Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет192/251
Дата12.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#149297
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   251
Байланысты:
O 1179 u 1178 1201 raly Zh 1201 1179 paly au

Клиникасы. Инкубациялық кезең жиі 21-25 күнге тең, бірақ 7 күнге дейін қысқаруы және 46 күнге дейін ұзаруы мүмкін. Аурудың дамуы 4 кезеңге бөлінеді - бастапқы, олигуриялық, полиуриялық, реконвалесценция.
Бастапқы кезең 1-3 күнге созылады, жедел басталады – дене қызуы 38-40°С жоғарлап, қалтырау, маңдай, самай бөлімдерінде қатты бас ауыру, бұлшық еттердің ауыруы анықталады. Беті, мойын, кеуденің жоғарғы бөлігі гиперемияланған, беті ісінді, қабағы аздап ісінген болады. Склера, конъюнктива тамырларының инъекциясы, ауыз жұтқыншақтың гиперемиясы байқалады. Ауыздың құрғауы және қатты шөлдеу сезімі өте тән.
Ремиттирлеуші немесе дұрыс емес типтегі дене қызуы 4-7 күнге созылады, одан соң литикалық немесе қысқарған лизис жолымен төмендейді, сосын дене қызуы субфебрильды сипатта болуы мүмкін. Қызба ұзақтығы 10-25 күнге, кейде 35 күнге созылады. Аурудың орташа және ауыр ағымында дене қызуының төмендеуі науқасқа жеңілдік әкелмейді. Бүйрек зақымдалу симптомдары, катаральды құбылыстар болмайды. Кейбір науқастарда геморрагиялық көріністер пайда болады: ұзаққа созылмайтын мұрыннан қан кетулер, конъюнктиваның аз мөлшерде қан құйылулары. Лимфа түйіндері үлкеймейді, АҚ қалыпты, пульс дене қызуына сәйкес келеді, жүрек тондары аздап бәсеңдеген. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауыр, көк бауыр үлкеймеген. Кейбір науқастарда құсу, ұйқысыздық, Кернинг симптомы әлсіз оң болуы мүмкін.
Олигурия кезеңі: аурудың 2-4-ші күнінен 8-11 күніне дейін созылады. Осы кезеңге тән белгі (93-95%) науқаста өте қатты бел тұсындағы ауыру сезімі. Егер ауру сезімі 5 күннен соң пайда болмаса диагноз күмәнді. Тағы да тән белгі – құсу, ол дәрі немесе тағам қабылдаумен байланысты емес. Ауыр науқастарды тоқтаусыз құсу, күнінде 10-нан көп рет болады. Құсудың пайда болуы бүйрек жетіспеушілігінің күшеюімен байланысты. Көпшілік науқастарда бүйрек ауруының иррадиациясы, құрсақ қуысы ағзаларына қан құйылуы, электролит бұзылыстары, ішектің жартылай парезі, метеоризм нәтижесінде іште ауыру сезімі пайда болады. Терісі құрғақ, 4-6 күні майда нүктелі петехиальды бөртпе (13-17%) пайда болуы мүмкін, кеуденің жоғары бөлігінде, қолтықта, бұғана үсті және асты аймақтары, арқада, бөкседе, мұрыннан қан кетулер, макрогематурия, кей жағдайда (4-5%) ішектен қан кетулер (қарамай тәрізді нәжіс). Көпшілік науқастарда салыстырмалы немесе абсолютті брадикардия, артериялық гипотония, олигурия кезеңінен екінші жартысында қысқа уақытты гипертензия байқалады. Уремиялық интоксикация және электролиттік бұзылыстарында миокардтың инфекциялық-токсикалық зақымдалуы, ЭКГ-да Т-«уремиялық» жоғарылауы болады. 10-15% науқаста 2-3 күнге созылатын іш өту болады. 20-25% науқаста бауыр ұлғайып, ауру сезімі пайда болады.
Аурудың клиникасында бүйректік синдром жетекші болып табылады. Пастернацкий симптомы күрт оң, одан соң қатты ауыр сезімі пайда болады. 12 қабырғамен арқаның ұзын бұлшықеттері арасындағы бұрышқа пальпация жасау қатты ауыру сезімі тудырады. Тәуліктік зәр мөлшері төмендейді. Диурездің төмендеуі (300-900 мл) аурудың 2-4 күні, ал қалпына келуі аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты 5-13 күні жүреді. Бірақ ісінулер дамымайды. Анурия (3-7%) –науқаста кездеседі. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы төмендейді, Зимницкий сынамасы бойынша изогипостенурия дамиды (1,001-1,006). Протеинурия (0,003-50,0 г/л) пайда болады, ауыр науқастарда белок 94-188 г/л жетеді. Зәр тұнбасында эритроциттер, гиалиндік және түйіршікті цилиндрлер, эпителий клеткалары анықталады. Диагностикасында патогномды белгі – зәр тұнбасында эритроциттер, гиалиндік және түйіршікті цилиндрлер, эпителий клеткалары анықталады. Диагностикасында патогномды белгі – зәр тұнбасында «фибринді цилиндірлердің» (тығыз ұзын) анықтаулы. Жүйке жүйесі жағынан ұйқысыздық, тежелу жағдайы дамуы мүмкін. Көрудің бұзылуы тән, 2-4 күнге созылады, жүрек синдромы дамыған кезде жоғалады. Көрудің бұзылуы бүйрек жетіспеушілігінің ауыр ағымын көрсетеді.
Гемограммада – қанның қойылуы (эритроциттер, гемоглобиннің жоғарылауы), ЭТЖ-20-35 мм/сағ, бастапқы кезеңде - лейкопения немесе нормоцитоз, кешірек – лейкоцитоз, ауыр жағдайда -30-60х109/л нейтрофилез, моноцитоз, таяқша жиі плазмоциттер 3-8, кейде 25 пайда болады. Олигурия кезеңінде қалдық азот 0,9 х1,2 г/л кейде 4,0-4,2 г/л, креатинин – 0,036-0,123 г/л.
Полиурия кезеңі аурудың 6-13 күні басталады, бастың, белдің ауыруы біртіндеп азаяды. Тәуліктік диурез 5-8 л-ге жетеді, никтурия байқалады. Массивті полиурия бүйректік синдромы ауыр өткен науқастарда байқалады. Әлсіздік, ауыз құрғау, шөлдеу сақталады. Ентігу, жүрек қағу – физикалық күш түсіргенде байқалады. Науқастың жағдайы жақсара бастайды, құсу тоқтайды.
Реконвалесценция кезеңі 21-25 күннен басталады. Шөлдеу, ауыздың құрғауы, тәуліктік диурез азаяды. АҚ қалпына келеді. Сауығу өте баяу жүреді.
Клиникалық көрінісіне байланысты БСГҚ-ң жеңіл, орташа және ауыр түрлерін ажыратады.
БСГҚ-ң жеңіл түрі кезінде клиникалық симптомдар әлсіз, геморрагиялық синдром айқын емес, уремия болмайды, диурез аздап төмендеген, қалдық азот қалыпты немесе аздап жоғарлайды.
БСГҚ-ң орташа ауырлықтағы түрі кезінде бүйрек жетіспеушілігі мен геморрагиялық синдром болады, анурия анықталмайды. Қалдық азот 0,4-0,5 г/л, диурез 300-900 мл.
БСГҚ-ң ауыр түрінде айқын қызбалық реакция, кейде инфекциялық- токсикалық шок, айқын геморрагиялық синдром, ішкі ағзаларға қан кетулер, қан құйылулар, ми қан айналымының бұзылуы, бүйрекүсті безінің жедел жетіспеушілігі, олигоурия (200-300 мл), анурия, үдемелі азотемия, қалдық азот 0,9 г/л-ден көп анықталады.
Сирек менингоэнцефалді түрі байқалады, аурудың 2-4-ші күндерінде сопор, кома, бульбарлық көріністер, менингеалді нышандар дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет