ШЕШЕК Анықтамасы. Шешек ( натуральная оспа, Variola vera ) – жоғары контагиозды қасиетімен, ауыр ағымымен, қызбамен, жалпы улану симптомдарымен, бөртпемен сипатталатын вирусты инфекция. Қазіргі уақытта табиғи жағдайда шешек қоздырғышы кездеспейді.
Тарихи мәліметтері. Адамдар шешекті 5000 жыл бұрын білген. Шешектің іздері Рамзес V фараонның мумиясында қалған (бұл ғасырға 3000 жыл дейін). Індеттер барлық елдерде болған. Эдвард Дженнер сиыр шешегінің қоздырғышын адамдарға еңгізген кезде олар бұл аурумен жеңіл түрінде ауырып шешекпен ауырмайтынын дәлелдеді. 1-ші вакцина 1796 ж маусымның 17 жұлдызында жасалған. 1958 ж. Бүкіләлемділік денсаулықсақтау ассамблеяның XI сессиясында Совет одағының ұсынысы бойынша бүкіл әлемде шешекті аластуға бағдарлама қабылданып шешек эпидемиясына қарсы күрес басталады. 1977 ж желтоқсанның 26 жұлдызында Сомалида соңғы ауру тіркелді.1980 ж. әлемде шешектің жойылғанын ресми жариялаған. Бүкіл әлемде вирустың 2 зертханасы қалдырылған: Мәскеуде және Атлантада, қалған жерде олар жойылған.
Этиологиясы.Вирустың 2 түрі анықталған: Variola major – шешектің қоздырғышы, және Variola minor – аластримнің қоздырғышы. Аластрим – жеңіл ағымымен сипатталатын шешек. 2 вирустың биологиялық және антигендік қасиеттері бірдей. Шешектің қоздырғышы – поксвирус тұқымдастығына жатады. Бұл ірі вирустар, вирионның көлемі 200-320 нм. Құрамында РНҚ бар.
Сыртқы ортада тұрақты, вирусты мұзды немесе лиофилизді жағдайда сақтайды.
Эпидемиологиясы.Аурудың көзі –науқас адам. Контагиозды қасиеті 1 күн бөртпе пайда болғанға дейін басталып қабыршақтың әбден түскенге дейін сақталалады. Берілу жолы – аэрогенді. Алғашкы кезеңде вирус мұрын тамақтың шырышты қабатында сосын бөртпелердің ішінде сақталады. Бірақ контакты, инокуляциялық, трансплацентарлық жолдарымен жұғуы мүмкін. Вирус киімге, төсеккке түсіп кепкен түрінде айлар бойы сақталады. Сол себептен науқас жатқан бөлменің ауасын тазартып тұру кажет.
Патогенез және патанатомиясы. 1.Вирустың кіру қақпасы жоғары тыныс жолдардың шырышты қабаттары.
2.Вирустың біріншілік көбею жері – лимфа түйіндері мен бауыр.
3.Сосын біріншілік вирусемия дамиды. Вирус мононуклеарлы фагоциттердің ішінде көбееді. Бұл сатылары жасырын кезеңге сәйкес келеді. Аурудың көрінісі екіншілік вирусемиядан басталады.
4.Екіншілік вирусемия әсерінен жайылмалы түрі дамып, гематогенді жолдармен вирус теріге еніп терілік тамырларының эндотелийін зақымдап ісік, периваскулит, некроз шақырады. Қабыну үрдісі терінің терең қабаттарын зақымдап тыртықпен аяқталады.
Аурудың ауыр жағдайларында тромбогеморрагиялық синдром дамып (қара шешек) науқастың терісі, шырышты қабаттары, ішкі ағзалары қанталап тұрады. Іріңді-септикалық аскынулар қалыптасуы мүмкін: өкпе және т.б. ағзалардың абсцессі.
Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.