Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Клиникасы.  Е вирусты гепатиті клиникалық көрiнiстерi бойынша А вирусты гепатитке ұқсас



Pdf көрінісі
бет262/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Клиникасы
Е вирусты гепатиті клиникалық көрiнiстерi бойынша А вирусты
гепатитке ұқсас.
 
Инкубациялық кезең 10-60 күн (көбінесе 30-40 күн). Әдетте ауру бiрте-бiрте 
басталады. Сарғаю алдындағы кезең 1-9 күн. Аурудың негiзгi белгiлерiне әлсiздiк, 
немқұрайлық, тәбеттiң болмауы, жүрек айну, құсу жатады. Науқастардың көбiсi 
эпигастрий аумағындағы және оң жақ қабырға астындағы ауру сезiміне шағымданады. 
Дене қызуы сирек жоғарылайды әдетте 38º С-ден жоғары емес. Сарғаю кезенiнiң ұзақтығы 
1-3 апта. Вирусты А гепатиттен ерекше сарғаю пайда болған кезде интоксикация белгiлерi 
жоғалмайды. 
Е гепатиті көбiнесе жеңiл және орташа ауыр түрде өтiп, сауығумен аяқталады. 
Бiрақ кейбiр науқастарда (әсiресе, ересек адамдарда) Е гепатиті ауыр және фульминантты 
түрде өтiп, жедел бауыр жетiспеушiлiгiне әкеледi де өлiммен аяқталады. Е гепатиттiң 
ауыр ағымына эритроциттер гемолизiнiң нәтижесiнде дамыған гемоглобинурия, содан 
кейiн дамитын жедел бүйрек жетiспеушiлiгi және диссеминацияланған тамыр iшiлiк 
қанның ұю синдромы тән. Е гепатиті және созылмалы вирусты В гепатиттiң 
суперинфекциясы аурудын қолайсыз ағымына әкеледi. Бұл кезде өлiм көрсеткiшi 75-80% 
құрайды. Одан басқа жүктi әйелдерде (әсiресе III триместрде) жеңiл ағыммен (3,9%) 
салыстырғанда орташа ауыр (67, 9%) және ауыр (28,2%) түрлерi жиiрек кездеседi. 
М.О.Фаворов, Е.С.Кетиладзе, К.А. Мартынованың мәлiметтерi бойынша (1987ж.) Е 
гепатиті жүктi әйелдердiң 20-25%-де фульминанттi түрде өтiп, жоғары өлiм көрсеткiшiне 
әкеледi. Жүктiлiктiң II-III триместрiндегi Е гепатитінiң өлiм көрсеткiшi В гепатитімен 
салыстырғанда 25-30 есе жоғары. Сарғаю пайда болысымен интоксикация белгiлерi бiр 
күннiн немесе бiрнеше сағат iшiнде күрт күшейедi. Фульминантты гепатиті жүктiлiктiн 
үзiлуiне (түсiктер, ерте босанау), 1-2 тәулiк iшiнде бауыр-клеткалық команын дамуына, 
босану кезiнде қан кетуге әкеп соғатын айқын геморрагиялық синдромға, ұрықтың 
антенатальды өлiмiне акеледi. 
Жүктiлiк босанумен аяқталғандада нәрестелердiң жартысынан көбi бiрiншi ай 
iшiнде өлетiнi туралы айту керек. 
Реконвалисценция 
кезендi 
1-2 
ай 
созылып, 
клиникалық-лабораторлық 
көрсеткiштер болу қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет