Қазақстан республикасының білім



бет63/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   118
Ары қарай не болады?


(Тәмсіл)

Жас жігіт қуана келіп әкесіне:


– Әке, менімен бірге қуан. Мен университетке түстім. Заңгер боламын! Бақытымды таптым-ау!


Өте жақсы, ұлым, – деді әкесі, – сен енді көп оқитын боласың. Ары қарай не болады?


– Төрт жылдан соң университетті аяқтап, үздік диплом аламын.


– Одан ары қарай не болады?


– Содан соң мен бар күшімді жұмсап еңбек етемін, қорғаушы болып жұмыс жасаймын.


– Содан соң ше?


– Одан соң үйленемін, отбасын құрамын, балаларымды тәрбиелеймін, оларға білім беремін және жақсы мамандық таңдауына көмек беремін.


– Содан соң?


Жетістіктерге қол жеткізіп, зейнетке шығамын – балаларымның бақытына қуанып, тыныш өмір сүремін.


– Ары қарай не болады?


– Содан соң ба? – деп жас жігіт бір сәт ойланып қалады. – Иә, бұл өмірде ешкім мәңгі емес. Сондықтан барлық адамдар сияқты мен де өмірден өтермін.


– Содан соң не болады? – деп сұрады дірілге толы даусымен әкесі.


– Қарағым, ұлым, содан соң не болады?


Ұлы ойланып барып, сенімсіздеу жауап берді:


– Әке, рахмет саған. Мен бәрін түсіндім. Мен ең бастыны ұмытқан екенмін...





  • Баласы нені ұмытты деп ойлайсыз?




  • Бұл сұраққа өзіңіз қалай жауап берер едіңіз?




  • Тәмсілден қандай ой түйдіңіз?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет