22.3.Бақылаудың түрлері, формалары және әдістері
Педагогика ғылымында бақылаудың көптеген түрлері кеңінен тараған. Мәселен, ғалым-педагогтар Ю.К.Бабанский, Н.А.Сорокин бақылауды үш түрге бөліп қарастырады, олар: күнделікті, оқтын – оқтын, қорытынды.
Ал Г.И.Шукина – күнделікті,тақырыптық, оқтын -оқтын, қорытынды, емтихан десе, Е.А.Дмитриев – күнделікті,тақырыптық, қорытынды, нәтижесі деген тұжырымға келген. Ал Ж.Б.Қоянбаев пен Р.М.Қоянбаевтың «Педагогика» деген оқу құралында бақылаудың бірнеше түрлерін атап көрсеткен,олар: тақырыптық бақылау,тараулар бойынша оқтын –оқтын бақылау, қорытынды бақылау. Енді осы бақылаудың түрлеріне тоқталар болсақ, тақырыптық бақылау – оқу бағдарламасындағы белгілі бір тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы мен әрбір сабақтың кезеңдерінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптық мәселелерді өткен сабақтан байланыстырады, кейбір анықтамаларда, ұғымдарды, ережелерді қайта пысықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |