Кредиттік жүйе негізінде білім алатын студенттердің білімін бағалау жүйесі
Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, студенттің дербес жұмысы (бұдан әрі - СДЖ), межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланып, үлгерімнің ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі.
Осындай әдіс аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде де қолданылады.
Білім алушылардың білімін өлшеу құралдары ретінде баға шкаласы енгізіледі.
Баға шкаласы балдық – рейтингілік таңбалық жүйеге негізделген. Білім деңгейін таңбалық жүйемен бағалауда ағылшын тілі алфавитінің А (ең жоғары баға) мен F (ең нашар баға) аралығындағы әріптері қолданылады.
Он балдық жүйемен есептеуде араб санымен 4,0 ден 1,0 ге дейінгі сандық баламалар - оң бағалар, 0 қанағаттанарлықсыз бағаның сандық баламалы балы болып табылады.
Бағалаудың пайыздық мазмұны пайызбен анықталады. Бұған қоса 50%-дан 100%-ға дейінгі бағалаулар жағымды бағаларға, 0 %-дан 49%-ға дейінгілер бағалаулар қанағаттанарлықсыз бағалауларға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |