Қазақстан республикасының білім


-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім



бет6/8
Дата07.02.2022
өлшемі96,75 Kb.
#93792
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау

7-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны:



  1. "Ақпаратты өлшеу және компьютер жады". Ақпараттың өлшем бірліктерін атап өту, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірліктеріне ауыстыру. Компьютердің жады түрлері (жедел сақтау құрылғысы, тұрақты сақтау құрылғысы, сыртқы сақтау құрылғысы, кэш – жады). Бірдей ақпарат сақталған әртүрлі пішімдегі файлдардың көлемін салыстыру. Ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары. Мұрағаттарды құру және мұрағаттан шығару;

  2. "Жүйелер және қауіпсіздік". Қызметі, компьютерлік желілердің жіктелуі (масштаб, топология, тиістілігіне қарай). Компьютерді зиянды программалардан қорғау;

  3. "Тапсырмаларды электронды кестелердің көмегімен шешу". Мәтіндік процессорда кестелерді құру, өңдеу, пішімдеу. Электронды кестелер, электронды кестелердің негізгі ұғымдары. Мәліметтерді енгізу, өңдеу мен пішімдеу, толтыру маркері. Мәлімет типтері. Формулаларды енгізу. Шартты пішімдеу. Диаграммаларды құру;

  4. "Шешімдерді программалау (С/С++, Python, Delphi, Lazarus тілдерінің бірінде)". Программалау жүйесі. Программалау тілдері. Мәлімет типтері. Жобаның интерфейсі. Сызықтық алгоритмдерді программалау. Тармақталу алгоритмдерін программалау. Кірістірілген және құрамды шарттарды программалау;

5)"Нысандар мен оқиғаларды модельдеу". Үшөлшемді нысандар, 3D – редакторлар. Редакторға кірістірілген нысандар. Нысандардың үшөлшемді модельдері. Оқиғалардың үшөлшемді модельдері. «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны»

Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

7 сынып

2

1

2

1

8 сынып

2

1

1

1

9 сынып

2

1

1

1

«Информатика» пәні бойынша карантиндік және шектеу іс-шаралары жағдайында барлық мектептерде (штаттық режимде, қашықтан оқыту форматында, кезекші сыныптарда) 1 БЖБ өткізіледі). 2020-2021 оқу жылының І тоқсанында ҚР БҒМ 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығына сәйкес аптасына 1 сағат жүргізілетін пәндер бойынша БЖБ өткізілмейді.

Осылайша, «Информатика» оқу пәні бойынша 5-9 сыныптарда бөлім үшін ғана жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.


«2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат,Нұр-Сұлтан қ. – 2020 жыл;



  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
    3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  • «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет