Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Жұқпалы науқастарды емдеу принциптері, әдістері және оны ұйымдастыру



бет7/251
Дата05.01.2023
өлшемі4,97 Mb.
#165022
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   251
Байланысты:
aa7506fd368fd4b5e408fb73eb60c40b

Жұқпалы науқастарды емдеу принциптері, әдістері және оны ұйымдастыру.
Жұқпалы науқастарды емдеу – күрделі процесс болып табылады, себебі емді тағайындау барысында нозологиялық түрге, жұқпалы процестің сатысына, негізгі синдромның ауырлық дәрежесіне, ағзаның преморбидтік жағдайына назар бөлу қажет.
Жұқпалы науқастардың емінің негізгі қағидалары:
-қоздырғыштың патогенді әсерін жойып және организмнен шығару мақсатымен (этиотропты терапия);
-жұқпалы процесс барысында дамыған зат алмасу және қызметтік бұзылыстарды қалыптастыруға (патогенетикалық терапия);
-макроағзаның арнайы емес резистенттілігін және толық иммундық жауапқа қабілеттігін жоғарылату мақсатымен;
-асқынуларды алдын-алуға және емдеуге,
сонымен қатар реабилитациялық шараларға бағытталған.
Жұқпалы науқастардың емдік тамақтандыруы (диетасы)
Жұқпалы аурулар кезінде энергия жоғалту процесстері жоғарылайды, асқорыту және қоректі заттардың, дәрумендердің, микроэлементтердің сорылуы нашарлайды, олардың әр түрлі сөлдермен (секреттермен), экскреттермен жоғалуы күшейеді. Бұл өзгерістер белок, май, көмірсулар, минералдар және витаминдер алмасуының бұзылуына және науқастың салмағын жоғалтуына әкеп соғады. Белок аз мөлшерде түсуі, оның сорылуының бұзылуы және секреттермен, экскреттермен жоғалуы иммундық жүйенің бұзылыстарына әкеледі (антиденелер синтезі, иммунокомпетенттік жасушалардың активтілігі, қан сарысуының бактерицидтік белсеңділігі төмендейді).
Жұқпалы аурулардың көбісінде дамитын қызба кезінде зат алмасу жылдамдығы күшейіп, энергияның жұмсалуы жоғарылайды. Энергия жұмсалудың жоғарылауына сіреспе кезінде кездесетін бұлшық еттер құрысуларына әкеледі.
Ішекте белоктардың, майлардың және көмірсулардың сорылуы қызба нәтижесінде пайда болатын асқорыту жолдарының ферменттері активтілігінің өзгерістеріне және ішектің шырышты қабатының қабыну процесіне байланысты бұзылады.
Құсу, диарея, судың, электролиттердің, сонымен қатар ақуыздардың жоғалуына әкеп соғады. Одан басқа, ақуыз термен, қақырықпен, зәрмен жоғалуы да мүмкін.
Витаминдер қажеттілігінің жоғарылауы, олардың ішектен сорылуы және тағаммен түсуінің азаюы полигиповитаминозға әкеледі.
Құнды және реттелген тамақтандыру жұқпалы науқастардың емінің өте маңызды бөлігі болып табылады. Тағам жеңіл қорытылуы қажет, сонымен қатар механикалық, химиялық және термикалық қолайлы болуы керек. Өңдеу барысында тек қана суда және бумен пісіру әдістері қоданылады. Диетаны дәрумендермен толықтыру үшін табиғи жеміс-жидекті шырындар ұсынылады.
Диетаны тағайындаған кезде аурудың ауырлығына және кезеңіне асқазан-ішек жолдарының жағдайына, қосымша патологияларға назар бөлінеді.
Қазіргі кезде жұқпалы ауруханаларда көбінесе № 4, 5, 13, 15 диеталар қолданылады. Іш өтумен көрінетін жедел ішек аурулары кезінде №4 диета тағайындаған дұрыс. Тағам асқазан – ішек жолдарына механикалық және химиялық қолайлы, ішек перистальтикасын және ашыту процестерін күшейтетін өнімдер қосылмайды. Ет сорпалары, шырышты сорпалар, кисель және желе, кептірілген нан, ірімшік, айран, ет, буға пісірілген котлеттер, кнель, фрикадель түрлеріне, асылған балық, үгітілген ботқа рұқсат етіледі. Жемісті шырындар ұсынылады. Диетаға сүт, табиғи кофе, құрамына клетчатка кіретін өнімдер (бұршақ, қырыққабат, қызылша, шалқан, шпинат, атқұлақ (щавель)), тұздықтар, сүрленген өнімдер, тәтті тағамдар кірмейді.
Бауыр зақымдалған кезде (вирусты гепатит, лептоспироз, инфекциялық мононуклеоз т.б.) №5 диета ұсынылады. Оның құрамына тығыз еритін майлар, холестерінге бай өнімдер кірмеуі қажет. Ірімшік, айран, сүтті және көкөністі сорпалар, сүтті ботқалар, салаттар, кисель, жеміс тосабы (компот), жемістер ұсынылады. Майлы емес ет, балық асылған түрде, ақ және қара нан, күнбағыс майы, аз мөлшерде сары май рұқсат етіледі.
Қызбамен өтетін аурулардың жедел кезеңінде (тұмау, ЖРВИ, баспа, пневмония т.б.) №13 (2) диета ұсынылады. Диета физиологиялық қалыпқа сай, құрамына керекті мөлшерде белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер (әсіресе, аскорбин қышқылы) кіреді. Сүт және құрамына дөрекі клетчатка кіретін өнімдер шектеледі. Барлық тағамдар үгітілген және ұсақталған түрде дайындалады. Көп мөлшерде сұйықтықтар тағайындалады.
№15 диета арнайы тамақтануды талап етпейтін науқастарға, көбінесе жұқпалы аурулардың реконвалесценттеріне ұсынылады. Нәруыз, көмірсу, май құрамы және калориялық деңгейі физикалық еңбекпен айналыспаған сау адамның тамақтану қалыптарына сай. Орталық жүйке жүйесін қоздыратын өнімдер (шай, кофе, шоколад т.б.) және құрамына дөрекі клетчатка мен эфир майлары кіретін өнімдер (сарымсақ, редис т.б.) шектеледі. Кондитерлік өнімдер ұсынылмайды.
Қант диабетімен ауырған науқастарға №9 диета тағайындалады.
Тағамды қабылдау тәртібіне аса назар бөлу керек. Тәулігіне 5-6 рет, аз мөлшерде тамақтанған дұрыс. Жағдайы ауыр науқастарға тағам тәулігіне 6-8 рет беріледі. Көп жағдайларда жұқпалы науқастар көп мөлшерде сұйықтық ішуді қажет етеді. Мысалы, диарея, құсу, терлеу, ентігу кезінде. Сонымен қатар, тәтті сұйықтық, энергия көзі болып табылады. Науқастарға морс, кисель, компот, шай әртүрлі шырындар, минералды су (газсыз), дайын глюкозо-электролиттік ерітінділер (регидрон, цитроглюкосалам) ұсынылады. Жемістер шөлді жақсы қандырады. Сонымен қатар, жемістердің құрамына дәрумендер, минералді элементтер, қанттар кіреді және олар ішек перистальтикасын күшейтеді.
Зонд арқылы тамақтандыру есін жоғалтқан немесе шайнау және жұту қызметтері бұзылған науқастарға көрсетілген. Жұмсақ резинадан немесе пластмассадан жасалған назогастральды зонд қолданылады. Зонд 5-7 және одан көп күнге еңгізіледі. Зондты дәрігер еңгізеді. Шырышты қабаттың зақымдалуын және ойық жараларды алдын алу үшін тәулігіне бірнеше рет зондты ары-бері жылжыту керек. Тағам піспектің (шприц) немесе тамшылатып еңгізуге арналған системаның көмегімен еңгізіледі. Піспек арқылы алдын-ала асқазандағы сұйықтық алынады (бұл кезде хлорлы натрий жоғалады). Зонд арқылы сүт, айран, сорпалар, жеміс шырындары, сары май және басқа жартылай сұйық өнімдер еңгізіледі. Тығыз өнімдерді үгітіп, сұйықтықпен араластырады. Сонымен қатар, зондпен тамақтандыруға арнайы ұнтақ тәрізді концентраттар (энпиттер, инпитан, овалакт, унипиттер) қолданылады. 45-50С-ге дейін қыздырылған тағамды 100-250 мл көлемінде баяу еңгізеді. Бірінші тамақтандыру – 100 мл. Тағамды еңгізгеннен кейін 20-40 мл жылы су еңгізіледі. Одан басқа зонд арқылы дәрі еңгізуге болады.
Организмнің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін басқа әдіс- парентералді тамақтандыру. Бұл әдіс жағдайы ауыр науқастарда немесе ауыз арқылы тағам қабылдау көрсетілмеген жағдайларда (ішектің ауыр қабыну процесі; зондпен тамақтандыру асқынуларға әкеп соғатын жағдайда т.б.) қолданылады.
Көк тамырға еңгізу үшін аминоқыщқылдардың дайын жиынтықтары (полиамин, аминофузин, аминостерил т.б.), инсулин қосылған (3-4 г. глюкозаға 1 бірлік) (5-50%). Сонымен қатар, минеральды заттар, витаминдер тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет