Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері



бет45/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

4.3.Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырылады. Өйткені мемлекет қажеттлігінің орындалуы оның экономикалық күш – қуаты мен саясатына тәуелді. Олай болса, тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттілікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.



Мақсат дегеніміз – адамның саналы әрекетінің, мінез – құлық, тәртіп нормаларының бір бөлігі. Өз әрекетін, оны жүзеге асырудың амал – айласын, әдіс – тәсіл, құралдарын, жолын алдын ала болжау.

Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты деп жастарды өмірге әзірлеу барысында жүргізілетін алдын ала ойластырылған (болжанған) тәрбие жұмыстарының нәтижесінде олардың жеке басының дамуын қамтамасыз ету.

Ал тәрбие мақсатын анықтау – қоғамның ең басты мақсаты болуы тиіс. Осыған орай балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары, тәрбиелік іс – әрекеттерінің мазмұны, білім беру мен тәрбиенің ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Егер тәрбие мақсатының қалай өзгеріп отырғанына көз жіберсек, тәрбие мақсатын белгілеудің қаншалықты маңызды екенін айқын байқауға болады.

Тәрбие – қоғамдық құбылыс, тәрбиесіз ешбір қоғамның дамуы мүмкін емес. Сондықтан да тәрбиені мәңгілік категория дейміз. Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болады, онсыз қоғам жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады, демек ілгері дамымайды.

Философия, әлеуметтану, этика ілімдерімен қаруланған педагогика ғылымы адамды барлық жағынан дамытып, жарасымды етіп тәрбиелеуді өз алдына мақсат етіп қояды. Педагогтың кәсіби қызметі алдына мақсат қоюдан басталады.

Педагогтың балалармен жүргізіп жатқан ісінде мақсат болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы дап бағалауға болмайды. Яғни тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты болады. Егер ұстаздың қызметі – мақсаттылықтан басталса, ал оқушылар немесе тәрбиеленушілер іс–әрекеттің мақсатын ұғына отырып тапсырманы орындайды.

Тәрбие мақсаты – педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны нақтылау, жобалау, дайындау – педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы.

Тәрбиенің мақсаты жалпы мақсат және жеке– дара мақсат болып бөлінеді. Тәрбие мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтардың, ал жекеленіп келу, яғни жеке тұлғаның қалыптасуын көздейді.

«Қазақстан Республикасының жастарына үздiксiз тәлiм–тәрбие беру тұжырымдамасында да» тәрбиенiң негiзгi мақсаты денi сау, ұлттық сана-сезiмi оянған, иманды, ақылды, парасатты, рухани ойлау дәрежесi биiк, ар – ожданы мол, еңбекқор, iскер, талғамы жоғары және бойында тағы да басқа iзгi қасиеттерi бар азаматты тәрбиелеу деп белгiленген.

Қазақ халқы, яғни бiздiң ата-бабаларымыз, тәрбиенiң мақсаты сегiз қырлы, бiр сырлы, жетiлген адамды тәрбиелеу деп санаған.

Міндет – бұл мақсатқа жету жолдарындағы бір саты орындалуы қажет нәтиженің бір бөлігі.

Тәрбиенің міндеттері:

– жан – жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру;

– жеке тұлғаның адамгершілік сапаларын қалыптастыру;

– адамдарды ғылым, мәдениет,өнер саласындағы қоғамдық құндылықтарға тарту;

– қоғамның демократиялық жаңаруына, жеке тұлғаның құқықтары мен міндеттеріне

сәйкес келетін өмірлік ұстанымды тәрбиелеу;

– жеке тұлғаның мүмкіндіктері мен ынтасын, әлеуметтік талаптарын ескере отырып,

оның қабілетін, қызығушылығын дамыту;

– жеке тұлғаның маңызды әлеуметтік қызметін дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет