Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫСТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ



бет6/8
Дата23.10.2020
өлшемі303 Kb.
#69120
1   2   3   4   5   6   7   8
5. МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫСТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ




Тақырып

атауы

Мазмұны


Сағат саны

Әдебиет-тер

2 курс

1 курс

Дәріс

Практика

Дәріс

Практика

1.

Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржылық ортасының мазмұны

Корпоративтік қаржының түсінігі ен мазмұны, оның функциялары корпорациялардың қаржылық механизмі компанияның қаржылық құрылымы. Корпорация қаржысының ұйымдастырылуының негізгі принциптері және рөлі: олардың мазмұны және кәсіпкерлік қызмет тиімділігіне әсері. Корпорациялардың қаржылық службасының міндеттері. Компания қызмет етуінің сыртқы ортасы. Компанияның капитал нарығындағғы қызметі. Бюджетпен, коммерциялық банктермен, сақтандыру және басқа компаниялар мен ұйымдармен қаржылық қатынастардың сипаты.

1

1

2

1

3,7,8,13,15


2.

Қаржы-несиелік шешеімдер қабылдауда қаржылық -экономикалық есептеулердің математикалық негіздері.


Ақшаның уақыттық құнлығының түсінігі компания капиталының (қазіргі) джәне болашақтағы (өспелі) құны. Дисконттау және компандтеу. Саудалық пайыздардың жай және күрделі ставкалары жай және күрделі есептеу ставкалары. Түрлі типтегі проценттік ставкалардың эквива-ленттілігі. Қаржылық шешімдер қабылдауда ақшаның инфляциялық құнсыздануының есебі. Аннуитеттер бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен проценттер бағалы қағаздармен операциялардың табыс-тылығы. Қаржылық құралдарды бағалау акция мен облигациялар. Таза келтірілген құн.

1

1

2

1

3,7,8,13,15

3

Корпорациялардың негізгі капиталы

Негізгі капитал түсінігі, оның құрылымы және корпорация қаржысын ұйымдастырудағы рөлі. Негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, аяқталмаған капиталды құрылыстың, ұзақ мерзімді инвестициялардың экономикалық табиғаты, құрамы және құрылымы. Негізгі капиталды бағалау әдістері. Бастапқы, қалпына келу, жойылу және қалдық құндар негізгі қорларды қайта бағалаудың мәні. Амортизация, оның аударылуы және негізгі капиталды жаңартудағы рөлі. Амортизацияны аудару әдістері. Негізгі қорларды қолдану тиімділігінің көрсеткіштері. Корпорацияның инвестициялық қызметінің қаржылық аспектілері, жинақтардың мәні және инвестициялар мен инвестициялық қызметтің экономикалық мазмұны. Қазақстандағы қазіргі кездегі корпорациялардың инвестициялық саясатының ерекшеліктері. Капиталсалымдары негізгі капиталды ұдайы өндіру тәсілі ретінде. Инвестициялар түрлері: тікелей (нақты), портфельдік және венчурлық инвестициялар. Негізгі қорларды жөндеуді қаржыландыру инвестицияларды негізгі қорларға және материалдық емес активтерге қаржыландыру көздері.

2

2

4

2

3,7,8,13,15

4

Корпорациялардың айналым капиталы

Айналым капиталының экономикалық мазмұны және жіктелуі. Айналым капиталын ұйымдастыру принциптері, олардың құрамы мен құрылымы. Компа-нияның өндірістік запастары: запастағы қаражаттар, өндірістегі қаражаттар. Дебиторлық қарыз: оның көлемінің деңгейі және басқару. Компанияның қаражаттары, олардың түсі мен жұмсалу арналары. Ақша қаражттары ағымын болжамдау. Қолма-қол ақшаны басқару моделі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздар тез өтімді бағалы қағаздардың портфелінің тез өтімді бағалы қағаздардың портфелінің ерекшелігі мен құрылу прициптері. Компанияның айналым капитал-ындағы тиімді қажеттілікті анықтау және осы қажеттілікті анықтайтын факторлар. Айналым қаражаттарының құрылу әдістері. Айналым капиталының құрылу көздері, кредиторлық қарыз; оның айналым капиталының құрылуындағы қажеттілігі. Меншікті айналым капиталы. Айналым капиталының өсімі, оны қаржыландыру көздері. Меншікті айналым қаражатта-рының жетіспеушілігі, оның пайда болу себебі. Толысу көздері. Ағымдағы қаржылық қажеттіліктерді үлгілеу. Айналым капиталын қолданудың экономикалықтиімділігі, оның компания-ның қаржылық жағдайына әсері және жоғарылату жолдары.

2

2

4

2

3,7,8,13,15

5

Корпорация өнімін өндіруге және өткізуге шығындар және оларды қаржыландыру.

Корпорация шығындарының экономии-калық жіктелуі. Баптарымен элементтер бойынша өнім, жұмыс, қызмет көрсетулердің өз құынының құрылымы. өзіндік құнның құрамы мен құрылымының салалық ерекшеліктері. Шығындар деңгейінің көрсеткіштері, олардың төмендету жолдары мен резервтері. Өнімді өндіру мен өткізуге шығындары сметасы. Өнімді өндіру мен өткізуге шығындарды жоспарлау. Өнімді өндәру мен өткізуге шығындарды бағылау бюджеттеу. өнімді өндіру мен өткізуге шығындарды қаржыландыру шығындар құрылымының компания қызметінің түпкі нәтижелеріне әсері.

1

1

2

1

3,7,8,13,15

6

.Корпорациялар табысының құралуы, бөлінуі және қолдану тиімділігі.



Корпорация қызметін қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету мен дамытудағы табыстардың рөлі. Табыстардың жіктелуі және қызметі. Табыс копорацияның негізгі бағалаушы көрсеткіші ретінде. Корпорацияның жиынтық (жалпы) табысы, оның құрамы мен құрылымы. Өнім, жұмыс және қызмет көрсетуді сатудан түсетін табыс корпорацияны қаржыландырудың негізгі көзі. “Қосылған құн” түсінігі және оның құрамы. Нарықтық қосылған құн және экономикалық қосылған құн. Мүлікті сатудан түсетін табыс: оның пайда болу және қолданылуының себептері. Компанияның сатудан тыс қызметіне түсетін табыстардың сипаты Компанияның қаржылық және инвестициялық қызметінен түсетін табыстар. Өнімді сатудан түсетін табысты жоспарлау әдістері мен оның көлеміне әсер ететін факторлар. Өнімді сатудан түсетін табысты, жиынтық табысты бөлу және қолдану механизмі. Маржиналдық табыс. Несиеге пайыздарды және корпорациялық табыс салығын төлегенге дейінгі табыс (EBIT). Рентабльділік табалдырығы және қаржылық беріктілік запасы. Таза табыс компанияның қызметінің қаржылық нәтижесі, негізгі экономикалық көрсеткіші ретінде. Таза табысты жспарлау мен оның өсуінің факторлары. Таза табысты бөлу мен пайдаланудың қазіргі жүйесі. Корпорация рентабльділігі (пайдалылығы).

1

1

2

1

3,7,8,13,15

7

Корпорацияның меншікті капиталы

Корпорация қызметіндегі меншікті капиталдың рөлі: корпорацияның меншікті капиталы, оның құрамы мен құрылымы. Жарғылық капитал –корпорацияның меншікиті қаражаттарының негізгі алғашқы көзі. Қосымша капитал негізгі қорларды, компанияның эмиссиялық қызметін және тағы басқаны қайта бағалау нәтижесі ретінде. Шығарылған капитал. Корпорацияның қаржылық қорлары (жинақ қоры, тұтыну қоры, компанияның резервтік қоры), құрылу көздері мен пайдалану бағыттары. Бөлінген таза табыс (зиян).

1

1

2

1

3,7,8,13,15

8

Корпорацияны қаржыландырудың қарыздық көздері.

Компанияның қаржыландыруды ұзақ мерзімді қарыздық көздерін тарту мен қолдану мақсаты. Қаржыландырудың ұзақ мерзімді қарыздық көздерінің түрлері: ұзақ мерзімді банктік ссудалар; лизинг; ипотекалық несие; мемлекеттік және жеке инвестициялар; акционерлік капитал. Компанияның эмиссиялық қызметі қарыздық міндеттемелер мен акциялардың түрлі нысандары. Франгайзинг және қаражаттарды тартудың басқа көздері. Қысқа және ұзақ мерзімді қаржыландыру банктік және коммерциялық несие. Несиені беру мен жабу тәртібі. Несиелеу әдістері. Несиелік қабілеттілікті бағалау. Қаржыландырудың жаңа құралдары: факторинг, форфейтинг, форвардтық және фьючерстік келісімшарттар

1

1

2

1

3,7,8,13,15

9

Корпорация капиталының құны мен құрамы.



Капиталдың бағасы мен құрылымы түсінігі. Капитал құнының тұжырымдамасы – компанияларды қаржыландыру теориясының негізі. Капитал құрылымын анықтайтын факторлар. Капитал құнының түрлері: ішкі, нарықтық, баланстық, шекті, жойылу, инвестициялық. Капитал құнын бағалау әдістері. Капитал левериджі.Компания капиталының құны мен құрамының өзара байланысы. Капиталдың оңтайлы құрылымын анықтау Қазақстан кәсіпорындары үшін капитал құрылымы теориясының мәні.

1

1

2

1

3,7,8,13,15

10

Корпорацияны қаржылық жоспарлау

Қаржылық жоспарлау міндеті мен қағидалары. Қаржылық жоспарлаудың негізгі әдістері. Қаржылық жоспарлаудың өндірістік жоспар көрсеткіштерімен өзара байланысы. Стратегиялық, ағымдық жән оперативті қаржылық жоспар. Қаржылық жоспардың жүйесі мен құрылымы. Қаржылық жоспарды құру, қарау және бекітутәртібі.Перспективалық қаржылық жоспарлау. Қысқа мерзімді қаржылық жоспарлау. Табыстар мен шығыстар, пайда мен зиян жоспары. Қарыздық негізгі сомасы мен пайыздарын қайтаруды жоспарлау. Табыс пен шығынның шахматтық балансы, оның құрылымы мен арналымы. Ақша қаражаттарының ағымын жоспарлау жауапкершілік орталықтары бойынша табыстар мен шығындарды бақылау (бюджеттеу).

1

1

3

1

3,7,8,13,15

11

Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау және қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары



Бухгалтерлік (қаржылық) есептілік шаруашылық жүргізу субьектінің қызметін басқару процессін ақпараттық қамтамасыз ету көзі ретінде. Қаржылық талдау, қаржылық жағдайды талдау, қаржылық тұрақтылықты талдау түсінігі. Қаржылық талдау әдістемесі. Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау; мүліктік жағдайын, өтімділігін және төлем қабілеттілігін іскерлік белсенділігін, рентабльділігін, қаржылық түрлерін, қор нарығы, корпорациялық бағалы қағаздар жағдайын бағалау. Корпорацияның қаржылық стратегиясы. Қаржылық стратегияның міндеті және корпорацияның қаржылық тұрақтылығына жету жолдары.

2

2

3

2

3,7,8,13,15

12

Корпорацияның қаржылық дәрменсіздігі және қаржылық сауықтыру

Банкроттық түсінігі, белгілері және қағидалары. Фирманың дағдарыстық жағдайының туындауының механизмі компания қызметінің дағдарыс факторлары. Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігінің кезеңдері. Қаржылық дәрменсіздіктіңфакторларының жіктелуі. Дірменсіздік және банкроттық туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын нормативті әдістемелік қамтамасыз ету және негіздері. Кәсіпорынның балансының қанағаттандырмайтын құрылымын анықтау. Кәсіпорынның төлем- қабілеттілігін алыптастырудың нақты мүмкіншілігін талдау және бағалау. Қаржылық тұрақсыздық және инвестициялық тартымдылықтың деңгейі бойынша кәсіпорындарды жіктеу. Банкроттық нысандары: Бейбіт келісім, қайта құрылу жойылу. Қайта құру процедураларын жүргізу түрлері мен тәртібі, қадағалау, сауықтыру, санация, жұтылу, қосылу конкурстық өндіріс. Корпорация қаржысын дағдарысқа қарсы басқарудағы қаржылық сауықтыру және стратегиясы.

1

1

2

1

3,7,8,13,15

ЖИЫНЫ

15

15

30

15






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет