Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Оқу мақсаттарын анықтау және нақтылау



бет249/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

1.Оқу мақсаттарын анықтау және нақтылау.

Процесті қолдауға жеткілікті және көзделген міндеттерді табысты іске асыру үшін қажет болған мотивациялардың мәнін, мазмұнын, бағыт– бағдарын және күш– қуатын талдау. Егер мақсаттар мен міндеттер мемлекеттік стандарттан ауытқымаса, кеңінен белгілі жалпы мотивациялармен ынталандыру жолдары іске қосылады. Ал арнайы мақсаттар ерекше мотивацияларды керек етеді.

2.Мотивациялардың жас кезеңдерге орай мүмкіндіктерін анықтау.

Бұған байланысты келесі сұрақтарға нақты жауап іздестіріледі:

а) кіші жастағы және жоғары сыныптағы оқушыларды қандай мотивация көрсеткіштеріне жеткізу тиімді;

б) нақты сынып оқушыларының мотивация деңгейін көзделген мақсаттар мен міндеттерге, оқу еңбегінің күрделілігіне қаншалықты сәйкес келеді.

3.Мотивациялардың бастау деңгейін анықтау. Бұл қадамның міндетті орындалу қажеттігі – оқу процесінің барысында шәкірттердің мотивацияларда болатын өзгерістер жөнінде деректі пікірлер қалыптастыру.

4. Жетекші мотивацияларды анықтау. Бұл орайда оқушы немесе ол қатысқан шағын топтың оқу іс– әрекеттерінде қай мотивациялар жетекші сипат атқаратынын білу маңызды. Есте сақтайтын жәйт–«жақсы » немесе «жаман» мотивация болмайды, бәрі де керек, бірақ олардың әрқайсысы оқу процесі мен нәтижесіне өзінше ықпал жасайды.

5.Мотивацияларды оқушылардың жеке–дара ерекшеліктеріне байланыстыра зерттеу. Егер педагог әр оқушыны түбегейлі тани алмаса да, сыныптағы бірнеше оқушыны біріктірген көрнекті ықшам топтардың мотивация ерекшеліктерін ажырата білуі міндетті.

6.Мотивация өзгерістерінің себептерін (төмендеу, тұрақтылығы, көтерілуі) талдау. Мұндай себептердің қатарына мотивация аймағының өзіндік даму деңгейінің жеткіліксіздігі, сауаттану дәрежесінің төмендігі, оқу іс– әрекеттері дағдыларының қалыптаспауы және т.б. кіреді.

7.Міндетті мотивациялардың қалыптасуы. Бұл талап оқу–тәрбие процесінің барысында барша міндеттерді бірлестіре шешумен мұғалім тарапынан орындалады. Балаларды қандай да оқу істеріне қызықтыру үшін арнайы жеке жаттығулар не тесттер болмауы тиіс. Әртүрлі әдістер кешенді қолданымға келеді, олардың арасында аса қажеттілері: бір жұмыс түрінен екіншісіне ауыстырып тұру, бала білім деңгейі мен жасына сәйкес қиыншылықтарды қосып бару, оқу жұмыстарын ұйымдастыру және т.б. Кейде әдейі танымдық қажеттіктерді қанағаттандыруға керек болған қиыншылықтарды жеңуге бағытталған оқушы дайындығын білу үшін оқу процесінің қалыпты ағымына «кедергілер» жасау әдісі қолданылады.

8.Жетістіктерді бағалау және алдағы міндеттерді жоспарлау. Жұмыстардың орындалу соңынан олардың қорытындысын шығарып, болған өзгерістері талдауға салу– қажетті іс. Мұнда көрінетін аса мәнді көрсеткіштер – бұл оқушылардың нақты әрекет қылықтары, оқуға деген қатынастарының өзгеріске келуі. Мотивацияларды қалыптастыру бойынша жүргізілетін істердің барысы мен нәтижесін арнайы картада өрнектеп берген жөн. Мұнда бастапқы деңгей және соңғы өзгерістер міндетті түрде белгіленеді. Назар аударатын мотивтердің көрсеткіштері:

1) оқуға деген қатынас (оқуды қалайынша пайымдайды);

2) мақсаттар (оқушының алдына қоятындары және іске асыратындары);

3) нақты себептер (не үшін оқып жатырмын);

4) көңіл – күй (оқушы толғаныстары);

5) оқу ептіліктері

6) сауаттылық деңгейі (қандай жетістіктер қолға кірді);

7) оқуға қабілеттілік(ашылуы тиіс мүмкіндіктері, қолға ендірілуі мүмкін табыстары).

Мотивацияны зерттеу үшін кең қолданылатын әдістер түрі – бақылау, анкеттеу, әңгімелесу, сараптамалық бағалау. Сараптамалық баға жүргізудің мәні – арнайы сараптамалық әдістемелер және арнайы шақырылған мұғалімдер немесе басқа мамандар жәрдемімен жеке – дара қолданылатын мотивтерді зерттеу және ұйымдастыру. Кіші жастағы балалардың толыққанды оқу мотивтерін қалыптастыру үшін келесі шарттарды қамтамасыз ету қажет:

–оқу мазмұнын тұлғаға бағыталған қызықты материалдармен байыту;

– барша оқушыларға (дарынды , төмен, селқос) бірдей ізгілікті қатынас жасау;

– оқушылардың танымдық ниеттері мен қажеттерін қамтамасыз ету;

– балалар арасында қызғылықты қарым– қатынастар ұйымдастыру;

– ақылды сезіммен толықтыра түсу;

– зерделілікті дамыту;

– өз мүмкіндіктерін белсенді және шынайы бағалауға үйрету;

– өзіндік даму және жетілу ұмтылысына қолдау беру;

– бала ынтасын барынша қолдап – қуаттау;

– оқу еңбегіне жауапкерлі қатынас тәрбиелеу.

Жақсы мұғалім – бұл мотивацияларды оятудың қас шебері. Мотивациялар қажетті деңгейде болу үшін мұғалімнің міндетті іске қосатын әрекеттері:

1) барша балалар арасында қалыпты қатынастар түзу әрі ұстану;

2) қиыншылық туа қалған жағдайда балаларға қолдау беру;

3) ұнамды кері байланысты үзбеу;

4) оқуды әртүрлі әдістермен жүргізуге тырысу;

5) оқушыларды қарқынды таным еңбегіне табандылық көрсетуге бағыттап, олардың ерік

күші мен мақсат– міндеттерін тұрақтандыру;

6) жоғары қиындықтағы тапсырмаларды орындағаны үшін мадақтап отыру:

7) мақсат, міндет қоя білу, орындау формаларын айқындау және өзіндік жұмыстарды

бағалауға үйрету;

8) борыш сезімін және жауапкершілік қалыптастыру;

9) ең алдымен өзіне талап қоя білуге үйрету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет