Әскери педагогика - әртүрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағылардан бастап, әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс-әрекеттерінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.
Салыстырмалы педагогика - әрбір елдердегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра, дамуын зерттейді.
Этнопедагогика – балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қатысты ұлттардың, этникалық топтардың жинақтаған тәжірибелерін зерттейді.
Емдеу педагогикасы – бұл әлеуметтік педагогиканың бір саласы ретінде ауру, әлсіз, денсаулығы нашар балалармен оқу–тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған медициналық – педагогикалық ғылым.
Түзеліс – еңбек педагогикасы – қылмыскерлерді қайта тәрбиелеудің теориялық негіздері мен практикалық қолданысын зерттейді.
Әлеуметтік педагогика – балалар мен ересек адамдарды мектептен тыс тәрбиелеудің теориясы мен қолданбалы – практикалық тұстарын зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |