Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет198/251
Дата05.01.2023
өлшемі4,97 Mb.
#165022
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   251
Байланысты:
aa7506fd368fd4b5e408fb73eb60c40b

Асқынуылары: пиодермия, абсцесс, флегмона.
БЕЗГЕК
Анықтамасы. БезгекPlasmodium қарапайымдылармен шақырылатын, дұрыс интермиттерлеуші қызбамен, анемиямен, көк бауыр ұлғаюымен және аурудың қайталануымен сипатталатын жедел антропонозды трансмиссивті ауру.
Тақырыптың өзектілігі. Безгек өте кең тараған паразитарлық аурулардың бірі. 2 млрд-тан аса адам немесе планета тұрғындарының 30% артығы сырқаттану қаупіне ұшыраған. Ал олардың 500-600 млн жыл сайын осы қауіпті аурумен ауырады. Безгектен жылына 1,5-2,7 млн адам өледі. Оның 80% Африка елдерінің тұрғындары. Қазіргі уақытта бұл инвазия жер шарының 100-ден аса (ДДҰ, Женева, 1997; 2000) елдерінде тіркелді. ДДҰ сарапшыларының байқауынша безгектің таралуы әрбір аймақта қалыптасқан табиғи, әлеуметтік-экономикалық жағдайға тән. Ең пәрменді эпидемия ошақтары Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азияда, Орталық және Оңтүстік Америкада, Африканың тропикалық және субтропикалық бөліктерінде орналасқан. Белсенді ошақтар ТМД-нің кейбір елдерінде – Тәжікстанда, Әзірбайжанда, Өзбекстанда бар, ол аурулар Ресейде, Қырғызстанда және Қазақстанда кездеседі. Аталған жерлерде инвазияның кішкентай жергілікті ошақтары бар. Көптеген аймақтары да, оның ішінде бұрынғы Кеңес Одағының безгек өршіп тұрған республикаларында, безгекпен күресудің кең көлемді бағдарламасы іске асырылды, соның нәтижесінде безгек ареалы күшті қысқартылды. Безгекпен күресу сәтті өткен Еуропа, Солтүстік Америка аймақтарында бұл ауру ұмытыла бастады. Бірақ, 80 - әсіресе 90-жылдары безгекпен ауыратын эндемиялы елдермен қарым-қатынастың үдеуіне байланысты, ел ішіндегі эпидемиологиялық жағдай біраз нашарлады. Саяси және экономикалық тұрақсыздық, адами араластың күшеюі және оны болдырмау шараларының әлсіреуі т.б. себептер жағдайды күрт қиындатты. Безгектің өршуі Азербайжанда, Тәжікстанда, Түркияда орын алды. Сырқаттану Грузияда, Ресейде, Молдовада, Арменияда, Өзбекстанда және Қазақстанда да тіркелді. ДДҰ-ның (Женева, 2000) ресми деректеріне сәйкес аталған елдерде 1997ж. 78000-ға жуық безгек тіркелген. Соңғы жылдарда Евразияда безгектің эпидемиялық процесінің негізінен басқа жерден әкелетіні анықталды. Бұрын сәтті болған аймақтарда (Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан) және бұл жағынан тұрақты сәтсіз, эпидемиялар болып тұратын, жергілікті дау-жанжалы көп, халықтың жаппай көші - қоны кездесетін (Әзірбайжан, Тәжікстан, Түркияның оңтүстік шығысы) аудандарда жанданғаны байқалады. Осыған байланысты 1998 ж. ДДҰ «Безгекті кейін қайтару« (БКҚ) деп аталатын, әрі бұл инвазиямен күресудің күрделі шараларын қамтитын ауқымды бағдарламаны қабылдады. ДДҰ-ның Еуропалық бюросы 1999 ж. аймақтық, оның ішінде Орта Азия мен Кавказда безгекпен сырқаттануды төмендетудің стратегиясын жасады. Ол бұл инвазиямен сырқаттылықты эпидемиялық аймақтарда төмендетуді, кейбір жерлерде (Армения, Түркмения, Қазақстан) толық жоюды көздейді. БКҚ-дың аймақтағы түпкі мақсаты безгектің таралу жолдарын болдырмау, ал 2010 жылы тропикалық безгекті мүлдем жою.
Қазақстан эндемиялық аймақтардан безгектің келуіне, оның біртіндеп орналасуына, яғни жергілікті жерлерде аурулардың пайда болуына байланысты бағдарламаны іске асыруға ат салысуға келісім берді. Мысалы, 1968 жылдан бастап, Қазақстанда безгек тіркелген жоқ. Ауғанстаннан әскери адамдардың қайтуына байланысты 70 жылдың аяғында 80 жылдар басында ғана эпидемиологиялық жағдай нашарлай бастады. Ал ал 90 жылы безгекпен ауыратын эндемиялық елдермен қатынастың орнауына байланысты жағдай қайтадан қиындады (Ф.Б.Бисмильдин, Ж.Ж.Шапиева, 2001). Сырқаттылықтың ең жоғарғы көрсеткіші 1996-1998 жж. байқалды.
ДДҰ-ның Еуропалық бюросы сарапшыларының пікірінше Орта Азияның 11 еліне ТМД-ны қосқанда, безгек қайта оралуы мүмкін. Қазақстан, Грузия мен Өзбекстан безгектің әкелу көлемі өсіп келе жатқан және аздаған жергілікті аурулары бар елдер қатарына жатады. Бірақ Қазақстанда төмендегідей безгек масаларының түрлері болғандықтан (An. messеae, An. pulcherrіmus, An. clavіger, An. superpіctus, An. mаrtіnіs, An. ¿yrcanus) және республиканың көптеген аймақтарындағы қолайлы табиғи – ландшафтық жағдайдың, халықтың шаруашылық - экономикалық дәстүрінің (күріш – мақта егу) болуы безгектің біржола қалыптасуына жағдай жасайды. Әрине мұндай жағдай ешбір жедел және екпінді қимыл - әрекет қолданбаса іске асуы әбден мүмкін.
Безгек негізінде Тәжікстаннан, Әзірбайжаннан және кейбір алыс шетелдерден (Индия, Пәкістан, Түркия, Ауғанстан) келеді, оған қазақстандықтар (49%) және шетелдіктер (51%) қатынасады. Анықталған аурулардың жартысынан көбі (65%) басқа елден келген босқындар, саудамен айналысатындар, жұмыссыздар және студенттер. Біздегі сырқаттанғандардың көпшілігі Ауған-Тәжік шекарасында болған әскери қызметкерлер.
Қазақстанның Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқа жерлері біркелкі безгекке қолайлы аумақ болып саналады. Онда безгектің қайта оралуына, орналасуына қолайлы жағдайлар бар. Аса қауіпті аймаққа Қазақстанның оңтүстік облыстары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет