкен, қала тектес қоныстар.
24. «Шад» - түмен (10 000 адам) басы.
25. Вассал- біреуге бағынышты, тәуелді.
26. Моңғол империясы- Шыңғыс хан және мұрагерлері құрған мемлекет.
27. Тархан- ақсүйектерге берілетін әскери лауазым.
28. Ұлыс бектері- тарханнан төмендеу билік иесі.
29. Қараша бектер- қара сүйектен шыққан билеуші.
30. «Яссы» (Жасақ)- Шыңғыс ханның заңдар жинағы.
31. Тамға-ерекшелік белгісі, таңба.
32. Құл- ешқандай құқы жоқ, басыбайлы адам.
33. Кесене-архитектуралық құрылыс, мазар.
34. «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) – Қожа Ахмет Яссауидың кітабы.
35. Тарихнама- шежіре, ауызша және жазбаша естелік.
36. Әз, Әз Жәнібек, Әз Тәуке- әділ билік жүргізген ел басыларына
айтылатын билік сөзі.
37. «Қасым ханның қасқа жолы» - Қасым хан кезіндегі мемлекеттік
құқықтың негізін реформалау үлгісі.
38. «Жеті Жарғы»- Әз Тәукенің билік және заң қағидалары.
39. «Қазақтардың алтын ғасыры»- Тәуке хан билік құрған жылдар.
40. «Жоңғар» - батыс-моңғол тайпалары, «сол қол » деген ұғымды
білдіреді.
41. «Ойрат» - төрт тайпа одағы деген ұғым.
42. «Қоңтайшы»- Жоңғар билеушісі.
2
43. «Ақтабан шұбырынды»- 1723 немесе Жоңғар шапшылығының
нәтижесінде қазақтардың босуы.
44. Торғауыттар- еділ бойы қалмақтары.
45. Бодандық- өз еркімен бағыну, бой ұсыну.
46. Рухани мәдениет- адамның ақыл-ойының, санасының өсуі.
47. Материалдық мәдениет- заттай мәдениет.
48. Елші-бір елдің өкілі, дипломат.
49. Төре, қожа- жоғарғы діни қабаттың өкілдері.
50. төлеңгіт- төрелерге қызмет етуші әлеуметтік топ.
51. Сұлтан- ақсүйек, Шыңғыс хан ұрпағы.
52. рулық одақ- «Ата балалары» , біріккен тарихи топ.
53. Тайпа- біріккен бірнеше рулық одақ.
54. шариғат- мұсылмандардың діни заң-қағидалары.
55. Жырау- философиялық толғау- өлең шығаратын халық әдебиет өкілі.
56. Би- шешен, халық мойындаған ру-жүз, мемлекет қайраткері.
57. Отар- бір елді екінші бір үлкен елдің күшпен немесе саяси әдіспен
жаулап алуы.
58. Зекет, харадж- алым-салық түрлері.
59. Ұлт-азаттық қозғалысы- белгілі бір ұлтты, халықты азат ету жолындағы
күрес.
60. Блокада- әскери қысым, қоршау.
61. Уақытша ереже- 1867-1868 жылдардағы реформа.
62. Облыс- 5-8 уезден тұрды (19-ғасыр)
63. Уезд- 5-8 болыстан тұрды (19-ғасыр)
64. болыс- 8-15 ауылдан тұрды (19-ғасыр)
65. адай көтерілісі- 1870 жылы Кіші жүз қазақтарының қозғалысы.
66. «алаш» партиясы- 1917 ж жілдеде Орынборда құрылды.
67. I. Дүниежүзілк соғыс- 1914-1918ж соғыс.
68. Азамат соғысы- 1918-1920 ж соғыс.
69. Автономия- жеке билеу құқығы бар мемлекет.
70. Федерация- бір мүдделі бірнеше мемлекеттер одағы.
71. Қазақ АКСР- Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы.
72. Индустрияландыру- ауыр өнеркәсіп саласын дамыту.
73. Күштеп ұжымдастыру- 1929 ж басталған саяси-экономикалық науқан.
74. «Кіші Қазан» идеясы- Ф. Голощекиннің Қазақстанда Кеңес өкіметін
орнату саясаты.
75. Репрессия- жазықсыз жазалау, қудалау шаралары.
76. Ұлы Отан соғысы- 1941-1945 ж арасындағы соғыс.
77. тың игеру- жоспарсыз егіс көлемін ұлғайту (1954)
76. АЛЖИР, КарЛАГ, ГУЛАГ- жазалау орындарының қысқарған атауы.
77. «Жылымық жылдар»- 1953-1964 жылдар аралығындағы Н.С.
Хрущевтік кезең.
78. Тоқырау жылдары- 1970-1980жж. саяси-экономикалық, әлеуметтік
дағдарыс.
79. Қайта құру – 1985ж. КСРО басшысы М.Горбагевтың саясаты.
80. Желтоқсан оқиғасы - 1986ж. жастар, студенттер қозғалысы.
3
81. Егемендік туралы декларация – 1990ж. 25- қазандағы Қазақ КСР-нің
тәуелсіздігі туралы құжат.
82. Мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, әнұран.
83. Конституция – Ата заң, мемлекеттің негізгі заңы.
84. Парламент – Заңдар шығарушы өкімет органы.
85. Сенат- Парламенттің Жоғарғы палатасы
86. Мәжіліс – Парламенттің Төменгі палатасы
87. Үкімет – мемлекеттің атқарушы органы
88. «Қазақстан-2030» - Қазақстан Республикасының 2030жылға дейінгі
даму бағдарламасы.
89. Президент – Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша ең
жоғарғы мемлекеттік лауазымы
90. Жолдау – Қазақстан Республикасы президетінің жыл сайынғы өз
халқына белгілі мемлекеттік мақсаттарды жүзеге асырудағы негізгі
мігндеттері көрсетілген қорытынды есебі мен болашақтың жоспары
Достарыңызбен бөлісу: |