Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет145/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Дүниетаным дегеніміз – дүниеге деген нақты тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуын заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік – экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы.

Оқушылардың дүниетанымы ғылыми философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеру нәтижесінде қалыптасады.

Педагогика ғылымы оқушы тәрбиесінің мазмұнына енетін ғылыми дүниетанымды қалыптастырумәселесін шешуде оның құрамдас бөліктерін ажыратып қарайды. Педагогикалық ғылыми еңбектерінде, мәселен педагог И.Ф.Харламов ғылыми дүниеге көзқарастың құрылымдық компоненттерінің төрт түрін көрсетті. Олар: ғылыми білім жүйесі, дүниетану, сенім, адам мұраты .

Білім объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Ертедегі ойшылдар тек білім ғана надандықты жоятынын, адамдарды теңестіретін күш екеніне мәлім сенді. «Ештеңе білмейтін және бірдеңе білейінші деп талпынбайтын адам өте нашар адам»деп ежелгі грек философы Платон бекер айтпаған. Ал Әл– Фарабидің «білімді болу деген сөз белгісіз нәрсені ашу, игеру қабілетіне ие болу деген сөз» халқымыздың «білім – ырыс қазығы» деген сөзімен астарласып жатқандығын байқамыз. Білім арқылы жеке тұлға табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Білім тереңдеген сайын, ғылыми арнаға түскен сайын, одан бастау алатын дүниеге көзқараста нақтыланып, жүйелілік, тұрақтылық сипатқа ие болады. Білім адамның көкірегене қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады.

Сенім терең, тиянақты ойланып айтылған идеялардың жиынтығы, дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз ұстанымына, тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат – мақсатына байланысты. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын болады.

Дүниетаным – жеке тұлғаның табиғи және әлеуметтік құбылыстарды түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы.

Дүниетаным адам қызметіне, оның белсенділігі мен әлеуметтік бағдарына шешуші ықпалын тигізеді. Сондай – ақ дүниетанымның қалыптасуы мен дамуының өзі табиғи, әлеуметтік және нақты мәдени ортаға тәуелді. Осы тұрғыдан алғанда дүниетанымды екі тұрғыдан қарастыруға болады : ғылыми және ғылыми емес.

Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жалпы, ең жоғарғы формасы.

Дүниетанымдық білімін оқушылар дене, ақыл – ой күшінің дамуына, білім деңгейіне сәйкес бірте – бірте игереді.

Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский : «Әрбір сыныпта , ең кіші сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек ... Әрбір жыл сайын бұл көзқарастың тереңделінуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс » – деген болатын.

Ғылыми емес көзқарастар күнделікті қызмет әрекет барысында қалыптасады, өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке фактілерден нәр алып, олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді.

Адам мұраты – жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы , талаптанушылығы. Мәселен, жас шақтың өзінде–ақ адамда мұрат, яғни өзі жоғары қоятын, үлгі етіп алғысы келетін адамдардың бейнесі пайда болады.

Дүниеге көзқарас бірнеше маңызды қоғамдық қызмет атқарады, олар:

1. Ағартушылық – ғылыми дүниетаным адамға табиғат пен қоғам әлемін түсінікті етеді, ағартушылық сананы қалыптастырады, әлеуметтік саяси, діни түсінбеушіліктерден арылтады, әдіснамамен, негізгі философиялық принциптер мен болмысты тану әдістерінің жиынтығымен қаруландырады, адамды рухани құндылық бағдар жүйесімен байытады.

2. Тәрбиелік – адамның көзқарастары мен сенімдері оның бойында адамгершілік еріктік сапалармен болмысқа эстетикалық қатынасты тәрбиелейді. Сенімге адалдық, оларды өмірде жүзеге асыру үшін күрес мінездің беріктігін, идеялық тұрақтылық пен сынбайтын еріктілікті талап етеді.

Адамгершіліктің бұл сапалары гуманизм, жауапкершілік борыш, эстетикалық мұрат сезімдерімен бірге тәрбиеленеді.

3. Дамытушылық – дүниетаным мазмұнын меңгеру бойынша жүргізілетін ішкі рухани жұмыс ойлаудың белсенді әрекетін көздейді. Табиғат пен қоғам құбылыстарын шығармашылықпен түсіну, жинақтау қабілеттері дамытылады.

4. Ұйымдастырушылық – дүниетаным адамның практикалық іс – әрекетінің бастапқы ұстанымы болып табылады.

5. Болжау – болашақты құру идеялары мен процестеріне негізделеді, оларды ғылыми теориялық және практикалық тұрғыдан тұжырымдауды көздейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет