Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет8/9
Дата23.10.2020
өлшемі182 Kb.
#73195
1   2   3   4   5   6   7   8   9
4. Курс форматы

Аудиториялық уақытқа кіретіндер: дәрістер, практикалық сабақтар, студенттің оқытушымен өздік жұмысы. Мұнда оқылған материалдарды пікір алмасу, әртүрлі материалдарды және кейстерді талдау. Әрбір сабаққа студенттер жоспардағы негізгі және қосымша әдебиеттер тізіміне сәйкес дайындалуы тиіс (негізгі бөлімдер мен тараулар әрбір сабаққа анықталып отырады). Әрбір сабақтын бас кезінде шағын бақылау жұмысы жүргізіледі, ол өткен дәрісте қарастырылған негізгі ұғымдарға қатысты ашық сұрақтан не болмаса дұрыс/ дұрыс емес типтес сұрақтардан тұрады. Бақылау жұмысқа қатыспаған және кешіккен студент ешқандай балл алмайды.

Негізгі ұғымдар әрбір дәріс барысында түсіндіріледі. Сабақтарға қатысу және негізгі ұғымдарды, анықтамаларымен, түсініктерімен жазу студенттердің міндеті. Егер студент белгілі бір себептермен сабаққа қатыспаса, онда кафедрада бекітілген қосымша сабақтың графигі бойынша қосымша сабаққа қатысады.
5. Курс саясаты

Әрбір сабақта студент қаралатын материалдарды талқылауға белсенділікпен қатысуы керек. Оның белсенділігі жауап беру сапасы негізінде бағаланады. Жеке жауап беру мен топ құрамында сөз сөйлей қарастырылады.

Студентке әрбір аптаға студенттің өз бетімен дайындалуына өздік жұмысы беріледі. Ол эссе немесе реферат түрінде ұсынылады. Сонымен қатар студенттің оқытушымен бірге жүргізілетін өздік жұмысы беріледі. Онда ол бақылау формасы түрінде немесе сұрақ жауап түрінде жүргізіледі. Студенттің әрбір аптадағы орындаған жұмыстары пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік сызбасында (4 бөлім Бағалау саясаты) көрсетілген баллдар бойынша бағаланады.

Студенттерге жазбаша жұмыстарды орындау барысында Шәкәрім университетінің компьтерлерді пайдалануға рұқсат беріледі.

Студенттер Шәкәрім университетінің кітапханасында жұмыс істеп, кітапхана ережесіне сәйкес кітаптарды үйге алуына болады.

Емтихан: қорытынды емтихан компьютерлік тестілеу бойынша жүргізіледі. Тест 360 тест сұрақтарынан тұрады. Қорытынды емтихан бағасы қорытынды рейтинг бақылауының 60 пайызы, тапсырған емтихан бағасының 40 пайызы бойынша алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет