Қазақстан республикасының білім



бет13/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   118
5-6 АДАМДЫҚ КЕЛБЕТ


Адамдық борышың,


Халқыңа еңбек қыл.


Ақ жолдан айнымай,


Ар сақта, оны біл.


Шәкәрім



  • Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар.

Өлеңді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер. Көк тұман – алдыңдағы келер заман




Абай

Көк тұман – алдыңдағы келер заман,


Үмітті сәуле етіп көз көп қадалған.


Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр, Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім талған.


Ол күндер – өткен күнмен бәрі бір бәс, Келер, кетер, артына із қалдырмас. Соның бірі – арнаулы таусыншақ күн, Арғысын бір - ақ алла біледі рас.


Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі, «Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе өлсін, оған бекі.


Шырақтар, ынталарың «менікінде»,


Тән құмарын іздейсің күні - түнде.


Әділеттік, арлылық, махаббат пен –


Үй жолдасың қабірден әрі өткенде.


Малға сат, пайдаға сат қылығыңды, Ылайла ылай оймен тұнығыңды, – Сонда өмірден алдамшы бола алмассың,




24 АДАМДЫҚ КЕЛБЕТ

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


Ол білдірмей ұрламақ қызығыңды.


Адам ғапыл8 дүниені дер менікі,


Менікі деп жүргеннің бәрі оныкі.


Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде, Сонда, ойла, болады не сенікі?


Мазлұмға9 жаның ашып, ішің күйсін, Харекет10 қыл, пайдасы көпке тисін. Көптің қамын әуелден тәңірі ойлаған, Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін.


Көптің бәрін көп деме, көп те бөлек, Көп ит жеңіп көк итті күнде жемек. Ғадәләт11 пен мархамат12 – көп азығы, Қайда көрсең, болып бақ соған көмек


Әркімнің мақсаты өз керегінде, Біле алмадым пысығын, зерегін де. Саяз13 жүзер сайқалдар14 ғапыл15 қалар, Хақиқат16 та, дін дағы тереңінде.





  • Өлеңдегі «Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе өлсін, оған бекі» деген жолды қалай түсіндіңіздер?




  • Өлеңде ақын «Сонда өмірден алдамшы бола алмассың,



Ол білдірмей ұрламақ қызығыңды» деген жолда не айтқысы келген деп ойлайсыздар?



  • Өлеңді қысқаша қалай түйіндер едіңіздер?




  • Өлеңнің негізгі ойы, идеясы неде?




  • Өлеңнің түйінді идеясын тауып, өмірмен байланыстырып әңгімелеп беріңіздер.




8

(арабша) қапы қалу, байқамау.




9 (арабша) зұлымдыққа ұшыраған адам




10

еңбек, кәсіп.




11

(арабша) әділет, шындық; рақым, жақсылық.




12

(арабша) ашушылық.




13

тайыз, терең емес.




14

өзгергіш, құбылмалы.




15

қапы қалу, білмеу, байқамау.




16

ақиқат, шындық.







АДАМДЫҚ КЕЛБЕТ

25




*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


Абай «мені» мен «менікінің» екі түрлі мағынасы бар екенін айтады.


«Менікі» дегеніміз адамның денесі, ал «мен» – дененің рухани жемісі, қалдырған ізгі ісі, өнері, еңбегі. «Менікі» – дене – өледі, «менен» айрылады, ал «мен» – адамзаттың рухани жемісі – артында қалдырған игілікті ісі, өнері ұрпақтан ұрпаққа ауыса береді, мұра, мирас болып қала бермек.


«Мен» деп адам рухын, оның негізгі мәнін атап, ақыл мен жанды рухтың сипаттары ретінде таниды. Яғни, «Ақыл мен жан мен өзім, тән менікі, «Мені» мен менікінің мағынасы екі, «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан «Менікі» өлсе өлсін оған бекі» дегенде «Менді» менікінен ажырата қарап, жан қажетін табуға «менікінің», яғни тән мен нәпсінің жетегінде кетуден сақтандырады. Өткінші, алдамшы қызықтарға алданбай, баянды, мәңгі құндылықтарға ұмтылуға үндейді. «Менікі» «Менге» қарама-қарсы ұғым ретінде айқындалып, ол адам жаратылысының рухани бастауына қарсы нәпсілік табиғатына меңзейді. «Адам ғапыл дүниені дер менікі, Менікі деп жүргеннің бәрі Оныкі, Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде, Сонда ойла болады не сенікі?» Адамның өзінің шын «Менін» танып, менікінің тұтқынынан құтылып, рухани кемелдікке ұмтылуын басты мақсат-мұрат деп белгілейді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет