Өзiн-өзi тәрбиелеу– адамның өз мінез– құлқындағы адамгершілік қасиеттерді тани біліп, оны одан әрі дамыту, жағымсыз қылықтарды жеңе білуге әдеттендіру сияқты сапалы әдет– дағдылардың қалыптасуы.
Өздiгiнен бiлiм алу– адамның өзiн қызықтырған сала бойынша бiлiмдердi iздестiруi мен меңгеруiне байланысты өз бетiнше мақсатты түрде, белсендi жұмыс iстеуi
Қайта тәрбиелеу – осыған дейiн қолданылған тәрбие әдiстерi мен тәсiлдерi, формалары нәтиже бермеген жағдайда, тәрбие әдiстерi мен тәсiлдерiн, формаларын түбегейлi өзгерту.
Қалыптасу – iшкi және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, барлық факторлардың (экологиялық, әлеуметтiк, экономикалық, идеологиялық, психологиялық және т.б.) ықпалымен адамның әлеуметтiк тiрi жан иесi ретiнде дамып жетiлуi.