Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет109/251
Дата05.01.2023
өлшемі4,97 Mb.
#165022
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   251
Байланысты:
aa7506fd368fd4b5e408fb73eb60c40b

Клиникалық көріністері.Түйнеменің клинико-патогенетикалық жіктелуі №3 кестеде көрсетілген. Аурудың жасырын кезеңі 1-12 күн, көбінесе 2-3 күн. Түйнеменің клинико-патогенетикалық жіктелуі №5 кестеде келтірілген.
Ең жиі кездесетін – терілік (жаралы) түрі. Теріде алдынан дақ пайда болады. Қызарған жер бірте-бірте көтеріліп түйінге (папула) айналады, папуланың ішін су кернеп көпіршікке (везикула) айналады. Оның ішіндегі сұйықтық әуелі мөлдір сосын қан аралас (геморрагиялық пустула) болып келеді. Бұл процесс 1-3 күн аралығында дамиды. 4-8 күн аралығында пустула жараға айналады. 9-14 күн аралығында жараның ішіндегі қан аралас сұйықтық қатады да түсі көмір сияқты қап-қара қабыршыққа айналады. Оның айналасындағы тері қабынып, тез ісік жиналады, ісік аз уақытта жайылып төңірегіндегі біраз жерді қамтиды. Жараның жиегінде тағы да қосымша «ұрпақтық» көпіршіктер пайда болып, ол тағы да жарылады, сөйтіп жараның көлемі ұлғая түседі. Жара терең емес, шеттері тегіс емес, құрғақ болады.


№5 кесте

Түйнеменің клинико-патогенетикалық жіктелуі





Берілу жолы

Кіру қақпасы

Біріншілік-ошақтық түрлері

Жайылмалы түрлері

Контактілі-жарақаттық

Тері


Терілік (98%)

  • Эритематозды

  • (тілме тәрізді)

  • Буллезді (пустулезді)

  • Жаралы (карбункулезді)

  • Эдематозды

  • (ісіктік)




Екіншілік-жайылмалы



Аэрогенді
(аспирация лық)



Тыныс жолдарының шырышты қабықшалары

Өкпелік

Екіншілік-
септикалық

Алиментарлы

Ас қорыту
жолдарының шырышты қабықша лары

Абдоминалды
(ішектік)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет