4-тапсырма. Жағдаятты шешіңіздер. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Сынып үшін маңызды іс жасау керек болды. Бірақ балалар бұл іске бірден кірісіп кетпеді. Олар бір-біріне, барлығына, біреуге, әркімге сеніп, солар жасайды деп күтті. Жұмысты ешкім жасамады. Барлығы әйтеуір біреудің жасайтындығына сенді. Бұл жұмысты жасау бәрінің де қолынан келетін еді. Алайда ешкім жасамады. Балалар бір-біріне ренжіді. Өйткені жұмыс жасалмады. Біреу жасайды деп күткен үміт ақталмады. Өкініштісі ешкім де жұмыс істелінбей қалады деп ойламапты. Соңында әркімнің жасай алатын ісін ешкім жасамағаны үшін барлығы белгісіз біреуді кінәлады...
Осы жағдаяттан қандай қорытынды жасар едіңіздер?
Аталған жағдай оңтайлы шешімін табуы үшін оқушылардың қандай ұстанымда болуы қажет деп ойлайсыздар?