Әдістемелік нұсқаулар құрамына:
пәнді оқуда қажетті жоспарлау, уақытты ұйымдастыру (орындау уақыты);
оқу-әдістемелік кешенін қолдану нұсқасы;
әдебиеттер мен оқулықтарды қолдана білу;
емтиханға даярлану үшін берілетін кеңестер кіреді.
Пәнді оқыту барысында дәрістерде студенттерге «Геоэкология» курсының негізгі әдістерін, негізгі терминдар мен түсініктерді, зерттеу жұмыстары бойынша жоспар құруды, биологиялық бойынша қорытынды жасап, оны арнайы мекемелерде қолдана білуді оқытады, бағытталған шаралардың ұйымдастырылуын, жоспарлануын және орындалуы жан- жақты оқытылады.
Студенттер аудиторлық тәжірбие сабақтары мен СОӨЖ кезінде тақырып бойынша ғылыми ақпараттарды іздеу, жинау, өңдеу, ғылыми эксперимент және оның ерекшеліктерін, теориялық және эмпирикалық зерттеулердің әдістерін, ғылыми зерттеулерді пайдалану және қолдануды оқып талдайды.
СӨЖ биологиялық экология бойынша тақырыптар берілген.
Студенттер осы тақырыптарға берілген әдебиеттерді және қосымша әдебиеттер іздестіріп рефераттар жазып өткізуге тиіс. Әрбір рефераттың жоспары болуы және қолданылған әдебиеттердің тізімі берілуі міндетті. Көлемі 5-10 бет. Оны компьютерде теруге немесе қолмен жазуға рефераттарға арналған дәптерге жазуға болады. Тексеріліп бағасы қойылған реферат иесіне қайтарылады.
Теориялық сабақты өтіп болған соң есептерді шешу әдістемесін үйрену керек. Берілген материалды жақсы меңгеру үшін әр тақырып бойынша конспект құру керек.
5 КУРС САЯСАТЫ
Достарыңызбен бөлісу: |