Елбасының «…Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын...» дегенде не айтқысы келді деп ойлайсыз? Нақты мысал келтіріңіз.
«Президентті қолтығынан демеген де, демейтін де, қолдаған да, қолдайтын да өзінің туған халқы» деген жолдардан халықтың қандай қасиеттерін байқауға болады?
Жүсіп Баласағұнидің «Ел-жұртты басқаратын адам – ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт» деген тұжырымын оқылған мәтін мазмұнымен байланыстырып, жауабыңызды дәйектеп айтыңыз.
Сіздің ойыңызша, көшбасшының бойында қандай қасиеттер болуы керек? Нақты мысал келтіріп, өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
Тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттері мен оның көшбасшы болу қабілеті арасында байланыс бар ма? Сіздің ойыңыз қандай?
Өз өміріңізге қатты әсер еткен адам болды ма? Неліктен, қалай, қандай жағдайда?
Достарыңызбен бөлісу: |