Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы Мұхамедәмен бейнесі
Т.Қ. Ахатов
Ш. Айманов атындағы жалпы білім беретін гимназия мектеп-интернатының қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, ПМУ ізденушісі
Мәшһүр Жүсіп атамыз Шәрепиден, Мұхаммедәмен және Па-зыл атты үш перзент көрген. Үлкен ұлы Шәрепиден өкесінің жинаған рухани мұрасының жанашыры әрі ақсақал қайтыс болғаннан кейін ол кісінің зиратының шырақшысы болып жүріп, 1936 жылы өмірден озған.Одан кейінгі перзенті Мұхаммедәменнің тағдырын көзі қарақ-ты жұрт арғы - бергі баспасөз беттеріндегі мақалалардан жақсы біледі ғой деп ойлаймын. Қысқа қайырып айтсақ, оқу - білімді жақсы мең-геріп, соның арқасыңда ел жұмысына ерте араласқан ол Ташкенттегі педучилищеде сабақ беріп жүріп, 1921 жылы тап жауларының қолы-
нан қаза тапқан. Мәшекеңнің одан соңғы перзенті Пазыл. Бұл кісі өмір бойы мұғалім болып өткен ¥зақ жылғы ұстаздық еңбегінің жемісі елеусіз қалған жоқ. Кеңестік замаңдағы ең жоғарғы награда –Ленин орденімен марапатталып, 1969 жылы бақилыққа атганады.
Революцияға дейінгі қазақ әдебиеті тарихы, оның ішіңде 1916 жылы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісі тарихы сөз болғанда, көбінесе 5-6 ақын төңірегінен аса алмай жүрген жай бар. 1916 жыл өдебиеті дегенде, оның өзін екіге бөліп қарастыру жөн тәрізді. Біріншісі - сол 1916 жылдың өзіңде туған шығармалар да, екіншісі-1916 жыл шындығы туралы кейінірек жазылған туындылар. Біздің байқауымызша, сол 1916 жылдың тікелей өзіңде жазылған шығарма-лар мүлде аз көтеріліп жүр соның бір кәрінісі - арнайы оқулықтарда және ғылыми әдебиеттерде Әмен Мәшһүр -Жүсіпүлы Көпеевтің 1916 жыл дүрбелеңі хақында сол кезенде жазған.[2]
Әменнің өзі бала жасынан өлеңге машықтаныпты. Ол әртүрлі жағдайға байланысты өзінің сүйеніші мен күйінішін қағаз бетіне түсіріп отырған.
Әменнің айырықша ерекшелігі - жаттау қабілеті мықты болып-ты. Немере інісі Төлеубай Шөрөпи баласының айтуы бойынша ол қисса - дастандарды жатқа соғумен бірге, ақыңдардың да билердің де отты туындыларының бір сөзін мүлт жібермей ұзақ уақыт толғайды екен. Әсіресе, Қаз дауысты Қазыбек, Шоң, Саққүлақ, Бекболат, Тіленші сияқты билердің ақыл - нақыл сөздерін Бұқар, Жанақ,Сақау, Сұлтанмахмұт секілді ақыңдардың отты өлең- жырларын өз туын-дысыңдай сүйіп, сүйініп айтатын көрінед.
Әмен Мәшһүрұлы Көпеев енді өмірін жаңғыргып қазақ даласы-ның әйелдер теңсіздігін теңей білген өз заманындағы қыздарды қор-ғаштап, сол қыздарға тек әділетті жолды таңдай білген.[3]
Әмен өлең жазумен айналыса жүріп, жасынан қағылез, зерек бо-лып өсіпті. Әке мен шешенің қасы мен қабағына қарап ата - ананың жанын түсінуге,екі сөйлетпей ұғуға тырысыпты. Жұмсаған жеріне дер кезінде барып, айтқан тапсырмаларын барынша орындауға тал-пынады екен. [2]
Кейбір деректерде Әмен 1890 жылы Баянауылда туған дейді. Әкесі мен шешесі ибалы, көргенді, өнегелі етіп тәрбиелепті. 1917 жылы Семейде екі жылдық оқытушылар дайындайтын курсты жақсы бітіріп шығыпты. Ақын 1920 жылы сол замандағы ортақшыл парти-ясына мүше болып, қазақ съезіне Павлодар уезінен уөкіл болып сай-ланыпы. Осыдан кейін Орынбор қаласына ат басын тіресе керек. Әмен ақынның көптеген толғау, терме, дастандары болған да шығар. Алай-да соның көбі уақытында хатқа түспегендіктен бұл күні қолға тиген жоқ. [3].
Ал баспа сөз бетінде ақынның өлген жылы жансақ көрсетудің де куәсі боламыз
[ 1 ]-«Егемен Қазақстан» газеті, 30 сәуір 2003 жыл.
[2]-«Ұлы еді қарсы туған көк дауылға». Мақала аты.
[3]-«МәшһүрЖүсігпіңұлы». «ЕгеменҚазақстан» газеті.
мәселен Дихан Әбілов Әменді 1924 жылы тап жаулардың қолынан қаза тапты дейді. Әменнің өмірі, қалай өлгені туралы құнды деректер Жолмұрат Жүсіпұлы қолжазбасында баршылық: « Совет өкіметі келген уақыттарда бір кедейдің қызы бір ауқатты адамға әйелдікке ықтиярсыз сатылып кетеді екен. Совет өкіметі орнаған соң, жалпы әйел теңдігі, бостандығы, правосы берілген соң әйел №14 интернат мұғалімдеріне, Әменге келіп, жөн - жайын айтып, сүймегенінен айрылу босану жолын сұрайды. Әмен ерекше турашыл, әділшіл еді. Ол осы әйелдің арызын, өтініштерін жазып беріп, әйелдер правосын қорғайтын заң орыңдарына бергізеді. Заң орыңдары іс қағазды тексеріп, әйелге бостандық береді мұнан кейін әйелдің бұрынғы күйеуі Әменге қас болып, аңдып жүріп, қапысын тауып жарып өлтіреді. Әмен өкімет тәрбиесіне толық кездесе алмай, мақсатына жете алмай, жүрегіндегі асыл сөздерін, жақсы пікірлерін көшшлікке көрсете алмай кетті. Ол сол уақытта Ташкеште шыққан «Ақ жол » газетіне бірнеше мақала, өлеңдер беріп тұрды».[2]
Бұған дейінгі өлеңдері Мәшһүр - Жүсіптің ортаншы ұлы Мұхаммедәмен туындысы ретінде саналып келді. Оған 1916 жылы Ресей патшасының июнь жарлығына сәйкес Әменнің майданға қара жұмысқа аттануы - бәрі оқиғаның жуан ортасында жүрген бас қаһарман атынан баяндалуы негіз болды. Әйтсе де Мәшһүр - Жүсіптің кезіңде Иманжүсіп, Мәди т.с.с. атынан өлең жазған демек Әменді алға ұстап шығарма жазуы мүмкіндігін ескерген жөн. Бұл туындың авторы Мұхаммедәмен емес, Мәшһүр Жүсіп екендігін ақынның Мәдина деген қарындасынан туған жиені Жолмұрат Жүсіпұлының өз қолымен жаздырып қалдырған мына ескерту арқылы анықтадық: «Мәшһүр Жүсіптің 1916 жылғы июнь жарлығымен Мұхаммедәмен деген баласы призывқа алыньш бара жатқаңда: « Әменнің жазып кеткені» - деп, жазған өлеңі.»
Әмен 1916жылғы июнь жарлығы тұсында майдан жұмысына алынып, сол дүрбелеңнің ішінде болған адам. Сол жылдарда көрген білгені туралы біраз шығармалар жазған.
Жолмұрат Жүсіпов естілгенде Әмен Көпеевтің туындылары сол өзі өлген Ташкент қаласында қалғаны, біреулердің қолындаболуы мүмкін екені, оны іздестіру керектігі айтылады.
Соңдай - ақ белгілі жазушы Зейтін Ақышев Әмен ақынның 1920 жылдары Коммунистік партияға мүше болып, мемлекеттік жұмыстарға қатысқаны туралы айтады. [2]
« Қазақтың кем, қор әйеліне теңдік әперем деп өлетін жігіт аз. Әйел теңдігі үшін бірінші құрбан болған жігіт - Әмен. Қазақ халқы жоғалмай жасайтын болсақ, әйелдер Әменнің атын алтьш жазумен жазып бойтұмар етіп сақтай, маңдайшасына іліп қоюға міндетті...»-дейді Жүсіпбек Аймауытов қатты тебіреніп толғаған, қайғылы қазаға ұшыраған Әменнің қасиетін қара сөзбен жырлаи берсе, ешбір таңда-нуға болмайды. Мұны біз жазушының байыған, түйген, сезген шыны мен сыры деп білеміз.
«Неге ерте мезгіл жол қартайдың деп, Әменді көрген болсаң кінә қойма?» - деп Мәшһүр Жүсіптің өзі толғағандай ел - жұрт дегенде іші - бауыры елжіреп тұрған жақсы азамат жалыңды ақын Әмен өз халқымен бірге жасай береді.
Ақын Өтебай Тұрманжанов « Қазақстан пионер » газетінің 1958 жылғы 24 сентябіріндегі «Жассұңқар» мақаласыңда: «... жиналысты ана тілі мұғалімі Әмен Жүсіпов дейтін ағамыз ашты.[3]
-Біздің мекгебімізде комсомолдар құруға Ғани Мұратбаев жол-дас келіп отырды Мұратбаев жолдасқа берілді деді,- деп жазып еді. Журналист - жазушы Жүсіпбек берілді, көпқыз құтқарылып, ұйымға оқуға тартылды. Феодалдар, ишан- молдалар
[2]-«Ұлы еді қарсы туған көк дауылға».Мақала аты.
[3]-«Мәшһүр Жүсііггің ұлы». «Егемен Қазақстан» газеті.
бұған оңай көне болған жоқ. Еріксіз күндіктік жүрген қыздарды босатқаны үшін Арыстан еңбегінде: « Социолистік Қазақстан», 1958 жылы: «Күн сайын комсомол жиналыстарыңда, комитеттерде паранжі салтанатпен ашып қалың малға қатты соққы оқушы комсомолец Әмен Жүсіпов Ташкетте қаза тапты»,- делінген. Соңдай - ақ жазушы Жайық Бектұров жазған мына мәлімет бар: « Әмен Жүсіпов 1920 жылы Орынборда тұнғыш Советтер съезіне Керекуден делегат болып қатысып, аз уақыт болса да белсенді совет қызметкері болған».
Енді біз Әмен ақынның өмір жолына көз жайып көрейік. Әмен-Мәшһүр Жүіпгің ортаншы ұлы. Ол кісінің айтуынша: «өзінен өте туған баласы - Әмен». Мәшһүр- Жүсіптің жиені Жолмұрат Жүсіпов
жазбасында: «Әмен арапша, парсыша, түрікше, орысша, қазақша орта сауатты мұғалім еді делінген.
Әменнің мезгілсіз өлімі Мәшһүр -Жүсіптіп көңіл - күйіне, денсаулығына, шығарма жазу - жазбауына да көп әсер еткені туралы мәліметтерді Жолмұрат жазбасынан кездестіреміз.
«Әмен Мәшһүр - Жүсіпұлы Көпеев дүниеден қайтқаннан кейін өзінің қызмет істеп, еңбегін сіңіріп келе жатқан №14 қазақ мектебі, оңдағы жастар клубы, бау- бақшасы, тағы әлденедей ұйымдары марқұм Әмен Жүсіпұлының атында болмақшы болды»,- деп жазған.[2]. Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығындағы Мұхаммедәмен бейнесіне келетін болсақ, Мәшһүр Жүсіптің « Мұхаммедәменді жоқтау», «Мәшһүр Жүсіптің Әмен атынан сөйлегені» өлеңдеріне талдау жүргізе отырып толықтырамын.
Мұхаммедәмен бейнесін толықтыра түсетін «Мәшһүр Жүсіптің Әмен атынан сөйлегені» атты өлеңіңде. Мұхаммедәменнің өмірі мен атқарған қызметі туралы өлең түрінде жазуда бір себебі мынада біріншіден, Мұхаммедәмен қазаққа еңді таныла бастаған болды. Баласының атын жаңғырту яғни ел есінде қалсын деген атпен өз шығармашылығына арқау еткізсе, екіншіден, 1916 жылғы оқиғаларға арналған шығармалардың тақырыбына ұлғайта түскеңдей.
Мұхамедәменнің атынан баяндай келіп, Мәшһүр Жүсіп қош-тасу сарынын кейіпкердің атынан бьлай баяңдайды. Мәшһүр Жүсіп Әмен атынан сөйлегені өлеңінде:
10-шумағында:
Жарқырап ай мен күндей келер едік,
Құламай аман өтсек бағанадан.
Не болар артта қалған үйдің іші,
Тұрған соң бала айырылып ата-анадан?!
- бұл шумақта үй - іші, ата - ананың қамын ойлаған бала туралы жазады.
12-шумағында:
Тетелес қарындасым Әминажан,
Айтайын саған еңді кімнен сәлем (салам)?
Екеуіміз бір ұяда қалын едік:
«Тұрар деп қылып дауа!»-ойыма алам,
- бұл шумақта жалғыз қарындасты аңсаған аға мұңы туралы жазған.
14-шумағыңда:
Төрт бөліп түн ұйқысын тұратұғын,
Қайтейін жоқтығыңды, қайран анам!
«Әкеңнің ең жақсы – жездедей - ақ»,-
Соны айтқан бұрынғыда әулие адам,
- бұл шумақта ананың қадір қасиетін анаға жетер асқар жан жоқ дегендей бұл өлеңде анасыз өмір жоқ екендігі жайлы айтылған.
[2]-«Ұлы еді қарсы туған көк дауылға».Мақала аты.
Ақын өлеңде тағы бір қыры сол замандағы ел бейнесінде он тоғыз, және отыз бір жастағы адамдар арасында список құрып қара жұмысқа салып, болыстар байларды ірікееп алып қалғанды озбырлықты жазады.
Жеке адам басын қадірсіз қылған ақ жандарды да былай сынайды:
Торланып талай жалгыз, талай маңғаз,
Асаулар үзіпторды қала алмаған.
Қүнымыз біздің аттан оңай болды,
Жақсы атты еріксіз зорлап ала алмаған.
Солдатқа алынған боздақтардың қиыңдығын суреттегеңде ақын:
Шын қиын бәрінен де мынау болды,
Ал енді жай - күйіңе қарамаған.
Тұрмайтын ұйқың қанбай боздақтарым,
Тұрдың ба алаң қарақ сары таңнан?!
Елден ешқайда шығып көрмеген боздақтардың халін
Қайтеді ақшасы жоқ кедей байғұс,
Қам қылып ат пен тонын ала алмаған?!
Жас бала жол көрсеткен боздақтар көп,
Аяғын бұрын қадам сала алмаған.
Өлеңнің көркемдік ерекшелігіне келетін болсақ, Мәшһүр Жүсіпұлы Көпеев өз шығармаларында діни сөздермен, діни филосо-фияны көп қолданған мына шумақтан аңғарамыз.
Балалар, артта қалған, ал есіңе,
Дөкейі «жеті жетім»- қандай адам?
Жетімдік- пайғамбардың бір мирасы,-
Демесем, сөйлей берсем, естен танам.
Не келер қанша айтқанмен біздің қолдан,
Жазуы бар бір Алланың не дұр шарам?!
Істемей ауыр жұмыс жүрген басым,
Тауына Кавказ арман (армян) қалай барам?!
Қазақтың маржан сөзін қадірлеген данагөй ұлы ақын Мәшһүр Жүсіп
Ажалдай еріксіз айдап, үшырып жел,
Шегініп ешбір мойын қала алмаған.
Мақал бар: «Аз сөз- алтын, көп сөз көмір»,
Мұны [мен ] сөз аяғьш тамамдаған.
Осы өлеңнің соңғы 3-4 тармақты мақал - мәтелмен аяқтаған.
Мұхаммедәмен атынан сөйлеп отырған Мәшһүр-Жүсіп сол заманды көзімен көріп, көрген жағдайларды көңіліне түйіп, қаһарман арқылы баяндап тұрады ішкі сезімін өз аузынан, істемей ауыр жұмыс жүрген басым, Тауына Кавказ арман калай барам?, дей келе, іс- әрекеті ішкі сезіммен ұшгастыра отырып:
Қойша иіріп призывқа қамағанда,
Құр сүлдең, жүре алмайсың, басып қадам.
Патшадан құрық түсті басымызға,
Жансақтап, паналауға қайда қалам?!
Солдаттар иіріп айдап қамағанда,
Бұраңдап жүре алмайсың, басып қадам.
Еш лаж (ғилаж) қолымыздан келмеген соң,
Қарата Керекуге бастық қадам.
Мәшһүр Жүсіп өзіне тән бір ерекшелігі кез - келген шығарма-сын алып қарасаңыз, оқырманды өзіне тартып алатын әдемі көркем сөздеріде бар. Өлеңнің алғашқышумағында:
Қолыма хат жазғалы алдым қалам,
Қүбылып толқын боп түр күллі ғалам.
Қалдырып қүбырларға өрнек үшін,
Кетейін бір сөз сөйлеп, келсе шамам.
Мәшһүр әр сөзін ұрпаққа аманат «Құбырларға өрнек үшін» деген сөздің өзіңде ұрпаққа үлкен мирас болардың сөз екенін көрініп тұр.
Өлеңнің көркемдік ерекшелігінде ақын сөз қолдасында.
Метафора:
Жарқырап ай мен күндей келер едік,
Құламай аман отсек, бағанадан.
Не болар артта қалған үйдің іші,
Тұрған соң бала айырылып ата - анадан?!
-деген сөздерінен үміт күтірекелген ақын, 3,4 тармақта айшық көрсеткен.
Не болар артга қалған үйдің іші,
Тұрған соң бала айрылып ата-анадан ?! қаһарманның ішкі - жан дүниесінің сезімін психологиялық сұрақ арқылы, ойтастайды.
Өлең құрылысына келсек: 25 шумақ, 100 тармақ қара өлең ұйқасымен жазылған.
Бұл өлең ақынның 65 жасында жазылған 1921 жылы жазған екендігін мына сөзінен аңғарамыз.
Қан түсті алпыс үште аяғыма,
Оқ тиіп түзде жүрген саяғыма. - саяғыма саяқ сөзі түзде жүрген
Мұхаммедәмен бейнесін ауыспалы мағынада қолданған. Ортаншы ұлы Мұхаммедәмен қазасына қайғы мен мұң шерін өлең мен тарқатады.
Ақын Мәшһүр Жүсіп Мұхаммедәмен бейнесін оның ішкі пси-хологиясын мына бір шумақта толығымен жеткізеді:
Толық боп көзге түсіп тұрған төлім,
Жұрт қолына алынған аққан сөлім.
Турашыл, түзуіділдік сыбағасы-
Кесемді әуел ақыр нақақ өлім.
Мұхаммедәменнің турашыл мінезін тағы да дәлелдей түскен ақынның:
Жасымнан бұрылмаған бетім ыққа,
Ұл еді қарсы іуған атқан оққа.
-деген сөздерінен ақын қайғыға қарсы тұрған ішкі сезім бейнесін суреттейді.
ІПаһит туралы айтатын болсақ кейбір діни өлеңдерінде «ақ өлім» деп те айтылады:
Таңбасы ғарасатта қып - қызыл қан:
«Шаһит боп өткеніне-деп - бұған нан?!
Демейді: «Жаман өлім» - тіпті мұны,
Шаһитті кәрбаланы естіген жан.
Ұлты үшін елі үшін жанын қиған Мұхамедәменнің теңсіздікте бір жас қыздың бақыты үшін күресу Мұхаммедөменнің қайсарлық-пен жасаған ерлігі. Оны Мәшһүр Жүсіп былай дейді:
Түскен жоқ олжа болып шабындыдан,
Жарамсақ, шықпайды өнер жағымдыдан.
Ұлт үшін жаннан кешіп, өлді шаһит,
Өлмей ме жаман да үйде қағындыдан?!
Ақынды ерте қартайтқан Мұхаммедәменнің қазасы болса ке-рек. Жүсіпбекке жазған хатында: Неге ерте мезгіл жол, қартайдың?!-деп Әменді көрген болсаң кінә қойма - деген өлең тармағынан аңғаруға болады. Деген сөзімен Әмен қазасына деген ақын қайғысы ішкі толғанысьш:
Өзімді, жыным бар ма өзім жойып?!
Отырмын Хақ ісіне мен ден қойып.
Жемісім ақыретлік толық болып,
Есірдім: ішпей мас боп, жемей тойып.
Мәшһүр Жүсіп баланың балғын өміріне ата - ананың бек қуанышын бақытты екендігін мына өлең жолынан аңғарамыз:
Құдайым бала берген махаббатлы,
Сүйгенін: «Шұнағым!»-деп, у ішкізді,
Аузыма сүп-сүйкімді балдан тәтті.
-деп қайғысын уға теңеп ашына жырлайды. Мөшһүр Жүсп Көпеев ендігі Мұхаммедәменнің орыны бақилық екендігі соңғы шумақта былай дейді:
Ешкімнен кем болған жоқ көріністе,
Жаманға оңі түгіл, жоқ кой түсте.
Кінәсыз жас жиынның (хыбының) орнын берді,
Түсіріп жүрт козіне отыз үште.
Өлең құрылысы: 13 шумақ, 52 тармак, қара өлең ұйқасымен жа-зылған.
Мәшһүр Жүсіп жоқтау өлеңдерді де көп жазған: Исабек Ишан, Тайшық Ноғайұлы, Хұсайын Боштайұлы, Қамардин Хазірет, Мұқыш Жұпарүлы осылардың ішіңде Әмеңді де жоқтаған.
Жоқтау жыры дегеніміз - қазақ ауыз әдебиетінің көне түрі. Сүйікті ата - анасы, жалғызы, жары, ел арадағы батыры, қадірлі адамдары қайтыс болғанда, ішкі жан күйінішін сыртқа шығарып жоқтау айтатын болған.
Бұл туынды Мөшһүр Жүсіп Көпеев таңдамаларынан алып жал-пы өлеңнің тарихтылығына тоқталсақ: Бұл өлең бұрын еш жерде жарияланбаған және сол 1176 папка, 174 (180)-175( 181)-беттері бой-ынша әзірлеңді. Әулеттік мұрағатта: Фазыл, Жолмұрат көшірмелері сақталған.
Өлеңнің бір ерекшелігі Мәшһүр Жүсіп Көпеев бұл туындысында Әменнің Ташкенгтегі атқарған қызметінен бастап іскерлік шеберлігін баяндай келіп Абзал азаматтың қазаға қалай ұшырағанын оның не себеп болғандығын айта келіп Мұхаммедәменді ақтық сапарға қалай шығарып салғаңдығын тура қасында тұрған адамдай өзі емес болған оқиғаны Уәлихан Омаровтың аузынан баяңдайды. Мысалы:
Ташкентте қаза тапты Әмен өзі,
Әмен Ташкенттегі 5 интернат, қазақ қырғыз баласына білім бер-гендігін айтып келіп ондағы ұстаздарға тоқталады:
Мың жарымдай оқыған бала,
Сарт, ноғайдың школы басқа жерге (жана)
Сегізі - орыс, мұсылман жиырмасы,
Мұғалім өткерілген өңшен дана. ӘменніңТашкентке бару себебінде Киргизский крайдың Орынбордан бұйрық арқылы жіберіп қасында болғанын айтады. Әменнің іске ширақ екендігін жұмысты жұмылдыра жіберген іскерлігін былай баяндайды:
Екеуі жалықпас тіке тұрды,
Таңырқатып, тамсантып қыр мен сырды.
Он төргінші интернат бос түр еді,
Өзі барып, тіленіп, соған кірді.
Жалғанға кім бар дейсің жарып тұрған,
Қалжырап әркімдер - ақ арып тұрған.
Интернат Әмен кірген он төртінші,
Бәрінің ең алды еді барып тұрған. Ақынның шеберлігі сондай Мұхаммедәменнің тұрағы сол интернат екендігін айта келіп Әменнің ажалына себепкер болғандығын баяндай келіп:
Ежелден ерге бейнет ұрғашыдан,
Елжіреп іші ерумен көз жасынан
Бір кедейдің сатылған қызын аяп,
Жоқ жерде жетті-ау ажал болмашыдан! - Әмен ақынның адамгершілігін көрсеіеді.
Әменге қол салған төрт переселен ұрысы қызыл бастың деп айтатын қатыгез жандардың Әмен аузынан дұшпандар деп айтқызады:
Іс болды таңтамаша көргеңдерге,
Шыға алмай кетті есіл ер биік өрге.
Әмештің басар биігі мол болашаққа жете алмай кеткеңдігін есілер деп айтуынан байқалады. Қазалы хабарға зиялы қауымдардың бірдей ат салысқанын мына өлең шумағынан аңғарамыз:
Бәрі де оқымысты, уыз жастар,
Бірге ойнап, бірге жүрген замандастар.
Үш жүзден, жиылған жан, асқан шығар.
Ығай мен сығай өңшең асыл тастар.
Мұхаммедәмен рухына жасаған мұсылмандық парызын былай суреттейді:
Қыз - қырқын, толып кетті қатын - қалаш,
Орыс, қазақ, ноғай – бәрі аралас.
Өлімі көп тіріден артық болып,
Осыңдай сый құрметпен көмілді жас.
Гүл-уйсің, ленталармен үсті толған,
Ұсталар өзіне арнап табыт жонған.
Үш рет формасына сурет басып,
Жөнелткен тәрбиелеп сөйтіп қолдан.
Мәшһүр Жүсіп өлеңнің 23 – 30 шумақтарында өзінің көргендігін баяндайды: 23 шумақ:
Ол - қазақ мектебінің мән жайы бұл,
Топырақ қорған сыртында тұрады сол.
Гауфман памятнигі тұрған жерден
Саналса да отыз бес минуттік жол
33 шумақ:
Мұндай ұл туа бермес бұл алаштан,
Алашқа абыроймен атын шашқан.
Ташкенттен Уөли жазып альш келді:
Қандай боп өткендігін сурет басқан.
Тіпті ақын Әмен қаза болған жерді былай суреттейді:
Қаза бұрын бармайтын бір де бірі,
Теңеліп жұрт болды ғой бұл күнде ірі.
Бұрынғы жандараралдың қатындары
Шығатын жаз сейілге майлау жері.
Таусылды сол жайлауда жүріп демі,
Орыннан табылады артық- кемі.
Күз болмай, көгал айда шөп қуартқан,
Күшті дерт ажал соққан, жоқ біремі.- табиғатпен салыстырған.
Әменге жасалған құрмет №14 интернат мектеп үйдің атын береді.
Басылған Құдіреттен мөр таңдайында,
Болды екен мұнша өнерпаз қандайында?!
Интернат он төргінші мектеп үйдің
Жазылған: «Амен» аты мандайында.
Ақын жүрген жеріне шейін тіпті шақырымына дейін өлеңге тайға таңба басқандай айтқан екен, себебі кейінгі ұрпақ іздеп барар болса тауып алар деген үміт болса керек.
Мектептен алыстағы мазар басы,
Екі жарым шақырым бар шамасы.
Музыкант сырнайлатып алып барды,
Ташкештің жаңғырық қаңдай тауы - тасы.
Мұхаммедәменнің жанашыры болған қазақ зиялыльшарын қадірлігін өлеңде толығымен айтады.
Ғазымбек, Хамит,Сапа Уөлиханов,
Үшеуі қылған қарат жанын салып.
Кашомқыз Спандияров өзі доктор
Қырығы - ер еңбегін білген танып.
Шаһидлар болмайды олік, тірі өтеді,
Құда сүйген пенделер: ер - үшеуі.
Калатин, Ғиных Колотов, Ибрахимов
Бірінен күйгендікте бірі өтеді.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев Ғани Мұратбаевты, Өтебай Тұаманжа-новты айтпағанымен Оспанов Сәдуақасты былай деп таныстырды:
Алаштың ат атанған науша жасы,
Жүзіктің көзіндегі асыл тасы.
Түбі-Тама: Оспанов Сәдуақас ер,
Күйініп көзге түскен жан жолдасы.
Көрген баяндаған Уөлиге ақын осы бір өлең шумағында риза-лығын білдіреді.
Мұндай ұл туа бермес бұл алаштан,
Алашқа абыроймен атын шашқан.
Ташкенттен Уәли жазып алып келді:
Қандай боп өткендігін сурет басқан.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев Мұхаммедәменнің ЗЗжасында дүние салғанын айқындайды.
Мезгілсіз іңір кезі суға барып,
Дұшпанға аңдып жүрген ұшырап қалып,
Әменді жоқтау өлеңі тіршіліктегі ісінен оның қазасына мағлұ-мат бере отырып сол кездегі қазақ зиялылардың иісі мұсылман хал-қының бірлігін шарықтата суреттейді.
Өлеңнің құрылысы ЗЗ шумақ, 132 тармақ, қара өлең ұйқасымен жазған.
Кейінгі ұрпақ Әменді осы жоқтау арқылы жөне «Әмен қазасы-на», «Мәшһүр Жүсіптің Әмен атынан сөйлегені» айдай айқындалып жазылған шығарманың құндылығы осыңда.
Ақбел асуы киелі жер ме? деп қаласың. Кешегі ақтабан шұбы-рынды заманынан қалған ізге шөп өспейді әлі сайрап жатыр. Аблайхан арқаға келгенде, Олжабай батыр осы Ақбел асуында ғаскерінің бас аяғын жыйып, жоңғарды шапты. Қала бергі орысқа қарсы Кене-сары көтерілісінде Қаржас, Ақмырза, он сегіз мың жылқы біткен Азнабайдың Сейтенімен Тайжаны жасақ жинап Кенесары ханға көмек беремін деп атанған жер осы Ақбел асуы болатын. Енді балдағы алтын нар кескен Бәшерден батырға тиеді. Айтатын сөзі елден адам солдатқа бермеймін, болыс старшындар жасаған тізімнің көзін жоғалтып, ел арасына ғаскер шығарса Баяңда, Шалкардағы қазақ оры-стың тұқымын тұздай қыламын деп үш мыңдай адамды дайындап жатқан көрінеді. Елдегі ақсақалдарға бозқасқа шалып, қолды қанға малып аттанбақ, баталарыңды беріңдер деп жинаған екен. Қожа тау-ының ығында отырған Қарақозы, Ақпанбай сопы Бәшерден бауырым, бізді өуре қьшма, мына Айдоста Мәшһүр Жүсіп отыр, соған барыңдар депті. Ортаншы балам Мұхаммедәмен осы көтерілістің бел ортасыңда жүрген еді, Бәшен аға әкеме бармай - ақ қойыңыз, ол кісі бата бермейді, мен айтқанда аузынан от шашқан қаруы бар ғаскерге сойылмен қайрат қылмайсыңдар, қойдай қылып қырып тастайды деп айтқан екен.
Сол жылдары Бәшерден жігіттері Шалқардағы қара шекпенді-лерді шапты. Үлкен қаруланған ғаскер келіп, сәтсіздік болды. Әменді қара жұмысқа әкетті. Бұл он алтыншы жылдың күзі болатын.
Тәшкентте мұғалім болып қызмег қылып жүрген Әменнен қаралы хабар келді. Пайғамбар жасына келгенде бұл алдамшы дүниеден көрген осы болған жатқан жерін көріп, дұға қылып қайтпақшы болып жолға жиналғаи Мәшһүр Жүсіп Көппев. Бұл хабарды Қаратомарда отырған Бәшер естіп, бес жігітіне Шу бойына дейін барып қайтыңдар, қауіп-қатер болса хабарласыңдар деген екен. Пар ат жегіп азықтарын сайлап алып жолға шықты. Қастарыңда Шәрәпиден, көшір Рақым екеуі кезектесіп отыр. Қаракесек Алшынбайдың күзеуі Ақөре жайылманың аңғарында Бөшер- денің жігітгері қарсы жолықты бір қыдыру жерге барып қайтып, қаптаған ұры - қарылар. Ұлы таудың әрі ІПу бойыңда басмашылар бой көрсетіп жүр бармаңыз деген соң, Алланың салғанына көнбеске лажың бар ма, бес жігіттің ортасындағы басшысы Түсіп деген Айдабол, Еламан атасынан екен, туысы Әбутүсіп болыстың атқа мінері, бірден айтқаның екі деп жеткізетін гүрілдеуік Бікір екен, ағайыннан қайыр болмаған сонда Бәшерден жігіттеріне қосылып жүргені. Өзі де атан түйедей неме екен, Баян қаласындағы мұжықтарға жалданып ағаш түсіріп күнкөріс қылыпты. Бірде таудың арасынан шыға келген төрт жігіт арбаға жеккен өгізін олжа қылмақшы болып, өзін ағашқа байлап кетпек екен. Қолына түскен бір сырғауылды тамырымен жұлып алып бір - бір ұрып өздерін аттан түсірген екен.
Содан жалынып жалпайып құтылыпты. Бұл хабар Бәшерденге жетеді. Түсіптің қартайған әке-шешесіне көмек беретін болып, соғымын ішіп жемін мойнына алып соққыға жығылған төртеуіне басшы қылған екен. Кешегі он алтыншы жылдың дүрбелеңіне Далба, Ақкелін көтерілісінде Бәшерден мен Мұхаммедәмен қасында болған, Мәшһүрге батаңызды беріңіз деп атынан түсті. Бесеуіне Мәшһүр Жүсіп Көпеев батасын берген екен.
Олардың арбаларында Тінәлі шоқысының бауырыңда жатқан Бұқар жыраудың қорымына бұрылғанда, бес жігіт Ақбел асуына қарай көтеріліп жатты.
Ғани Мұратбаев 1921 жылы Ташкентте орыс тәжірибе - үлгілі орта мектепті бітіреді.
1919 жылы ол Ташкештегі, сонаң соң Верныйдағы Кеңес үкіме-тіне қарсы шабуылды жаюға қатысады.
[4]-1923 жыл. Ақбеттау болысы, Ақши ауьшы. Алтынбек Жұма-тұлы Құрманов. 1987 жыл, 25 қараша, Торайғыр ауылы.
[5 ]- 1921 жыл. Мәшһүр Жүсіп Көпеев Иманғали Мәненұлы мұрасынан жазып алған Алтынбекұлы Құрманов. 1989 жыл, 15 тамыз.
1923 жылы Ғани Түркістан универститетіне түсуге дайындалады.
Осы жылдарға жүгіне отырып, Мұхаммедәмен жылдарымен са-
лыстыра отырып Ғани Мұратбаев №14 метеп интернатының оқушы-сы, ал Мұхаммедәмен мұғалімі екендігі дәлелденді.
Ал Өтебай Тұрманжанов 1919 жылы Ташкентте панасыз балалардың мектеп - интернатына түсті. 1927 жылы Орта Азия мемлекеті, универститетінде қазақ - қырғыз тілі мен әдебиеті кафедрасын басқарды, оған профессор атағы берілді. 1929 жылы Ташкенттегі қазақ жазушылар ұйымының бөлімшесін басқарды. Осы жылдармен салыстыра отырып, Өтебай Әмен сияқты мүғалім міңдетін атқарғанын көреміз.
Осы жылдармен салыстыра отырып, Өтебай Әмен сияқты мұғалім міндетін атқарғанын аңғардық. Мұхаммедәмен сияқты тілдерді оқыған. Біз Мұхаммедәмеңді кейінгі ұрпақ 1916 жылы ұлт-азатгық көтеріліске қатысқан. Бөшерден сияқты қолбасшьшардың екендігін білу керек. Әдебиеттегі орнына келсек Мұхаммедәмен оны 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілістің жаршысы болғандығын өлеңін талдау арқылы білу керек. Жаңарған заманда өткеніміз жанған заманда Мұхаммедәменді Мәшһүр Жүсіптің баласы деп қана қарау керек емес, ол сол қоғамның қоғам қайраткерлерінің бірі, тұлғаларының бірі деп танимыз.
Достарыңызбен бөлісу: |