Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет195/251
Дата12.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#149297
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   251
Байланысты:
O 1179 u 1178 1201 raly Zh 1201 1179 paly au

Эпидемиологиясы. Лейшманиоз трансмиссивті аурулар тобына жатады, оның спецификалық тасымалдаушысы ұсақ қансорғыштар – шіркейлер (москиты), олардың 300 түріִбар.
Шіркейлер Орта Азияда, Қазақстанның оңтүстік аймақтарында, Қырғыз Республикасы, Крымда, Украина, Молдавия республикасында кездесуі, әсіресе Орта Азия республикаларында шіркейлердің 19 түріִбар, Закавказье – 15 түрі, Украина, Молдавияда 3 түрі кездеседі. Шетелдер – Ауғаныста, Ирак, Иран, Сирия. Адамдар мен жануарларорганизміне қоздырғыш тек қана шіркейлердің шаққан жерінде лептомонадаларды теріні қасу не тырнау енеді.
Висцеральды лейшманиоз ошағында ең негізгі қоздырғыш резервуары – иттер. Оларда ауру терінің зақымдалуымен сипатталады, кейде инфекция жайылма түріне не паразиттасымалдаушы қалыптасуына әкеледі.
Инкубациялық мерзімінің ұзақтығына байланысты жыл маусымдылығы ерекше байқалмайды. Бірақ лейшманиоз терілік түрі мамыр, маусым айларында кездесіп, ауру деңгейі шілде – қыркүйекте көтеріледі.
Кеміргештерде лейшманиялар сақталуы мүмкін, сондықтан кеміргештер көшіп қонуы арқылы антропоургиялық ошақтардың қалыптасуы мүмкін.
Иммунитет – жас кезінде ауырған адамдарда өмірлік иммунитет қалыптасады.
Патогенезі. Шіркей шаққан жерде біріншілік аффект пайда болады – шағын көлемді папула, қасу арқылы біртіндеп ойылып кейін үсті қабықшамен жабылады. Папула ішінде лейшманиялар орналасады.
Висцеральды лейшманиоз дамуы ерекше: паразиттер шіркей шаққан жерден организмге қан арқылы таралып, 3-6 күн ішінде бауыр, көкбауыр, лимфа түйіндеріне, сүйек кемігіне жетеді. Олар Купфер клеткалар протоплазмасында макрофаг т.б. фагоцитарлық клеткаларда дамиды, клеткалар ыдырап, паразиттер жаңа клеткаларға ауысып зақымдалуы қайтадан басталады. Зақымдалған клеткалардың ыдырауы жалпы улану белгілердің, РЭС органдарында гиперплазия және пролиферация процесстерінің қалыптасуына әкеледі, нәтижесі – бауыр, көкбауыр, лимфа түйіндері көлемдері ұлғаяды.
Висцеральды лейшманиоз: (бала лейшманиозы, қала-азар – қара ауру)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет