2-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар. Сіздер үшін мәтіндегі тірек сөздер қайсы, теріп жазыңыздар. Жан дүниенің байлығы мен тазалығын, сүйіспеншілікпен өмір сүрудің мәнін ашатын дайын жауап бар ма? Тауып, баяндап беріңіздер.
Ғабит Мүсірепов
... Адам өмірін тек Уақытпен өлшеуге тырысатындар мықтап қателеседі. Егер өмір тек Уақыт өлшемімен ғана бағаланса, онда неғұрлым ұзақ уақыт өз жанын ғана қорғаштап жүргендерді соғұрлым бақытты дер едік. Ғұмырында жанын қинамай, әділдік үшін әділетсіздікпен күреспей, жақсылық үшін жамандықпен айқаспай, өзгелер үшін өз жанын қатерге тікпей, тек ұзақ жылдар бойы жүре берудің қамын ойлаудан әрі аспайтын жандарды жұрт қашан қадір
-
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
тұтқан? Жүз жасағандардың бәрін бірдей төбесіне көтере бер-мейді ғой.
... Адамның ойы да көркем, бойы да көркем.
Қазақ тілінде «таза» адам деген сөз үсті-басының тазалығымен бірге, ар-ұятының тазалығын да көрсетіп тұрады.
Өз мініңді көруден, басқаның мінін көру оңай. Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды, Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек.
Өнер туындыларымен танысып, «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» немесе «Қара қылды қақ жарғандар» тақырыбында пікір алысу жүргізіңіздер.
А. Дүзелханов А. Дүзелханов А. Дүзелханов
Әйтеке би. Қазыбек би. Төле би.
Достарыңызбен бөлісу: |