Байланысты: аза стан республикасыны білім жєне ылым министрлігі
Шығармашылық тапсырмалар 1. Қазақстандағы ШОБ (Шағын және орта бизнес) – ты мемлекеттік қолдау
тәсілдерінің әрқайсысына мысал жазыңыз (мысалы: қаржыландыру – «Атамекен
ҰКП Касипкер» бағдарламасы, фискалдық – «арнайы салық режимі патент»).
2.ҚР-дағы кәсіпкерлік үрдістеріне қатысты қорытынды жасаңыз. Оқиғалар
хаотикалық түрде ұсынылған елдегі дағдарыс оқиғаларының өзара байланысының
блок- сызбасын толтырыңыз.
1. Инфляцияның өсуі.
2. Мұнайдан түсетін кірістің азаюы.
3. Ұлттық валютаның құлдырауы.
4. Бірінші қажеттілік тауарларына бағаның өсуі.
5. Азық-түлік себетінің мөлшерін азайту.
6. Екінші қажеттіліктегі тауарларды сатып алуды азайту.
7. Екінші қажеттіліктегі тауарлардың артық болуы.
8. Кәсіпорындарды жабу.
9. Банктердегі қайтарылмайтын кредиттердің өсуі.
10. Несиелеу бағдарламаларын қысқарту.
11.Шығындарды азайту және компаниялардағы қызметкерлерді жұмыстан
шығару.