var
І: real;
J: integer;
К: cҺar;
begin
Read (І, J, К);
...
Программаға мынадай бастапқы мәндер енгізіледі 212.5 38 ‘п’. Осыдан кейінгі келесі мәндер енгізілсін: 'л' 121.35 25.
Алғашқы нұсқасында мәлімет енгізу дұрыс орындалады, өйткені енгізілетін мәндер өз ретімен орналасқан айнымалылар типтеріне (І, J. К) сәйкес келіп тұр. Екінші нұсқа коды 10 болып келетін қате бар екенін айтады, себебі real типтес 1 айнымалысы үшін char типіндегі мән енгізіліп отыр.
Егер енгізу пернетақта арқылы емес, дискіден немесе файлдан жүзеге асырылса, онда жақша ішіне алдымен файл аты жазылады.
READ (FN, аl, а2 ... ап);
READLN (FN, аl, а2, ... , ап);
READLN (FN);
Мұндағы FN - енігізілетін мәндер жазылған дискідегі файлдың аты; а1- айнымалылар идентификаторлары, файлдарда да мәндер бір қатардан немесе келесі қатардан оқыла береді, сол себепті мұнда да жоғарыда көрсетілген операторлардың үш түрі қолданылады. Файлдағы мәліметтер де бір-бірінен «бос орын» немесе «енгізу» пернесін басу арқылы бөлінуі тиіс, яғни файлға енгізілгеннен кейін «_», ал енгізу соңында «Enter» пернесі басылады.
Файлдардан мәлімет енгізу мысалдары кейінірек қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |