Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл – ойы мен творчестволық қабілетін демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады.
Оқыту процесінің қызметі:
Білім берушілік қызметі – ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыру және дүние құбылыстары туралы ғылыми көзқарасын қалыптастыру;
Тәрбиелік қызметі – оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
Дамытушылық қызметі – оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл – ойы, сана – сезімі, шығармашылық қабілеті, т.б. көптеген тұлғалық қасиеттердің дамуына біліктері шыңдалып, қабілеттерінің артуына оң әсер етеді.
17.2. Оқыту процесінің құрылымы
Оқыту процесінің құрылымдық компоненттері мыналар:
Мақсат. Мұғалім оқу процесін ұйымдастырушы, жүргізуші ретінде алдына мақсат қояды: балаға білім беру, үйрету, берілген тақырыпты өту, түсіндіру.
Мұғалім. Оның білімі, тәжірибесі, балаға деген көзқарасы, қатынасы, сыпайылығы, мінезі, іс – әрекеті, ұстаздық қабілеті т.б.
Оқушы. Оның объект – субъект ретіндегі қатынастары (ұстазбен, қоршаған ортамен). Оқу – оқыту процесіндегі оқушылардың іс – әрекеті.
Оқушылар ұжымы. Оқыту процесінің дұрыс жүруі оқушылар ұжымына байланысты. Оның ұйымшылдығы, ынталылығы, бір – біріне көмегі, ортақ қызығушылығы, бірігіп оқуы, арадағы пікір сайыс т.б жақсы оқуға итермелейді.
Оқыту әдістері. Ұстаздың оқыту әдісін дұрыс қолдана білуі. Ол ұстазға да оқушыға да байланысты. Оқыту әдісі, тәсілі сабаққа байланысты өзгеріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |