Қазақстан республикасының білім



бет50/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   118
5-тапсырма. «Адамдық борышқа – адалдық» немесе «Менің адамдық борышым» тақырыбында эссе жазыңыздар.


6-тапсырма. Өсиет әңгімені оқыңыздар. Өсиет әңгіменің астарынан нені аңғардыңыздар? Мәтіндегі жағдайды адамның адамдық борышымен байланыстырып, жағдаятқа айналдырыңыздар. Өз ойларыңызбен толықтырып, рөлге бөліп орындаңыздар.


Бір орманда өзен жиегінде ағаштар өсетін еді. Ол ағаштар бар күшін биік болып өсуге жұмсап, тамырын дамытуға күштері қалмайтын. Олар үшін биіктік пен сұлулық маңыздырақ болып көрінетін…


Өздерінің биіктігімен, әдемі гүлдерімен басқаларды тамсандырған



АДАМДЫҚ БОРЫШ – АСЫЛ ҚАСИЕТ

73

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ




ағаштардың арасында гүлсіз, кішкентай лавр ағашы да өсетін.


Лавр ағашы бар күшін тамырына жұмсайтын еді. Барлығы оны үлкен әрі әдемі гүлдері, алып бойы болмағандықтан, менсінбей қарайтын.

Лавр, сен, бар күшіңді несіне тамырға жұмсайсың, бізге қарасаңшы, жапырақтарымыз үлкен, хош иісті гүлдерміз, биіктігіміз үшін бізге барлығы қызыға қарайды. Лавр: «Маған өсу үшін тамырымның күшті болғаны маңызды және маған мұқтаж болғандарға өз жапырақтарымды беремін», – дейтін.




Бірде қатты жел соғып, тамырлары әлсіз ағаштар құлап қалады. Ал лавр болса, тек бір-екі жапырағын ғана жоғалтқаны болмаса, аман-есен қалады.


Сол кезде ғана басқа ағаштар қиын сәттерде бізді сыртқы келбетіміз бен түріміз емес, тамырымыздағы күшіміз сақтап қалатынын түсінді. (Өсиет әңгіме).


Лев Толстой

... Адамдармен қатынаста iзгiлiк мiндеттi нәрсе. Егер сен адамға қайырымды болмасаң, ашулы болсаң, оның бойында да ашу-ыза тудырасың.


... Сенің бұл ниетің жастық шақтың орындалмайтын арманы ғана, бәріміз де арман қылдық, қол создық, сөйтсек, өмірдің өз талабы, өз қалауы бар екен, ендеше, өмір былай болар ма еді деп бос қиялдағанша, сол өмірдің талабына сай әрекет қыл дегендерге сене көрме. Ізгілік пен ақиқаттың толық үстемдік етуі мүмкін емес дейтіндерге сенбе...


Тәңірі тектес сезім шырағы алғаш рет көкірегіңде жарқ етіп тұтанған киелі шақтағы, әу бастағы адал шақтағы мына өзіңе сен. Сол шырақты өшіре көрме, бар қуатыңды пана қылып жандыра түс, лаулай түссін.


Ізгілікті көбірек еккенге ізгілікпен қарымта қайтады және керісінше, біреуге жамандық тілегенге жамандық үйірсектейді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет